«НҰр отан» нақты істердің партиясы 1 Т. Есполов,



бет1/7
Дата01.08.2017
өлшемі1,7 Mb.
#22454
  1   2   3   4   5   6   7
Мазмұны:





«НҰР ОТАН» - нақты істердің партиясы

1

Т.Есполов, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі. Саяси доктрина–тәуелсіз еліміздің болашаққа бағдары//Егемен Қазақстан .- 2013.- 9 қазан. - 3 б.

3

2

У.Бишимбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты, Іс тетігі – маманда //Егемен Қазақстан .- 2013.- 17 қазан. - 6 б.

6

3

Қ.Бисенов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, съезд делегаты,Тарихи шешімдер қабылдаған съезд//Сыр бойы.-2013.-19 қазан.- 3 б.; //Ақмешіт апталығы.-2013.-24 қазан.-2 б.

8

4

Ә.Бектұрғанов, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, Серпін берген съезд//Егемен Қазақстан.-2013.- 24 қазан.- 2 б.

9










Қазақстандағы жоғары білім

5

М.Пархоменко, Биомедицина:на переднем крае //Казахстанская правда.- 2013.- 18 октября.- С.5

10

6

И.Игнатова, Быть инновационному кластеру: предложение о создании научно-образовательного и инновационного кластера в КазНУ им Аль-Фараби //Казахстанская правда.- 2013.- 18 октября.- С.6

11

7

З.Қодар, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры, Гендерлік білімнің жас тұлғаның қалыптасуына ықпалы//Егемен Қазақстан .- 2013.- 19 қазан.- 5 б.

12

8

М.Орлова, Перспективы инженерного образования: Казахстан представлен в Европейской федерации национальных инженерных ассоциаций //Казахстанская правда.- 2013.- 18 октября.- С.13

14

9

С.Әлібек, тарих ғылымдарының докторы, Болашаққа құлаш сермеген: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне 70 жыл //Егемен Қазақстан.-2013.- 23 қазан.- 7 б.

15

10

С. Ибраева, Вуз, устремленный в будущее: ЮКГУ им. М. Ауэзова, отмечает свой 70-летний юбилей //Казахстанская правда.-2013.-24 октября.- С. 7

17

11

А.Аканов, профессор, ректор Казахского национального медицинского уни-верситета им. С. А. Асфендиярова, Хартия на все времена: о международной конференции, посвященной 35-летию Алма-Атинской декларации ВОЗ/ ЮНИСЕФ //Казахстанская правда.-2013.-25 октября.- С. 15

19

12

У.Манбетеев, Поздравили академика: презентация книги об академике Надире Надирове, выпущенной в серии «Биобиблиография ученых Казахстана» //Казахстанская правда.-2013.-29 октября.- С.10

21

13

Л.Доброта, Научной школой славен вуз: ЮКГУ им. М. Ауэзова, отмечает свой 70-летний юбилей //Казахстанская правда.-2013.-30 октября.-С. 5

22

14

К.Конырова, Рассмотрены приоритеты развития образования и науки:диплом казахстанского вуза должен котироваться не только на родине, но и в любой другой стране мира //Казахстанская правда.-2013.-30 октября.-С. 1

24

15

Ю.Ли, Прошли Таймановские чтения: о научно-практической конференции «Совре-менная математика: проблемы и приложения», посвященной научно-педагогической деятельности академика Асана Тайманова //Казахстанская правда.-2013.-30 октября.- С.1,2

26

16

А. Батталова, Білімді дамытудың басым бағыттары: 2014-2016 жылдарға арналған Блім және ғылым саласы дамуының басым бағыттары туралы //Сыр бойы.2013.-31 қазан.-2 б.

27

17

К.Жолдасов, Образование не должно стоять на месте: о приоритетных направлениях в сфере образования и науки на 2014-2016 годы, //Кызылординские Вести.-2013.-31 октября.-С.1

29












Қызылорда облысының ғылымы, білімі

және мәдениеті


18

Г.Жалғасова, Білім мен ғылым ынтымақтастығы: Сыр еліндегі Қарағанды облы-сының өнері мен мәдениеті күндерінен //Сыр бойы.- 2013.- 17 қазан.- 1 б.

30

19

А.Батталова, Отан тарихын оқытудың жаңа қыры: облыс тарихшыларының семинар-кеңесі өтті //Сыр бойы.-2013.- 19 қазан.- 5 б.

31

20

А. Манабаева, Без прошлого нет будущего: о семинар-совещании на тему «Истори-ческая роль образования в формировании национального самопознания» //Кызылординские Вести.- 2013.- 19 октября.- С.6

32

21

Қ.Шарабадинов, Әріптестік жаңа жетістіктерге бастайды: Сыр еліндегі Қарағанды облысының күндері //Түркістан.-2013.-24 қазан.- 8 б.

33

22

Б. Бердібаев, Жаңа үлгідегі жатақхана: «Студенттік баспана» бағдарламасы аясында бой көтерді //Сыр бойы.-2013.- 26 қазан.- 1 б.

34

23

Б.Ажарбаева, Новоселье у студентов: построено в рамках программы «Студенческое жилье» //Кызылординские Вести.-2013.-26 октября.- С.5

35

24

К.Кетебаев, Все начинается с семьи: о семинаре по вопросам укрепления в обществе института семьи, семейных ценностей и традиций //Кызылординские Вести.-2013.-31 октября.- С. 1-2

36

25

А.Батталова, Дәстүрлі дініміздің берік діңгегі: «Дін және әйел» тақырыбында республикалық форум өтті //Сырбойы.-2013.- 31 қазан.- 1 б.

37

26

Б.Ажарбаева, Религия и женщина:духовные ценности и современные реалии: о республиканском форуме «Религия и женщина» //Кызылординские вести.-2013.-31 октября.-С.1

39






АКАДЕМИК АСАН ТАЙМАНОВ

27

Қ.Бисенов,Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Өнегелі өмір //Сыр бойы.-2013.-24 қазан.-3 б.

40

28

И.Тайманов, Асан Таймановтың ұлы, физика-математика ғылымдарының докторы, Ресей Ғылым Академиясының академигі, Әкемді ойлағанда... //Сыр бойы.-2013.-24 қазан.-3 б.

41

29

Қ.Сексенбаев, Букетов атындағы ҚарМУ профессоры,физика-математика ғылымдарының кандидаты, Ғылымдағы ұстазым //Сыр бойы.-2013.-24 қазан.-3 б.

42

30

Б.Н.Дроботун, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Әлемдік ғылымның шыңына шыққан адам //Сыр бойы.-2013.-24 қазан.-3 б.



43

31

С. Өтегенов, ҚР білім беру ісінің үздігі, Қызылорда қалалық ардагер-ұстаздар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Талантқа тағзым //Сыр бойы.-2013.-24 қазан.-3 б.

44

32

К.Бисенов, ректор КГУ имени Коркыт Ата, доктор технических наук, профессор, Жизнь, достойная подражания, //Кызылординские Вести.-2013.-24 октября.- С. 3

46

33

А. Нуртазин, доцент кафедры алгебры КазНУ имени Аль-Фараби, Человек глубочайших знаний //Кызылординские Вести.-2013.-24 октября.- С. 3

48

34

Б. Дроботун, Павлодарский государственный университет им. С.Торайгырова, город Павлодар, Истинный интеллигент //Кызылординские Вести.-2013.-24 октября.- С. 3

49

35

И. Тайманов, доктор физико-математических наук, академик Российской Академии иаук, Единственная опора //Кызылординские Вести.-2013.-24 октября.- С. 3

50

36

Н.Байгузов, доцент, ЗКГУ им. М.Утемисова, г.Уральск Педагог и ученый //Кызылординские Вести.-2013.-24 октября.- С. 3

51

37

Т. Дильман, доцент Кызылординского государсгеенного университета нменн Коркыта Ата, к.ф. м.н., Встреча в академгородке //Кызылординские Вести.-2013.-24 октября.- С. 3

54

38

Б. Бердібаев, Ғалымның ғибратты ғұмыры //Сыр бойы.-2013.- 26 қазан.- 5 б.

55




39

Әлемдік деңгейдегі әйгігі ғалым (Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың «Тайманов оқулары» конференциясында сөйлеген сөзі) //Сыр бойы.-2013.- 26 қазан.- 2 б.

57

40

Н.А. Шкаликова, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Сыр елін сағынып келдім

//Сыр бойы.-2013.- 26 қазан.- 5 б.



60

41

Ә.Төреқожаев, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ҰТУ–ң профессоры, ҚР Ұлттық инже-нерлік академиясының академигі, Нью-Йорк академиясының мүшесі, Ұстаздардың ұстазы //Сыр бойы.-2013.- 26 қазан.- 5 б.

60

42

Т.Б.Ділман, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Академиялық қалашықтағы кездесу //Сыр бойы.-2013.- 26 қазан.- 5 б.

61

43

Л.Мальцева, Памяти ученого//Кызылорда Таймс.-2013.- 31 октября.- С.6

63


Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерлері баспасөз беттерінде

44

С.Сахиев, Қоркыт Ата атындағы ҚМУ-дін Қазақстан тарихы, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы, саяси ғылымдарының кандидаты, Жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа сатысы //Халық.-2013.- 17 қазан.- 6 б.

65

45

Н. Шәкім, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің 2 курс студенті, Отандық көпсериалды киноның күні қашан туады? //Халық.-2013.- 17 қазан.- 8 б.

67

46

М. Әйтімов, Қорқыт Ата атыңдағы ҚМУ-нің филология ғылымдарының докторы, доцент:Қала көркі – ел мерейітақырыбына ой-пікірі //Ақмешіт апталығы.-2013.- 17 қазан.- 2 б.

68

47

Р. Доспаева, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-і кітапханасының бөлім меңгерушісі, Жан дауасы - кітап: «Бір ел-бір кітап» акциясы //Әлімсақ.-2013.- №10 (55).-36 б.; //Сыр бойы.-2013.-17 қазан.- 4 б.

69

48

Б.Жүрсінбаев, А.Оразбахов, Б. Еңсепов, У. Ибраев тарихшы-ғалымдар, Ақмешіт түбіндегі шайқас немесе бекіністі кімдер қорғаған? //Сыр бойы.-2013.- 19 қазан. -8 б.

71

49

М. Аңсатова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң профессоры, «Ақ босаға» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Әкімдерге жүктелер жауапкершілік көп //Халық-2013.- 23 қазан.- 10 б.

74

50

Н. Мыңжасов, «Сыр елі XXI ғасыр» қоғамдық бірлестігінің төрағасы: ҮЕҰ- Азаматтықтың мектебіндей болып қалыптасты тақырыбына ой-пікірі //Сыр бойы.- 26 қазан.- 4 б.

75

51

Ж. Есіркепов, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты,Тектілік тағылымы//Сыр бойы.-2013.-29 қазан.- 4 б.

76


ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА – ЭКСПО-2017


52

Ж.Әлімханұлы, Ғасырда бір берілетін мүмкіндік //Сыр бойы.-2013.- 19 қазан.- 5 б.

78


«НҰР ОТАН» - нақты істердің партиясы
Тілектес ЕСПОЛОВ, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі.

Саяси доктрина – тәуелсіз еліміздің болашаққа бағдары

Жаңа дәуірде қарыштап дамып келе жатқан тәуелсіз Қазақстан бүгінде әлемдік деңгейдегі мінбелерден көрініп, демократиялық құндылықтарға негізделген өзінің саяси бағыт-бағдарын айқындауда. Уақыт алға жылжыған сайын, заман талабына сай жан-жақты дамудың қазақстандық моделі қалыптаса бастады. Қазіргі уақытта үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын негізге алған мемлекетіміз, өзінің алға қойған міндеттері мен мақсаттарына жету жолында аянып отырған жоқ. Мұндағы басты қағидат – халықтың әл-ауқаты мен интеллектуалды білімін, ұлттық мәдениеті мен руханиятын көтеру. Бұл ретте еліміз егемендік алған жиырма жыл ішінде орасан жетістіктерге жетіп, өркениетті мемлекеттермен терезесін теңестіріп үлгерді. Сондықтан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты мен көрегендігінің шешуші рөл атқарып отырғанын баса айтуға тиіспіз.

