Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №
4(80), 2019
181
АҚШ
-
та, Канада мен Англияда сот арқылы қаржыландырылатын медиация өте көп.
Кейбір мемлекеттерде даудың тек 2%
-
ы тек сот шешімімен шешіледі. Медиацияға көптеген
жағдайлар жіберіледі, медиация алаңында даудың 70%
-
ы шешіледі. Қалған 30%
-
ы сот процесіне
қатысады, көбінесе медиация барысында басталған процесс нәтижелі болады [6; 45]. Көріп
отырғанымыздай, шетелде медиацияны қоғамда қалыптастыру маңызды рәсім, демек, азаматтар
арнайы медиациялық орталықтарға келіп, дау
-
жанжалдарын оңай реттеп, шеше алады. Деректерге
сүйенсек, қазіргі замандағы отбасы тұрақсыздығының себептерін респонденттердің жас
ерекшелігі тұрғысынан қарастырсақ әртүрлі келеді: әрбір үшінші (32,2%) жас респондент (18
-
ден
30 жасқа дейін), әрбір төртінші (25,5%) орта жастағы респондент (31
-
ден 45 жасқа дейін), әрбір
бесінші (21,4%) егде жастағы респондент (46
-
дан 60 жасқа дейін), тек әрбір алтыншы (15,9%)
жоғары жастағы респондент (61 жастан жоғары) ажырасу санының артуын отбасы типінің өзгеруі
аясындағы әлеуметтік белсенділік және экономикалық жағдайлармен байланыстырады
[7; 31-32].
Көбінесе отбасындағы даулар түсінбеушіліктен, қаржы тапшылығынан туындайтынына тағы көз
жеткіздік.
Қорытындылай
келе, бүгінде Қазақстандағы кейбір отбасыларында әке мен баланың, анасы
мен қызының, ағайын мен туыстың,
көршілер мен дос
-
жарандар арасындағы дау
-
дамай, жанжал
өршіп тұр. Оның арты үлкен дау мен алауыздыққа әкеледі. Көбінесе азаматтар заңгерлерге,
адвокаттарға талап арыз жазу немесе мүдделерін білдіру үшін алдына келгенде, екі тарап дауды
бейтарап тұлға
-
медиатордың көмегімен реттеу мүмкіндігі туралы біле бермейді. Ресми соттың
алдына келіп, жеңіске не жеңіліске түскеннен кейін азаматтардың көпшілігі бауырымен,
ағайынымен, досымен әрі қарай араласпайтыны түсінікті, сондықтан да медиацияға жүгінгенде
медиатор екі тараптың арасындағы дәнекер ретінде даулы мәселелерді рет
-
ретімен, тату түрде
шешуге көмектеседі. Өкінішке орай, соттар медиаторға жүгіну құқығын түсіндірмейді, тек дауды
бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін формальды түрде айтады. Осы салада халықтың сауаттылығын
арттыру және түрлі отбасылық дауларды шешу тәсілі ретінде медиацияға деген сұранысты
қамтамасыз ету үшін әлі де біраз нормативтік
-
құқықтық ережелерді азаматтарға кеңінен түсіндіру
керек.
Достарыңызбен бөлісу: