ГУЛАГ, Еңбекпен түзеу лагерьлері мен жер аударылғандар қоныстарының және қамау орындарының Бас басқармасы – КСРО-да 1934 – 56 жылдары айыпталушылардың жазасын өтеу орындарына басшылық еткен Ішкі істер халық комиссариатының бөлімі.
Қарамағында 53 лагерь болды. 1930 жылы Кеңестік жүйедегі осы еңбекпен түзеу жүйелерінің пайда болуындағы тарихымыздың ақгандақ беттерінің ең ауыр кезеңі Сталиндік дәуірмен тыгыз байланысты. Болашақ ГУЛАГ-тың алғашқы ошақтары КСРО территориясында 1930 жылы тікелей Сталиннің бұйрығымен пайда болып, көп ұзамай бұл лагерьлер алып азап империясына айналды. 1921-53 ж.ВЧК(БТК), ОГПУ, НКВД (ІІХК), МВД (ІІМ) органдары соттаған 4,1 миллион адам сонда қамалды. Олардың 800 мыңдайы атылды, 2,6 млн-нан артығы түрмелер мен лагерлерге қамалып, 400 мыңдайы жер аударылды. 1930-53 жылы КСРО еңбекпен түзеу лагерлерінде болған 6,5 млн адамның 1,3 млн-ы саяси тұтқындар деп есептелген. Тағы бір, 1938 жылы 1 сәуіріндегі, деректе осындай зұлмат қамытын киген 2 млн адамның көбі дерлік не саяси, не қылмыстық айыпкер емес, қарапайым еңбек адамдары, отбасы мүшелері, үй шаруасындағы әйел адамдар, бала-шағалар, 1937— 38 жылдардағы «Үлкен террордың» құрбандары еді. Олардың көбі дерлік, саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардықтан, «халық жаулары» саналды. «Тәртіп бұзушылар» қатаң жазаланды. Құқықтары аяқ асты етілді. 1956 жылға дейін Гулаг лагерьлерінде жалпы саны 22 млн адам, оның ішінде - 830 мың орыс, 181 мың украин, 44 мың белорус, 25 мың татар, 24 мың өзбек, 20 мың еврей, 18 мың неміс, 17 мың қазақ, 16 мың поляк, 12 мың грузин, 17 мың армян, 9 мың түрікмен, 5 мың башқұрт, 4 мың тәжік, басқа да 100-ден астам кеңестік ұлт өкілдері осындай зұлматтан өтті.