Тамыры тереңде жатқан тағдырлы тарихымыздың өткеніне көз жүгіртсек, біздің қоғам көптеген қиындықтарды бастан өткергенін аңғарамыз. Алайда, біз кешегі күндерге «өткен уақыт» деп қана қарамай, тарихтан сабақ ала отырып, келешегімізді бағдарлауда бір идея төңірегінде жұмыла түсуге тиіспіз. Бүгінгі жаһанданған әлемде өз орнын айшықтаған Қазақстан өзінің алдына қойған өтпелі кезең міндеттерін ойдағыдай шешті. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2030» Стратегиясы барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуын қамтамасыз ететін нақты бағдарлама ретінде өткен ғасырдың 1997 жылы қабылданған болатын. Десек те, аталған стратегиялық бағдарламада белгіленген міндеттер 30 жыл ішінде емес, 15 жылдың ішінде, екі еседей жылдам мерзімде өз шешімін тапты. Өзгерген экономикалық және әлеуметтік шындыққа орай Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын ұсынды. Қазақстанның дамуына серпін беріп отырған осы екі құжат бір-бірінің заңды жалғасы, Елбасымыздың кемеңгер саясатының айқын көрінісі.

Президентіміз ұсынған бұл жаңа стратегия Қазақстан халқының кең қолдауына ие болып, өзінің көптеген артықшылықтарымен, маңыздылығымен ерекшеленді. Мемлекет басшысы белгілеп берген халық мүддесіне сай бастамалар мен жобаларды, қабылданған құжаттар мен өзге де көптеген игі істерді, жан-жақты жаңарту реформаларының ойдағыдай іске асуына «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы айтарлықтай үлес қосып келеді. Елдің ұзақ перспективалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындау мақсатында басқарушы партия болып отырған «Нұр Отан» енді өзінің жаңа «Нұр Отан». Нұрлы болашақ жолында» атты жаңа Саяси доктринасын қабылдамақ.

Жаңа Саяси доктринаның ерекшелігі – оның «Нұр Отан» партиясының қызметінің перспективалық міндетін айқындауында. Басқарушы партияның таяу мерзімдегі және ағымдағы міндеттері оның бағдарламасында белгіленген. Партияның жаңа Саяси доктринасының жалпыпартиялық талқылаудан өтіп, кезектен тыс ХV съезінде қабылдануы еліміздің әлеуметтік-саяси жаңаруы және эволюциялық тиімді дамуы үшін зәрулік деп білеміз. Осы орайда аталған құжаттағы міндеттемелерді жүзеге асыруда ел болып біртұтас жұмылуымыз керек. Сонда ғана Қазақстан өзінің дамуына бөгет болып отырған барлық кедергілерді, негативті факторларды жеңе алады. «Нұр Отанның» ХХІ ғасырдағы миссиясы жасампаздық миссия. Оның мәні – индустриалды Қазақстанды постиндустриялық дамыған мемлекеттер қатарына қосу, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті толықтай қалыптастыру.

Қазіргі уақытта еліміздің әрбір өңірі мен аймақтарында, әрбір ұжымдар мен жоғары оқу орындарында аталған маңызды құжаттың мазмұнын талқылап, оның мән-мағынасы мен болашақ үшін атқаратын шешуші рөлі төңірегінде түрлі басқосулар мен жиындар өткізілуде. Бұл қадамдар республикамыздағы ең қуатты да беделді саналатын «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының алдағы XV съезі қарсаңында ұтымды ұйымдастырылуда. Аталған Доктринаны таныстыру және талқылау жұмыстарының жүргізілу барысына, әсіресе, еліміздің білімді жастарының қатысып, өз ой-пікірлерін бөлісуі біздің қоғамның болашақ интеллектуалды әлеуетінің жоғары екендігін көрсетеді.Жуырда жыл басынан бері құрылған жұмыс тобының әзірлеген Доктрина жобасы жайлы, оның қоғамдағы рөлі мен маңызы туралы атқарылған істердің реті мен аталған саяси құжатты таныстыру және талқылау жұмыстары қорытындыланды. Атап айтсақ, Саяси доктринаны талқылау барысында жер-жерлерде «Нұр Отан» партиясының халықты қабылдау бөлмелері ашылып, бұл құжат ел көкейіндегі мәселелерді мейлінше толық қамтитын жоба ретінде құпталып, мақұлданып отырғандығы анықталды. Партияның ұсынып отырған Саяси доктринасының бір ерекшелігі – бірлік пен келісімнен кейінгі орында экономика мен саясаттан бұрын төл мәдениет пен руханият мәселесі қозғалып отырғандығында. Бұл ретте елдік мәселе алға шығып отырғанда зиялы қауым өкілдерінің атқарар рөлі ерекше болмақ.

Партия басшылығы Доктринаның ұстанған бағыты мен сүйенер құндылықтарына тоқтала отырып: «Партияның жаңа Доктринасы – уақыт талабы. Доктрина – мемлекеттің қазынасы мен ұлттық құндылықтардың сақталуына қызмет ететін басты құжат және партия мүшелері мен билік тізгініне ие болған саяси қайраткерлер ұстанатын негізгі құрал. Партияның әрбір мүшесі Доктринаға сүйеніп елге қызмет етуі тиіс. Аталған маңызды құжаттың әр тезисі болашақ үшін жазылған, ал болашақ – прогрессивті және бәсекеге қабілетті жастар. Партия жас қазақстандықтарға үміт артады, себебі, қазіргі жастар біздің бүгінгі бастамаларымызды жүзеге асырады», – деген тұжырым жасап отыр. Шынында да, Тәуелсіз мемлекетіміздің келешектегі бағыт-бағдарын айқындаушы құжат саналатын Саяси доктрина ең алдымен еліміздің жастарына тың серпіліс беріп, оларды тың идеялық ізденістер мен жаңа бастамаларға жетелейтіні хақ.Саяси доктрина адам факторына ерекше назар аударған. Ол үшін мемлекет адамға қызмет етуге тиісті. Демек, адамның біліміне, кәсіптік дайындығына, денсаулығы мен мәдениетіне басымдылық берілді. Дайындығы мықты маман кадрлар экономикадағы шешуші өндіруші күшке айналуға тиісті. Алдағы уақытта Қазақстан шикізат ресурстарына емес, адам ресурстарына сүйенетін болады. Зияткерлік ұлт қалыптастырудың өзекті түйіні осында. Еліміздің қуатты партиясы ретінде «Нұр Отан» білімді әрі белсенді азаматтарды тәрбиелеу мектебіне айналуға тиісті. Бұл ретте партиялық құрылымның барлық сатысындағы қызметінің тиімділігі бұрынғысынан да арта түседі деп білеміз. Жаңа Саяси доктрина бүкіл Қазақстан халқын Елбасының саясаты тұғырнамасында топтастыруға қызмет етеді. «Нұр Отан» ұйымдары елдегі өмір сапасын, экологияны, тұрғын үй мәселесін, өмір қауіпсіздігін, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіруді, жолдарды салу мен жөндеу сияқты азаматтардың игілікті өмір сүруіне қатысты мәселелердің ойдағыдай шешілуін қатаң бақылайды. Басқарушы партия ретінде әлеуметтік әділеттілік принципінің үстемдік етуіне, биліктегі жемқорлықтың барлық түрлеріне қарсы күрес ұйымдастыруға ықпал етеді.

Қазақстан өзгерудегі әлеммен бірге жаңару үстінде. Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс, Жер шарындағы экологиялық ахуалдың шиеленісуі, ислам елдерін шарпыған толқулар, батыс елдерін дүрліктірген «түрлі-түсті революциялар», әлеуметтік мәселелердің қиыншылықтары сынды қауіп-қатерлер, қалай болған күнде де Қазақстан халқының өміріне өз әсерін тигізуде. Әлемдегі осыншама қиыншылықтарға қарамастан, еліміздің қарыштап дамуға қол жеткізгені қуантады.

Партияның Саяси доктринасы оның қызметіндегі перспективалық, тағдырлық мәселелерді анықтап береді. Доктринада Қазақстан халқы нығайта беруге тиісті құндылықтар айқындалады. Олар: эволюциялық жолмен жаңа реформаларды іске асыру арқылы Қазақстанды үнемі өркендету; барлық күш-жігерді Қазақстан тәуелсіздігін нығайта беруге бағыттау; әділетті адам бостандықтарын қорғайтын, отбасын нығайтатын қоғам орнату; көпэтностық, көпдінді Қазақстан халқын қоғамдық, әлеуметтік келісім іргетасында біріктіру; заңның диктатурасын орнату және қоғамдық қатынастардың барлық салаларын заңмен реттеу; халықты топтастырушы, жаңалыққа бастаушы, елдің саяси-экономикалық даму саясатын айқындаушы тұлға Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегін үлгі тұту. Осы құндылықтар арқылы «Нұр Отан» партиясы ел халқын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құруға бастайды деп білеміз. Осы орайда Президент қолдаған құндылықтар арқасында ғана халқымыз Қазақстан көксеген «Мәңгілік Ел» идеясының іске асуына қол жеткізе алады деп сенеміз.

Бұл идея – ел егемендігінің мықты діңгегі болып, халқымызды бір шаңырақ астына жұмылдыруға үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. Сол себепті де партияның Саяси доктринасында: «Біздің басты жетістігіміз – еліміздің Тәуелсіздігі. Тәуелсіздік – еліміздің басты құндылығы. Біз бүгінгі жетістіктеріміздің қай-қайсысына да Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Сондықтан, Тәуелсіздік – біз үшін баға жетпес байлық! Мемлекет пен қоғамның бар күш-жігері Тәуелсіздікті нығайтуға арналуы тиіс. Осы мақсат үшін қызмет ету және мемлекетті қорғау – тарихтың, сондай-ақ, келешек ұрпақ алдындағы әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Мұны жас ұрпақ әрқашан жадында тұтқаны абзал. Тәуелсіз Қазақстан – біздің Отанымыз, біздің мақтанышымыз. Отанға деген сүйіспеншілігіміз туған елімізді өркениетті, дамыған ел ретінде қалыптастыруға деген мақсатымыздан байқалады. Сондықтан, әр азамат өз елінің өркендеуі үшін қолдан келгенше үлесін қосуы тиіс», – деп нақты жазылған. Қазақстан халқы осынау басты құндылығын дәріптеу арқылы өз болашағына даңғыл жол салуға тиіс.Қазіргі жағдайда алдағы дамуды Елбасы қоғамның барлық негізгі салаларын тепе-теңдікте дамыту кезеңі деп отыр. Қазіргі Қазақстан үшін экономикалық сала қандай маңызға ие болса, әлеуметтік, рухани салалар да соншалықты маңызды рөлге ие болып отыр. Сондықтан да біз инновациялық экономиканы сапалы білім мен озық ғылымға ғана негіздей отырып дамытуға бел шеше кірісудеміз. Инновациялық экономика әлемдегі ең озық жетістіктерді меңгеруге тәуелді екендігі белгілі. Ендеше, бұл істе адам факторы шешуші рөл атқармақ. Президенттің «Қазақстанның болашағы – сапалы білімде» деген ескертуі біздің Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымына да үлкен жауапкершілік жүктейді. Демократиялық және әлеуметтік өзгерістерге елеулі ықпал жасайтын бірден-бір – сала ғылым мен білім саласы. Бұл саланың дамуы Қазақстанның инновациялық экономика құрып, елдің шикізаттық сипатын жоюда шешуші рөл атқарады. Адам капиталын тиімді түрде іске қосу білім мен ғылымды өндіріске неғұрлым пәрменді енгізуге байланысты. Сондықтан Н.Ә.Назарбаев Мемлекет басшысы ретінде ғылым мен білімнің осындай маңызын бүкіл Қазақстан халқына терең ұқтыруға ұмтылды. Елбасы ғылым мен білімдегі реформалар мен өзгерістерді тікелей өзі басқарды. Президенттің бастауымен «Білім туралы» және «Ғылым туралы» заңдар қабылданды.

