ГЛОССАРИЙ
Талқылауға арналған сұрақтар:
Антропология нені зерттейді?
Этнология нені зерттейді?
Этностың негізгі белгілері қандай?
Этногенез дегеніміз не?
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
этностың қалыптасуы.....
........ факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы...
Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…
Бұл оқиғаның/өзгерістің тарихи маңызы зор болды, өйткені...
Антропология және антропогенез
Антропология
Палеоантропология
Антропогенез
Қазбалардан табылған сүйектер негізінде адамның биологиялық түрінің шығу тегі мен эволюциясын зерттейді
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Антропогенез
1. Адамның пайда болуы мен оның түр ретіндегі эволюциясы
2. Палеоантропология пәні
Антропология – биологиялық ғылым. Ол адам денесін, бас сүйегін,
жасын, жынысын, өзгергіштігін зерттейді.
Археология – әлеуметтік ғылым. Ол адамдардың тұрағын, пайдаланған
құралдарын зерттейді.
Антропология және археология
Антропология және гендік география
Гендік география – дүниежүзінің әр түрлі аймақтарындағы генетикалық
белгілердің таралуын зерттейтін ғылым.
Этнос және этнология
Этнос – халық немесе ұлт дегенді білдіреді
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Этнос – ортақ өзіндік атауымен, өзіндік сана – сезімімен, шығу тегінің ортақтығымен, тілімен, мәдениетімен, шаруашылық түрлерімен, менталитетімен бірігетін және өзін осындай басқа қауымдастықтардан ерекшелендіретін адамдардың әлеуметтік қауымдастығы.
Этнос – қандық-туыстық емес, мәдени – тілдік қауымдастық. Этносты ортақ мәдениет, өмір салты, салт –дәстүр біріктіреді.
Этностар мен этникалық қауымдастықтарды (этнос болып қалыптаспаған тайпалар), этникалық үдерістерді зерттейтін ғылым – этнология деп аталады.
Этностың шығу тегі және оның өткен уақыттағы дамуы - этногенез деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |