Қазақстандағы отбасылық медиацияның нормативтік



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата24.11.2023
өлшемі245,19 Kb.
#193456
1   2   3   4   5
Байланысты:
отбасылык мед

Түйін сөздер:
 
медиация нституты, отбасылық медиация, медиатор, нормативтік
-
құқықтық 
ереже, дауды реттеу, екі тарап, Қазақстан Республикасы, шетелдегі медиация 
 
Медиация –
қоғамдағы даулы мәселелерді, соның ішінде азаматтық және қылмыстық 
істерді реттеудің бейбіт әрі тиімді тәсілі. Қазақстанда медиация институтын дамыту даулар мен 
жанжалдарды реттеуге мүмкіндік береді, оған мәселен мемлекеттік, оның ішінде саяси 
мәселелерден бастап, еңбек, азаматтық, экономикалық, отбасы ауқымына дейін қамтылады.
Жалпы ағылшын тілінде медиация –
(alternative dispute resolution, ADR) даулардың альтернативті 
реттеу технологиясы болып табылады, яғни үшінші тұлғалардың қатысуымен дау мәселелерін 
шешу. Бұл жағдайда медиатор тарабы, екіжаққа тәуелсіз болып келеді. Ежелгі Рим, Ежелгі Греция 
елінде дау мәселелерін делдалдық қатынастар арқылы шешкен. Рим халқы «делдал» ұғымын 
әртүрлі терминдермен пайдалана білді: «internuncius, medium, i
ntercessor, philantropus, interpolator, 
conciliator, interlocutor, interpres, mediator» [1; 159]. 
Соңғы жылдары отбасылық медиацияны басқарудың түрлі әдістері қарқынды дамуда. 
Еуропалық елдердің көпшілігі отбасылық медиация туралы заңдар қабылдаған. Шетелде медиация 
рәсімінің әр сатысы 4 кезеңмен жүзеге асырылады: 
1) Медиациялық алаңды орнатумен ерекшеленеді. Рәсімнің басталуы екі тараптың 
қатысуымен
бірлескен отырыс (жағдайларды, дауды және тараптарды алдын
-
ала медиацияға 
тарту). Медиатор екі жақпен де басынан бастап бір
-
бірімен қарым
-
қатынас орнататып, 
тараптармен келіссөздер және шешімдер қабылдауда өзі жол бастауы керек. 
2) Мәселелерді айқындап, оны түсіндіру. Бұл отырыстың екінші кезеңінде әр тарап 
медиатормен бөлек, жеке сұхбат жүргізеді. Негізгі мақсаты 

әрбір тарап медиаторға дауды 
реттеудегі мақсаттары мен ұсыныстарын жеткізеді, оңаша уақыт аяқталғаннан кейін, медиатор 
кері байланыс пікірінде тағы да айтылмаған ойларын сұрайды. Медиатор медиацияның 
талаптарына қайшы келмеуі керек. 
3) Мәселелерді зерттеу. Зерттеу кезінде бірлескен кездесу ұйымдастырылады. Мұнда 
медиатор тараптардың мәселелерін, мақсаттары мен сезімдерін қысқаша баяндайды. Медиатор екі 
жақтың әрқайсысының айтқан мәселелерінің негізгі аспектілерін қорытындылайды. Сонымен 
қатар, медиаторға екі тарап келіспеуі де мүмкін. Медиатор келіспеушіліктердің ықтималдығын 
мойындайды, сол арқылы өз пікірін тыныш және қауіпсіз ортада және тиісті кезеңде 


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 
4(80), 2019 
179 
заңдастырады. 4) Келісімді қамтамасыз ету. Медиация рәсімін келіссөздерден және 
психологиялық тұрғыдан барынша тиімділікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл процестің 
бастамасы, ол біртіндеп тараптар арасындағы тәртіпті және үйлестіруді қалыптастыра бастайды 
[2; 725]. 
Сонымен, медиация әлеуметтік, саяси, құқықтық дауларды төмендетуге мүмкіндік береді, 
өйткені оның басты қағидаттары –
бұл тараптар (азаматтар) үшін өзара тиімді келісімге қол 
жеткізу, дау
-
дамай
деңгейін төмендету және төзімділік және бір
-
біріне құрмет рухында тәрбиелеу. 
Бәрімізге белгілі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты 
мақаласында Үкіметке медиация институтын дамытуға бағытталған заңға бағынышты құқықтық 
база қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырды, сондай
-
ақ, ол медиация құрылымдарын ұлттық 
және жеке компанияларда құру керектігін атап көрсетті 
[3; 1-2].
Қазақстанда
медиация институты 2011 жылдан бері жұмыс істейді, алайда көптеген 
азаматтар үшін оның мәні түсінікті емес, кейбіреулері әлі де білмейтіні жасырын емес. Осыған
орай, медиацияны кеңінен түсіндіру үшін БАҚ жұмыс істеуде. Алайда, қазіргі нәтижелер жаман 
емес. Медиацияның жұмыс істеу жүйесі –
дауларды реттеудің өзге де баламалы (мемлекеттік 
емес) технологияларымен қатар дамыған азаматтық қоғамның қажетті белгісі,
экономикалық 
айналымның кемелденуі мен тұрақтылығының көрсеткіші болып табылады. 
Қазақстан
Республикасы осы 2019 жылдың тамыз айында Сингапурда өткен БҰҰ
-
ның 
Медиация туралы конвенциясына қол қойды. Әлемнің 70 елінен қатысқан бұл кездесуде 46 
мемлекет Конвенцияға қол қойды, соның ішінде Австралия, Қытай, АҚШ, Швейцария, Оңтүстік 
Корея, Жапония, т.б. Мұнда тараптар медиация шарасын белгілеп, өздерінің келісімдері бойынша 
жұмыс істейді. Сонымен қатар, олар құқықтық және заңдық емес мәселелерді де талқылап, даудың 
оңтайлы шешімін бірлесіп шешетін болды. 
Халықаралық Конвенция болғандықтан, ең алдымен 
тараптар халықаралық сауданы ілгерілетудің және сауда дауларын шешудің балама және тиімді 
әдісі ретінде медиацияны маңызды құрал
ретінде қолданылу
қажеттігін
айтты. 
2016 жылы Нұрсұлтанда Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отырысында 
республикалық Қоғамдық келісім кеңесі мен Жоғарғы Сот арасында медиация институтын дамыту 
жөніндегі екіжақты меморандумға қол қойылған
болатын. Бүгінде мұндай шара аймақтық 
деңгейде тіпті, аудан, ауылдық жерлерде жүзеге асуда. Бұл меморандум барлық облыстық соттар 
мен әкімдіктер арасында заңды түрде бекітілген. Оның аясында азаматтарға дауларды сотқа 
дейінгі және соттан тыс реттеу жөніндегі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тіпті медиа
-
жоспар 
қабылданып, әр елді мекендерде медиация кабинеттері ашылып, халыққа қызмет атқаруда. 
Сонымен қатар, кәсіби емес медиаторлардың
рөлін күшейту секілді бірқатар маңызды шараларды 
жүзеге асыру қарастырылған. Қазіргі уақытта медиация институты қоғамда және кәсіби заңгерлер 
тарапынан қолдау тауып отырғаны белгілі. Еліміздегі кәсіби емес медиаторлардың саны бүгінде 
кәсіби медиаторлардың санынан екі есе артық екенін атап өткен жөн. Осыған байланысты 
медиаторлардың осы санатының кәсіби шеберлігі мен іскерлігін арттырудың объективті 
қажеттілігі бар. Бұл өз кезегінде жалпы қоғам өміріндегі осы әлеуметтік институттың рөлі мен 
маңызын арттыруға әсер етпейді.
 
Кәсіби медиаторлар ақылы және ақысыз түрде қызмет көрсете 
алады. Кәсіби еместер тек қана ақысыз түрде көрсетеді, кәсіби медиатор өзінің қызметі үшін, 
дауласушы тараптарды бітістіргені үшін ақы алады. Олар 

халыққа қызмет көрсету 
орталықтарында, жергілікті әкімдіктің жанынан орналасқан медиаторлар. 
Медиацияның қызметін сапалы ету мақсатында отставкадағы судьяларды кәсіби медиатор 
ретінде жұмысқа тартуда. Мәселен, 2015 жылы 5347 іс медиаторлардың көмегімен шешілсе, 2016
жылы
бұл көрсеткіш 9394
-
ке жеткен. Расында да, қазірде көп ілгерілеушілік бар. 2018 жылдан 
бастап, «Нұр Отан» Партиясы мен Кәсіподақтар Федерациясы «татуласу орталықтарын» ашты. 
Кәсіподақтар Федерациясы Қазақстанның барлық облыстарында орталықтар ашты. Сонымен 
қатар, «Нұр Отан» партиясы 4 қалада пилоттық жобамен медиативті жобаны қолдап, халыққа 
қызмет етуде. Басты мақсаттары 

қоғамдағы әлеуметтік даулар, жанжалдарды төмендету және сол 
дауларды медиация арқылы шешу. Меморандумға қол қойғаннан бастап, 2000 мыңнан астам 
шағымдар келген, оның ішінде 980
-
і еңбек даулары. Медиация арқылы 800
-
і шешілген. Орталықта 
мамандар медиаторлық әдістерді қолдану арқылы дауларды реттейді. Заңгер сол даудың заңды 
болуына, ал психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер әлеуметтік
-
психологиялық әңгімелесуге, 
олардың мінез
-
құлқын бір қалыпқа келтіруге көмектеседі. Дауларды медиация арқылы сотқа 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет