«Қазақстандағы ұлттар достастығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Мәтінді тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл - Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Аталған мерекенің мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлттардың бірлігін сақтау. Жыл сайын мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт өкілдері қазақ жерінде тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Қазақ халқы елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алады. Олардың қазақ жеріне қоныстанып, өмір сүруіне жағдай жасады.
Мерекеде әрбір ұлттық-мәдени орталықтар ән айтып, би билеп, өз дәстүрлеріннен көріністер көрсетеді. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
1-тапсырма.Төмендегі қиықшаға мәтін бойынша 2 негізгі ақпаратты орналастырыңыз.
2-тапсырма. Берілген сұрақтарға 1 сөйлеммен жауап беріңіз. 1-мамыр күні Қазақстан Республикасында қандай мереке тойланады?
___________________________________________________________________________________
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
___________________________________________________________________________________
Қазақ халқы өзге ұлт өкілдеріне қандай жағдай жасады?