А.Л.Ж.И.Р. (орыс. Акмолинский Лагерь Жён Изменников Родины - Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) - cонау 1937-ші жылы ІІХК-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті.
Ең сұмдығы – мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды. Ол Қарағанды лагерінің ("Карлаг") 26 бөлімшесі ретінде қазіргі Астана қаласының оңт. батысында , Төңкеріс (Малиновка) елді мекенінде КСРО Ішкі Істер Халық Комиссариатының (НКВД) 1937 ж. 5 тамыздағы 00486 бұйрығы негізінде құрылған . КСРО ОАК-нің 1934 ж. 8 маусыымдағы қаулысына сәйкес "отанын сатқандардың" отбасы мүшелеріне 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 5 жылғаСібірдің аудандарына жер аудару жазасы берілген . Алжир лагері 30 мың га жерді алып жатты. Оның Қарағанды , Ақмола өңірінде бірнеше бөлімшелері болды. Алжир тұтқындары егін екті , мал бақты, құрылыс жұмыстарымен айналысты . Ұлы Отан соғысы жылдары Алжирде 8 мыңнан астам тұтұын әйел ұсталды. Лагерде КСРО мемл. Басшыларының, әскери қолбасшылардың әйелдері мен жақын туыстары , Қазақстан басшы қызметкерлерінің әйелдері мен балалары , жаұын туыстары жапа шекті . Онда маршал М.Н. Тухачевская, А.С. Енукидзенің әйелі мен қызы , С. Сейфуллиннің әйелі Гүлбахрам, Б. Майлиннің әйелі Күнжамал , Т. Рысқүловтың әйелі Күләндам, С. Мендешовтың әйелі Рәзия, Т. Жүргеновтың әйелі Дәмеш, С.Асфендияровтың әйелі Рабиға Майнұр Сармолдаева және т.б. көптеген қазақ азаматтарының әйелдері , аяулы аналар « жазасын өтеді». Лагерге анасымен түскен сәбилер 2- 3 жасқа жеткен соң аналарынан айырылып алынып , балалар үйлерінің «тәрбиесіне» берілді. Алжир 1950 жылдың басында таратылып, оның тұтқындары басқа лагерге ауыстырылды.,мерзімін өтегендер босатылды. Бірақ 1956-57 ж. Саяси репрессия құрбандары ақтала бастаған кезге дейін олардың көпшілігі тұрған жерлеріне қайтып оралуға құқы болмады. Алжир тек 80-жылдардың соңында ғана ашық айтылып , жазыла бастады. Ол жөніңде деректі «АЛЖИР» фильмі түсіріліп, «Кебенек киген арулар» пьесасы жазылған.