Президенттің мақсаты – ғылым мен білім дамуындағы әлемдік озық үлгілер мен тәжірибені Қазақстанға енгізу. Осы мақсатты орындау барысында елдің ғылымы мен білімі әлемдік ең дамыған үлгі – Болон процесіне енді. Қазіргі қызмет етіп отырған 136 университеттің 100-ден астамы Болон процесіне қосылу туралы қол қойды. Елдің жоғары білім жүйесі үш сатылы әлемдік жүйеге айналды. Қазір біздің елде бакалавриат, магистратура, докторантура, яғни үш сатылы білім ойдағыдай дамуда. Жоғары білімді реформалаудағы негізгі міндеттер шешілуде. Білім жүйесі елдің индустриялық өркендеуіне үлес қоса бастады. Бұрынғы өзін ақтамаған кеңестік білім жүйесі күн тәртібінен түсті. Кең байтақ Қазақстанның әрбір аймағында іске қосылып жатқан Назарбаев зияткерлік мектептері елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға және талантты балалардың бағын ашуда айтарлықтай пайдасын тигізе бастады. Елбасы білім мен ғылымды әлемдік деңгейге көтеру үшін оларды қаржыландыруды арттыру керек деп есептейді. Бұл ретте Мемлекет басшысы елдің бәсекеге қабілеттілігін оның сауаттылығымен байланыстырады.

Елбасының өзі басқарып отырған «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының жаңа Саяси доктринасы талаптары университеттің бастауыш партия ұйымын жаңа міндеттерді шешуге жетелейді. Қазақ ұлттық аграрлық университеті өз миссиясын зияткерлік ұлтты қалыптастыруға, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін жаңартуға және әлемдік білім мен ғылым кеңістігіне енуге белсенді атсалысу деп біледі. Сондықтан университет ұжымы жоғары білімді ұлтты тәрбиелеу мәселесін шешуде. Осы мақсатта ұлттық университеттің зерттеу университетіне айналуы шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Біз бүгінде еліміздегі 40-тан астам ғылыми-зерттеу институттарымен және зертханаларымен біріге отыра, агроөнеркәсіп кешенін жаңғыртудың тиімді жолдарын зерттеудеміз. Жұмыс барысында біздегі академиялық білім беру саласының еуразиялық және әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануы міндеттері қатарласа шешілуде.

Президент ұсынған ғылыми негізделген, қоғамдық шындықтарға жауап беретін саясаттың нәтижесінде Қазақстан жаңару жолына түсті. Қоғамдық қатынастар кешенінің барлық салаларының жаңаруын тәуелсіз Қазақстан жеткен ең шешуші табыс ретінде бағалауға болады. Сол себепті алдағы дамуда Елбасының саясатын толықтай және белсенді түрде қолдап-қуаттау әрбір қазақстандықтың парызы деп есептеймін.

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының жаңа Саяси доктрина қабылдауы еліміздің саяси алаңында, қоғамда партиялардың аса маңызды рөлге ие болып отырғанын, жетекші партияның жаңа жауапкершілік жүгін арқалап жатқанын айғақтайды. Саяси доктрина бұлжымайтын қағида, жол сілтейтін бағдаршам, адастырмас темірқазық екені анық. Онда Адам, Бостандық, Бірлік, Әділеттілік, Білім, Заңның үстемдігі, Отбасы және дәстүр, Болашаққа ұмтылыс сияқты негізгі құндылықтардың көрініс табуы өте орынды дер едім. Өйткені, саяси партия мемлекет пен қоғамның барлық саласында белсенді іс-әрекетке көшіп, нағыз халықтық партияға тән сипат танытады. Өркениетті әрі демократиялық елдерде саяси партияның рөлі мен маңызы орасан зор, ал Доктрина халық сеніп отырған партияның елді дамытудағы рөлін айқындайтыны сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет