Надежда Асанқызы Шкаликова, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты
Сыр елін сағынып келдім
— Менің әкемнің еңбегін ескеріп, осынау шараның өтуіне қолдау көрсеткен аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлына, ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Бәкенұлына, шараның ұйымдастырылуына ұйытқы болған университет ректоры Қылышбай Алдабергенұлына алғысым шексіз. Қызылорда қаласы менің кіндік қаным тамған жер. Балалық балдәурен шағым осында өтті. Сондықтан Сыр өңірі маған әркез ыстық көрінеді. Мен алыста жүрсем де, Сіздерде болып жатқан өзгерістерге қызығушылық танытып, тілеулеріңізді тілеп отырамын. Әсіресе, облыс әкімі Қырымбек Елеуұлына алғысым шексіз. Бұл азамат Батыс Қазақстан облысын басқарған кезінде де әкемнің аруағын тірілтіп, Тайманов оқуларын дәстүрге айналдырған еді. Енді, міне Сыр топырағында да әкемнің еңбегін дәріптеуде. Мен үшін бұдан бақытты шақ болмас, сірә.
//Сыр бойы.-2013.- 26 қазан.- 5 б.
Әбибулла Төреқожаев, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ҰТУ –ң профессоры, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Нью-Йорк академиясының мүшесі.
Ұстаздардың ұстазы
Қай халықтың болмасын тарихында тәлімгер ұстаздың тұлғасы тұратыны белгілі. Адамгершілік пен мәдениеттіліктің, білім мен біліктіліктің бастауы қашан да ұстаздан алған тәлім-тәрбиеге байланысты болатындығы заңды құбылыс.
Мен академик ағамызбен он жылдай қызметгес болдым. Ол нағыз интеллигенттің символы болатын. Шәкіртгерін бірінен-бірін бөле жармайтын, соған сай шәкірттері де оны аса құрмет тұтатын. Математика ғылымына бейімі бар талантгы студенттерге көмегін көрсетіп, ғылымға құлаш ұруға бағыт беріп отырды. Қашан көрсең де терең ой үстінде жүретін ғалымның дәрістері кім-кімді де бірден баурап алатын. Оның тақырыпты нақпа-нақ айтып жеткізетіні сондай, студенттер ұйып тындайтын. Мен ол кісіге тікелей шәкірт болып, дәріс алмасам да, әріптес ретінде жақсы қасиетгерін бойыма сіңіруге тырыстым. Сабырлы болуды, ойланып барып сөйлеуді үйрендім. Бірнеше жыл қызметтес болған мен Асан Дабысүлының өз ісіне деген жауапкершілігіне, ғылымға. деген ададдығына куә болдым. Ұлылықтың басында ұстаздың тұратындығына шынайы көз жеткіздім. Бір сөзбен айтқанда, Асан Тайманов ұстаздардың ұстазы деген мәртебелі атаққа лайық азамат болды. Бұл атаққа ие болу кез келген адамның қолынан келе бермейтіні ақиқат.
//Сыр бойы.-2013.- 26 қазан.- 5 б.
Т.Б.ДІЛМАН, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң доценті, физика- математика ғылымдарының кандидаты
Академиялық қалашықтағы кездесу
Ұстазым ф.-м.ғ.д., профессор Сахабадин Елубаев (1924-1993) Қызылорда педагогика институтының физика-математика факультетін бітірген мені 1977 жылы қыркүйек айында Новосибирск қаласының академиялық қалашығына алдыртып, КСРО ҒА академигі Михаил Михайлович Лаврентьевтен математикалық есеп алып, ғылыми жұмысымды бастауыма зор ықпал етті.
Сонда Қазақстанның әр жерінен оқуға барған жігіттермен танысып, достарым. Ағалардың математика, өмір жайлы әңгімесін тыңдадық, бірге қырдық. Новосибирск университеті механика-математика факультетінің профессорларының дәрістерін тындап, математикалық ілімді жетілдірдім. КСРО ҒА Сібір бөлімшесі Есептеу орталығындағы шартты-корректілі есептер бөлімінің апталық семинарларына қатысып, ғылыми жұмыс жасаудың қиындығын сезіндім, сол саланың зерттеуші ғылымдарынан үйреніп, қолданылатын әдістердің сырына үңілдім, өзіме берілген есепті шешу жолында іздендім. Ғылыми жетекшім ф.м.ғк., доцент Сергей Петрович Шишатский жүйелі жұмыс істеуге математикалық физиканың кері есептері мен интегралдық геометрия есептерін зерттеудің шеберлері ф.м.ғ.д., профессор Сергей Игорьевич Кабанихин мен ф.-м.ғ.к., доцент Равиль Галитдинович Мухометов алғашқы ғылыми мақаламды жазуға көмек жасады.
Өзіме ф.-м.ғ.д., профессор Төленді Ғарифұлы Мұстафиннің, ф.-м.ғ.д., профессор Серікқали Есқалиұлы Темірболаттың, п.ғ.д., профессор Есен Ықыласұлы Бидайбековтің, ф.- м.ғ.д., профессор Шалтай Смағұлұлы Смағұловтың, ф.-м.ғ.д., профессор, академик Нарғозы Тұрсынбайұлы Данаевтың және тағы басқалардың тағылымын үлгі тұттым.
Новосибирск академиялық қалашығында тұрғанда қазақстандық математик жігітгер аса көрнекті қазақ математигі Қазақ ССР ҒА академигі Асан Дабысұлы Таймановты (1917- 1990) көзімізбен көріп, қолын алып амандасып, оның КСРО ҒА Сібір бөлімшесі Математика институтындағы ұлағатты сөздерін естіп, оқуға келген қазақ жастарына деген үлкен қамқорлығын сезініп, мақганыш етіп жүрдік. Мен Асан Дабысұлымен оның шәкірті ф.-м.ғ.к., доцент Мақсұт Бекенов арқылы таныстым.
Асан Дабысұлы мен оның зайыбы Қызылорда педагогика институтында жұмыс істеген уақытын ерекше сағынышпен еске алғаны есімде. Асан Дабысұлы, әсіресе зайыбы қайтыс болған ұлының Қызылордада жерленгенін, осында бір келмек ойлары барын көздеріне жас алып айтқан еді.
Мен тұрған жатақхана Академическая кошесінде Асан Дабысұлының коттеджіне жақын тұрды. Жұмысқа барарда, келерде ол кісімен бірге барып, бірге қайтатын кездеріміз болды. Жолай әңгімелесіп баратын едік. Көбіне мен ол кісінің қойған сұрақтарына білгенімше жауап беремін де, өзімше ештеңе сұрамайтынмын, даңқты академикке болмашыдан жазып қалуға сақтанатынмын. Асан Дабысұлы амандасқанда кілең "Как результаты?" деп есеп шығару барысын сұрайды. Баска жігітгерден де осылай сұрайтын. Бір күні жұ мысқа бара жатқанымызда орысша сойлесуге шорқақтығымды байқатып алып, "Асан Дабысович, Сізбен қазақша сөйлесуге бола ма?" деп өтініш айттым. Бұдан кейін Асекең менімен тек қазақша сөйлесетін болды. Ол кісі қазақша мақалдап шешен сөй- лейтін.
Асан Дабысұлы Қызылорданы сағынышпен еске алып, Ким Ман Сам және Ыбырай Жакаев деген Социалистік Еңбек Ерлерін мақтанышпен айтатын. Қызылорданың педагогика институтында қалай сабақ бергенін де әңгімелеп айтқан. Өзінің озат студенттері ретінде Сламхан Бекбаевты, Әбшейіт Оразалиевті, Рахматулла Тұрғаналиевті, Әбдікәрім Тәжмағамбетовты атағаны есімде. Солардың кейінгі жағдайын сұрайтын. Асан Дабысұлын Қызылордаға шақыру үшін физика-математика факультетінің деканы п.ғ.д., профессор Құдайберген Жаңабергеновті академиктің үйіне ертіп бардым. Асан Дабысұлы әйелі екеуі шақыруды қуана қабыл алып, Қызылордаға қыдырып келмекші болды. Бірақ Құдай сәтін салмай, академиктің ауылымызға келуі нәсіп болмады.
Жеңгеміз Мәскеуге оқудағы баласына кеткенде мені жатақханадан шақырып алып, әртүрлі тақырыпта әңгімелесетін. Сонда шай дайындап беріп, дастархан басында Асан Дабысұлының әртүрлі тақырыптагы әңгімелерін қызығып тындайтынмын. Ол кісі өз ойларын ортаға салғанды ұнататын. Академиктің ұлағатты әңгімелерін бірнеше рет оңаша тыңдау бақытына ие болдым. Өзінің ауылда өскенін, екі қабат үй болады дегенді алғаш естігенде, оны өзінше көзіне елестете алмағанын күлкілі етіп айтып берген еді. Ұстазы КСРО ҒА академигі Анатолий Иванович Мальцев туралы, өзінің ғылыми жұмыс жөнінде, Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың Қазақстан ғылымына қамқорлығы туралы кеңінен әңгімеледі Қазақтың тарихы, отанымыздың болашағы туралы болашағы туралы сейлескенді ұнататынын байқадым.
Ұстазым Сахабиден Елубайұлы Елубаев Асан Дабысұлымен кездескенде екеуі жақсы әңгімелесетін. Олардың арасында зор сыйластық өзімсіну бары, достықгары байқалып тұратын.
Асан Дабысұлының үйіне барып тұрғанда оның ғылыми жұмыс жаз; жатқанын бірнеше рет кердім. Бар ынтасымен беріліп, жұмыс жасайтын. Оның айналысатын "Модельдер теориясына" мықты математиктердің тісі батпайды десем, өтірік емес шығар. Академик өзінің шәкірттері қатаң талап қоятын.
Академик Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазин Асан Дабысұлын қатты сыйлап, жоғары құрметтейтін көрдім. 1982 жылы шілде айында КСРО ҒА академигі Михаил Михалович Лаврентьевтің 50 жылдығындағы пикникте қасында отырып қалған маған Өмірзақ Махмұтұлы "Жігітім, Асан Дабысович профессор Михаил Константинович Фагемен сөйлесіп отыр, тамақ алуға бармады ғой. Ыдысына тамақ салып әкеп берсейші, ағамызды сыйлайтынымызды білсін!" дегенде тамақ ішу кірісіп жатқан мен ұялып қалдым. Әрине, Өмекеңнің сөзін екі етпей Асан Дабысұлына тамақ әкеп беріп, рахметін естідім.
Меніңше, Асан Дабысұлы шәкірттерінен профессор Төленді Ғарифұлы Мұстафинді (1942-1994) жақсы көрді, аса қатты сыйлады.
//Сыр бойы.-2013.- 26 қазан.- 5 б.
Лилия МАЛЬЦЕВА,
Памяти ученого
24-26 октября 2013 года в Кызылорде прошли праздничные мероприятия, посвященные научно-педагогической деятельности ученого, академика Асана Тайманова.
В них приняли участие министр образования и науки РК Аслан Саринжипов, аким области Крымбек Кушербаев, писатель, постоянный представитель РК в ЮНЕСКО Олжас Сулейменов, дети и преемники в науке Тайманова - Искандер Тайманов и надеждда шкаликова, а также преподаватели ведущих вузов России и Казахстана.
Открывая конференцию, Крымбек Кушербаев отметил, что «Таймановские чтения» регулярно проводятся на родине академика – городе Уральске и выразил пожелание, чтобы их проведение стало очредной хорошей традицией в КГУ имени Коркыт ата.
Министр образования и науки РК Аслан Саринжипов отметил, что Казахстан может гордиться тем, что является родиной такого учсного, и пожелал успехов в работе конференции.
С поздравлениями выступили Олжас Сулейменов и профессор МГУ Алексей Тужилин.
С докладами по актуальным проблемам математики выступили Искандер Тайманов, академики НАН РК, профессора Мухтарбай Отельбаев и Аскар Жумадильдаев, академик РАН, профессор Иовосибирского государственного университета Евгений Памотин и профессор КГУ имени Коркыт ата Галитдин Баканов.
- В целом настоящая конференция - это дань уважения к академику А.Д. Тайманову, - пояснил заместитель главного директора Института математики и математического моделирования комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан, член-корреспондент Национальной Академии наук Республики Казахстан, доктор физико-математических наук, профессор Бектур Байжанов.
Международная конференция, включающая в себя работу нескольких секций, имеет огромное значение. К примеру, планируется публикация сборника научных статей о достижениях в математике. В мировом рейтинге научные труды академика считаются значимыми. Асан Тайманов в свое время по специальному приглашению работал первым заведующим кафедрой геометрии Сибирского государственного университета. Гениальный ученый воспитал много талантливых учеников. Известный педагог был творческим человеком. Даже во времена сбора урожая вместе со своими учениками, он, рассматривая семена и овощи, связывал их с геометрическими теоремами. Асан Тайманов - выдающийся ученый Казахстана и России. Сегодня его сын Искандер Тайманов - продолжатель дела отца также является академиком АН Российской Федерации.
В главном корпусе Кызылординского государственного университета имени Коркыт ата состоялось открытие бюста академика Тайманова, На открытии выступили аким области Крымбек Кушербаев, академик РАН, профессор, заведующий кафедрой геометрии и топологии механико-математического факультета НГУ Искандер Асанович Тайманов и член-корреспондент НАН РК, профессор, заместитель генерального директора Института математики и математического моделирования МОН РК, профессор КБТУ Бектур Байжанов. Все выступающие отметили ценный вклад в науку и преданность своему делу Асана Тайманова и рассказали об основных этапах его жизни и деятельности.
Асан Дабысович Тайманов с 1947 по 1954 годы заведовал кафедрой математики Кызылординского педагогического института им.Н.В.Гоголя. В эти годы А.Тайманов создает первый кружок юных математиков при кафедре и вводит в практику постоянный научный семинар, математические конкурсы и вечера для студентов и преподавателей. Лекции А.Д. Тайманова пользовались огромной популярностью у студентов, многие из коых впоследствии стали известными учеными.
По его инициативе организовывались городские и областные математические олимпиады. Это были самые первые в республике математические олимпиады. В Кызылорде А. Таймановым был проведён цикл глубоких научных исследований по дескриптивной теории множеств и теоретико-множественной топологии.
У истоков достижений академика А.Тайманова находятся знания, полученные в период обучения в таких ведущих вузах как Уральский педагогический институт им. А.Пушкина, Московский государственный университет имени М.В.Ломоносова, Московский государственный педагогический институт имени В.И.Ленина.
На его становление как ученого большое влияние оказали корифеи математической науки Александр Хинчин, Петр Новиков, Анатолий Мальцев. Леонид Келдыш, Алексей Ляпунов и другие. В свое время сам академик Павел Александров назвал кандидатскую работу А.Тайманова «выдающейся работой».
Доктор физико-математичесжих наук, академик Академии наук Казах- ской ССР. А.Тайманов в 1968 году переезжает в Алмату, где избирается академиком-секретарём отделения физико-математических наук и назначается директором Института математики и механики Академии наук Казахской ССР.
По его личной инициативе откры ваются республиканская физико-математическая школа, кафедра алгебры и математической логики в Казахском государственном университете имени С.М.Кирова, лаборатория алгебры и математической логики и ряд лабораторий по прикладной математикс в Институте математики и механики.
В 1960 году разработал совместно с академиком А.И. Мальцевым специ- альную программу по подготовке кадров по математике для Казахстана До последних дней он уделял огромное вниманис этому вопросу.
Особой вехой научно-педагогической деятельности А.Тайманова является работа в Новосибирском Академгородке. В Институте математики Сибирского отделения Академии наук СССР и в Новосибирском госуарственном университете, Асан Тайманов оказался в когорте основателей знаменитого семинара «Алгебра и логика».
В 1970 годах Асан Тайманов продолжает активно заниматься научной и педагогической деятельностью в Новосибирске. К этому периоду относятся его исследования по топологической алгебре.
В это же врсмя он курирует лабораторию алгебры и математической логики в Институте математики и механики Академии наук Казахской АСССР и кафедру алгебры и математическской логики в Карагандинском государственном университете.
Как ученый и педагог с большой буквы, он также оказал огромное влияние на становленис математиков из разных регионов России. Ректор Московского государственного университета имени М.В. Ломоносова, академик Виктор Садовничий считает Асана Дабысовича своим наставником:
Дело отца достойно продолжают дети: Искандер Тайманов - доктор фи- зико-математических наук, академик Российской Академии наук; Владимир и Надежда - кандидаты наук, доценты ведущих московских вузов.
ЧГ* «в іпмлиі пт т &«нтк.,гтш
- . ■ , ,, «{і^ ш
Министр образования и науки РК Аслан Саринжипов также ознакомился с рядом обьектов образования.
//Кызылорда Таймс.-2013.- 31 октября.- С.6
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерлері баспасөз беттерінде
Сәулетбек САХИЕВ, Қоркыг ата атындағы ҚМУ-дін Қазақстан тарихы, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы, саяси ғылымдарының кандидаты.
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫ
Ел өміріндегі саяси маңызды оқиға — жергілікті билік органдары басшыларының сайлауы Қызылорда облысында да өтті. Жергілікті өзін- өзі басқару жүйесін жетілдіру, ел дамуын жаңа сатыға көтеру демократияны дамытудың маңызды механизмі болып саналады. Осы орайда Елбасының арнайы жарлығына байланысты республика көлемінде кент және ауыл әкімдерінің сайлауын 5-9 тамыз аралығында өткізу көзделген болса, Қызылорда облысы бойынша кент және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы 7 тамызда өтті.
Қызылорда облысы бойынша 146 мандаттың 116-сына бұрынғы әкімдер ие болып, 30 әкім жаңадан сайланды. Қазіргі танда елді мекендердегі көптеген мәселелерді халықпен бірлесіп шешу сол жердегі басқарушы әкімге тікелей байланысты болып отыр. Сондықтан әкімдерді сайлаудағы басты мақсат жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді қызмет етуі мен халықтың тіршілігін қамтамасыз етуі үшін жергілікті органдарға тиісті өкілеттіктер мен материалдық-қаржылық ресурстарды беру көзі болып табылады. Әкімдер сайлауы еліміздің саяси жүйесін демократияландыру, сонымен бірге жергілікті мемлекеттік басқаруды және жергілікті өзін-өзі басқаруды сапалы түрде жақсартудағы жаңа қадам екендігін іс жүзінде тағы бір рет дәлелдей түсті.
Әкімдер сайлауын енгізудің басты максаты — елдегі мемлекеттік баскарудың ең оңтайлы, айқын және тиімді моделін қалыптастыру. Ауылдык округ әкімдерінін сайлануы қоғамды одан әрі демократияландырудың маңызды кезеңі болып есептеледі. Жергілікті әкімдердін сайлануы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін, атқарушы билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін арттырып, азаматтық қоғамның дамуын жетілдіре түседі. Түрғындарға еңжақын тұрған мемлекеттік басқарудың ең төменгі буыны — осы ауыл әкімдері.
Қызылордада облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының толық және сайлау процесіне саяси партия өкілдерінің, қоғамдықүйымдардың бақылаушылары, бүқаралық ақпарат күралдары өкілдерінің қатысуымен сайлау жариялы түрде өтті. Алайда сайлауды қадағалау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия елде өткен жалпы сайлау науқаны барысында орын алған жекелеген кемшіліктерді анықтады. Мәселен, кандидаттарды ұсыну мерзімінің қысқа болуы, аудан әкімдерінің жұртшьшыкпен, жергілікті кауымдастыкпен кеңестер өткізуінін бірегей тәртібі айқындалмағаны, кейбір аудан әкімдерініңхалықұсынған кандидатураларды қаперге алмағаны, кандидаттарды тіркеу кезінде олардын табысы мен мүліктері туралы деректер нақгыланбаған және тағы басқа.
Бірақ бұл саяси науқан елімізде биыл алғаш рет кен көлемде өткізілді. Сайлау науқанының құқықтық және ұйымдастырушылық тұстары бұрын-соңды жасалмағандығын ескеруге болады. Сонымен қатар сайлауды қадағалау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия алдағы уақытта жүргізілетін сайлау барысында ауыл әкімдігінен кандидатка қойылатын біліктілік талаптарын тым жоғарылатпауынұсыныс ретінде алға тартпақ. Себебі кейбір ауылдан лайықты кандидаттар табылмай жатады. Оның үстіне әкімдікке кандидат екі адамнан кем болмауы тиіс. Осыған орай комиссия ауыл әкімдігіне кандидаттарға қойылатын талаптар қайта қаралуы тиіс деп есептейді. Атап айтқанда, олардың жұмыс өтіліне қойылатын талабы кемітіліп, бұл өтілде тек мемлекеттік кызметте ғана емес, жеке сектордағы басшылық қызметі де есепке алынғаны жөн.
Ауылда еңбек күші арзан, жалақы төмен. Ауылдың шешілмеген қиындықтары әлі күнге шаш етектен. Ауызсудан бастап, жолдын шұңкырларына дейін санай берсеңіз, тауысып біте алмайсыз. Аграрлык сектор бізде әлі күнге дамыған жок. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру үшін алдымен аграрлык секторды дамытуымыз керек. Халықаралык ұйымдарға тәуелді болмауымыз қажет. Өзімізді қамту тұрғысынан. Осы тұрғыдан ауыл әкімдерінің мойнына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлығы қазіргі күні жекелеген кәсіпкерлер қолында. Мұндай кезде әкімдер мемлекет тарапынан қабылданған жеке кластерлерге сүйеніп, мәселелерді жолға қоюлары керек.
Қазір жергілікті өзін-өзі басқарудың сапасының артуымен қатар әкімдердің өкілетгігі кеңейіп келеді. Ендігі жерде ауыл әкімдерінің бюджеті өздерінде болады. Әкімдікке өзін-өзі ұсынуға немесе қоғамдық ұйымдар, бірлестіктердің ұсынуына жол берілмейді, тек әкімдікке кандидаттарды аудан әкімі ғана ұсына алады, бірақ кандидат жөнінде жергілікті қоғамдастықтың пікірлерін ескеруі мүмкін.
Сондықтан жергілікті ел-жұрт ертеңгі күнге деген сенімдері мен мұң-мұқтаждарын жаңадан сайланған жергілікті әкімдерге жеткізе алады.
//Халық.-2013.- 17 қазан.- 6 б.
Нұрбай ШӘКІМ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің 2 курс студенті
Отандық көпсериалды
киноның күні қашан туады?
Көре-көре көріксіз көріністер қажытып, санамызды сергелдеңге салып жатыр. Огандық телеарналардан санаулы секундтарымызды, тіпті десеніз, сағаттап уакытымызды ұрлайтын телесериалдар төнірегівде сіз не ойлайсыз? Сарыла күткен сериалымыз бастала салысымен-ак үй ішіндегінін бәрі көксандық аддына тегіс жиналады. Калай десек те, беріліп жатқан көпсериалды кинолардын мән-мағынасы жайында ешкімнін бас қатырғысы жоқ. Отандық кинематография саласында аталмыш көпсериалды кинолар тњсіру мәселесі кенжелеп тұрғанын көрмейсіз бе?! Огандық телеарналарымыз түрік, кәріс, үнді ағайындардын сериалдарын казакстандықгардын назарына ұсынып жатканының бір себебі де осында. Шегі жоқ, пәтуасыз әнгіме сияқгы парықсыздықпен бағаланатын кейбір телесериадардың қоғамға берері бар ма?! Қоғамдык автокөлікте, оку орындарында, кыз-жігптердін басы қосылғанда сөз болатын да осы шытырман сериалдардын «синдромдары». Көзі қырағы көрерменнің назарына ұсынылып жүрген «Сұтан Сұлеймен», «Кызғұмыры», «Келін», «Мұзды жарып шыкқан гүл» сияқты бірқатар сериалдар көрерменнін көнілін көтергенімен, ой көкжиегін тұмшалап тастайды. Тегіміз казақ, бәріміз бір түрікгін ұрпағымыз той. Дегенмен қай мұсылманнын некесіз жар алып, нәпсіқұмарлығы үшін қол астында мыңдаған кәнизактар ұстағанын құлағыныз естіп, көзініз көріп пе еді?! Патшанын қырық катыны кырғиқабак больш, бірін-бірі көре алмауын, адам жүрегі дауаламайтын жауыздықгарға барын көріп келеміз.
Ол, ол ма?! Кәріс сериалдары казак жігіттерінін санасына «гламурный» ұғымын әкелді. Олай дейтініміз, сериалдын басынан-ак жігерсіз жігіттердін бейнесін тамашалауымыз. Қан кешті күндер мен жан кешті жылдарды өткерген ата-бабамыз жаугершілік заманда елін, жерін корғаса, аталмыш сериалды көріп өскен жас ұрпақ қалайша елдін бүтіндігін ойлайды? Ал, енді махаббаттын әдемі иірімдерін ұсынатын үнді сериалдары бүгінде бұрынғы сарынынан айрылған. Бүгінде болмашы нәрсені айғай-шуға ұластыратын, бітпейтін ене мен келін арасындағы араздык сериалдық арзанқолдығына себепші.
«Әр елдін салты баска, итгері кара каска» демекші, әр ел мейлінше өз ата-дәстүрін өз мемлекетіне дәріптегені жөн. Онсызда халкымыздын алтын казынасы болып саналатын ұмыт қалған ата-дәстүрін, салт-санасын қазақ баласынын жадына сіңіре алмай жаткан шақта осындай телесериалдардың ықпалы қандай болмақ?! Не десек те, көрермен телеарналардан беріліп жаткан кез келген телесериалдарды өз пайымдауына жіберіп, ара-жігін ажыратса, игі болар еді.
//Халық.-2013.- 17 қазан.- 8 б.
Қала көркі – ел мерейі – тақырыбына ой-пікірі:
Әйтімов Мұратбек, Қорқыт Ата атыңдағы ҚМУ-нің филология ғылымдарыньщ докторы, доцент:
- Алдымен қаланың 195 жылдық мерекесімен барша қала тұрғындары мен қала қонақтарын қртықтаймын! Қаламыздың күннен-күнге жаңарып, жасарып келе жатқаны рас. Оны жасыра алмаймыз. Шаһарда көптеген мәдени орындар ашылып, биік зәулім ғимараттар салынып, көшелер жөнге келіп, жалпы жақсы бетбұрыстар жасалуда. Бұл да қаламыздың өсіп өркендегенінің бір дәлелі. Бұрын қаламыз үшін басты мәселе тазалық еді. Қазір оны қозғамаса да болады. Себебі соңғы уақытта қала тазалығы әжептеуір бір жолға қойылды. Қала тазалығына тұрғындардың өздері атсалысқандықтан, олар тазалықтың қаңдай екенін жақсы түсінді.
Байқап отырсақ, қала күні жылдан-жылға жоғары деңгейде аталуда. Қала күні өтіп жатқанын халық та сезініп жүр. Олардың көңіл-күйлері де көтеріңкі. Өңірдің әр мәдени ошақгарында түрлі іс- шаралар мен мерекелік кештер ұйымдастырылып жатыр. Бұдан өзге республиканың әр түкпірінен, облыс аудандарынан келген қонақтар қала күніне арнап тамаша тарту-таралғы жасауда. Біздің оқу орнымыз киелі Қорқыт бабамыздың атын иемдеген іргелі оқу орындардың бірі. Сыр өңіріңдегі жастардың 80%-ы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нен білім алады. Сондықтан оқу ордасының қала күні мейрамына атсалыспай отырғаны болмас. Университет тарапы осы мақсатта түрлі тақырыпта ғылыми-конференциялар мен кештер ұйымдастыруда. Соның бірі-Студенттер сарайыңда өткен «Қазіргі айтыс өнерінің даму сипаты: тәжірибе, тағылым, ықпаддастық» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Ғылыми-конференцияға бір топ ұлттық өнердің жанашырлары катысып айтыс төңірегінде баяндамалар оқьщы. Мұндай шаралар әлі де жалғасын табады деп ойлаймын. Қала күні кұтты болсын! Шаһарымыздың шырайы артып, көркіне көрік қоса берсін демекпін.
//Ақмешіт апталығы.-2013.- 17 қазан.- 2 б.
Рахила ДОСПАЕВА Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті кітапханасының бөлім меңгерушісі
Жан дауасы - кітап
Кітап –қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, сапалы білім, нақты зерттеу жұмыстары тек кітап арқылы жүзеге асады. Қазіргі таңда қолға алынғын «Халық тарих толқынында» атты арнайы тарихи зертеулер бағдарламасы аясында ұлттық тарихымызды нақты деректермен зерделеп, ұлттың тарихи дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруда көне заманғы бал-бал тастар мен үңгірдегі бейнелер және асыл мұра - қол жазбалар мен кітаптардың маңызы зор.
«Өркениеттің жалпы көрінісінде әрбір халықтың орны оның оқыған кітабының санымен анықталады» деп өткен ғасыр ғұламалары пайымдағандай кітаптың әрбір адамға тигізетін үлкен өнегелі ықпалын сезінудеміз.
ХХІ ғасыр талабына сай заманауи компьютерлік технология ғылым мен техниканы қарышты дамытуда, осы қарқыннан қалыспай өркен жайған рухани қазына - кітаптың да қажеттілігі артуда. Бұл пікірімізге дәлел дүние жүзілік кітап сүйер қауым мен кітапханашылар қолға алған «Бір ел – бір кітап» акциясы. Еуразия жүрегіндегі Егеменді Қазақ елінде бұл жоба жеті жылдан бері зор табыспен өткізілуде. Өздеріңізге мәлім бұл жобаның шымылдырығы 2007 жылы қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерімен» ашылған болатын. 2008 - Мұхтар Әуезовтың «Қилы заманы», 2009- Мағжан Жұмабаевтың «Жан сөзі», 2010 - Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы, 2011 - Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы, 2012 - Оралхан Бөкеевтің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повестер мен әңгімелер жинағы, ал үстіміздегі жылы поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты таңдамалы жыр жинағы миллиондаған оқырман назарына ұсынылды. Көпшілікпен бірге оқылып, талқыланып әр алуан тақырыптарға өткізілген іс-шаралар авторлардың өмір белестерінен терең мағлұматтар алып, шығармалары арқылы авторлар ойынан қызу қуат, жаратылыс сырынан өрелі ой түюге мүмкіндік алып, тіпті оқырманның ішінде бұғып жатқан алуан түрлі таланттың жанартаудай сілкінуіне ықпал жасауда.
Аталмыш акция аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасы ұжымы да жыл сайын біріне-бірі ұқсамайтын іс-шаралар өткізіп келеді. Осы (2013ж.) оқу жылында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық ақыны Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты өлеңдер жинағын насихаттау оқырман назарына 23-30 қыркүйек аралығында апталық түрінде ұсынылды. Апталықтың ашылу салтанаты университеттің ғылыми-техникалық кітапханасының оқу залында «Жырмен өрнектелген қыз ғұмыр» атты кітап көрмесі жанындағы әңгімемен басталды. Мұнан соң,
Зула, менің жыр-күймем, шабыт жегіп,
Жер бетіне ғұмырлы жарық беріп.... деп ақынның өзі айтқандай жыр күймемен жарыса шапқан өлең марафоны басталды. Жыр оқу жарысына университетіміздің бірінші және жоғары курс студенттерімен бірге облыстың кәсіптік білім беру мекемелері М.Мәметова атындағы гуманитарлы-педагогикалық және И. Әбдікәрімов атындағы агротехникалық колледж оқушылары да қатысты. Фариза Оңғарсынованың шығармаларын беріле, шабытпен, құмарта, кең көсіле оқыған әрбір жастың келбетінде туған халқын сүюге, құрметтеуге, оның дәстүрлері мен мәдениетін қастерлеуге дайын отансүйгіштік рухтың оянғаны айқын сезілді.
Апталықтың келесі күні Студенттер сарайында сыр бойының ақын қызы Қатира Жаленованың қатысуымен «Жанарында жыр тұнған» атты әдеби-сазды кешке ұласты. Әдеби кештің маңызы - жастардың Фариза ақынға арнаулары және түрлі тақырыптағы өз өлеңдері оқылып, жаңа таланттардың поэзия кеңістігіне құлаш сермегенінің байқалғаны. Акция қорытындысы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының үлкен мәжіліс залында болып, жас ақын Нәзігүл Бердіқожа төрайымы болған «Жауқазын» жыр сүйер қауымы отауының ашылуы оқырмандарға тың серпіліс берді.
Көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың «Дауасын», атына заты сай кітабын оқи отырып кітаптың шын мәнінде жан дауасы екеніне тағы бір көз жеткіздік.
Дәстүрге айналған «Бір ел-бір кітап» акциясының маңызы жыл сайын арта түскендей, осы акция аясында ақын-жазушылар шығармаларын оқып, талдай отырып, кейіпкерлері бойымызға жігер, ақыл берер сенімді досымызға, айналғандай.
Кітап –жан азығы деген осы.
//Әлімсақ.-2013.- №10 (55).-36 б.
//Сыр бойы.-2013.-17 қазан.- 4 б.
Бақытжан Жүрсінбаев, Айтжан Оразбахов, Бауыржан Еңсепов, Уалихан Ибраев тарихшы-ғалымдар
Ақмешіт түбіндегі шайқас
Немесе бекіністі кімдер қорғаған?
Қазіргі таңда біздің студенттеріміз бен оқушыларымыз Қазақстанның тарихын кешегі кеңес идеологтарының дайындаған оқулықтары бойынша танып жатыр. Ал бұл оқулықтардағы тарихи оқиғалар басынан аяғына дейін бұрмаланған. ХІХ ғасырдың бірініші жартысындағы оңтүстік өңірдегі ақмешіт, Әулиеата, Түркістан, Шымкент, Ташкент сияқты қалаларды патша әскерлеріненен қорғаудағы қазақтардың рөлі айқындауды қажет етіп келеді.
Кеңестік оқулықтарға "Бұл қалаларда Коқан бектері басқарған өзбектер, сарттар, түркімендер және тағы басқа да Орталық Азия өкілдері тұрған, кейін патша әскерлері келген кезде осы қалалар үшін соғысқан да солар, ал қазактар болса қалалардың сыртында көшіп-қонып, Қоқан бектеріне алым-салық төлеп, бұл қалаларға еш қатысы болмаған" делінеді. Кеңес идеологтары "бұл қалалар қазақтар үшін мүлдем жат, сондықтан оны кім жаулап алса да қазақтарға бәрібір болған" дегенді санамызға сіңірген. Нәтижесінде қазіргі кезге дейін халық санасында осы көзқарастар үстемдік құруда. Алайда тәуелсіздік алған кезден бастап отан дық тарихшыларымыз тарапынан жүргізген зерттеулер және мұрағаттан табылған көптеген құжаттар бұл пікірдің бұрмаланғанын әрі дұрыс емес екенін дәлелдеп отыр. Мәселен, соңғы зерттеулер көрсеткендей Оңтүстік Қазақстандағы Жаңақорған, Жөлек, Шымкент, Түркістан, Ташкент және тағы басқа да қалаларды патша әскерлерінен қазақтар қорғаған. Тіпті, Ақмешіт, Әулиеата, Мерке, Созақ, Тойшыбек, Шолакқорған сияқты бекіністердің қорғаушылары дерлік қазақтардан тұрған. Бұл туралы бірнеше ғылыми зерттеулер жазылған.
Өкініштісі сол аталмыш ғылыми еңбектер монографиялар түрінде жарык көргенімен, осы кезге дейін оқулықтарға енгізілмей келеді. Осыған байланысты кезінде кеңестік кезенде қалыптасқан көзқарастар әлі де догма күйіңде қалуда. Сөзіміз дәлелді болуы үшін осы қалалардың ішінен Ақмешіт қамалын қорғаған қазақтардың ерлігіне жеке тоқталып өтуді жөн көріп отырмыз.
Ақмешіт бекінісіне тоқталған себебіміз ол сол уақыттары стратегиялық жағынан өте маңызды қамал болды. Егер патша өкімегі осы қамалды басып алса, онда Ресей империясы Сыр бойына бақылауын орнатып қана қоймай, бүкіл Оңтүстік Қазақстанға емін-еркін кіруге мүмкіншілік алатын еді. Осы мақсатты көздеген патша үкімегі Орынбор генерал-губернаторы В.Перовскийге Ақмешітті қалайда басып алу туралы тапсырма береді. Патша өкіметінің нұсқауын орындауға кіріскен генерал Ақмешітке баратын жолды барлап, оны картаға түсіру үшін 1852 жылы 18 сәуірде топограф Голов басқарған 80 адамнан тұратын әскери топты Сыр бойына атгандырады. Бұл кезде Ақмешітгің қазақтары да патша өкіметі тарапынан қауіп анық төне бастағасын, бірнеше қауіпсіздік шараларын жүзеге асырған. Оны Өзбекстан Республикасының Орталық мұрағатынан табылған құжатгар растайды. Мысалы, осы мұрағаттағы 715 қордың 14-ші ісінде Ақмешіттің елбегі Абдуалидың сұраған көмегіне орай ташкентгіктер 2000 сарбазын жібереді. Оның 400 сарт, ал қалғанының бәрі, яғни, 1600-і қазақтар болған. Құрамында Кенесарының ұлдары Тайшық, Осман, Кенесарының ағасы Саржанның ұлдары Қошқарбай мен Иса жүрген. Алайда көмекке келген ташкенттіктер де, Ақмешітгің қазақтарыда патша әскерлерімен мәселені шайқасу арқылы емес, бейбіт түрде шешуді көздеген. Олар топограф Головтың 80 барлаушысын Акмешіттен 80 шақырым жерден қоршауға алады да, кейін қайтуын талап етеді. Амалы құрыған поручиктің баррлау тобы Қызыл Жыңғыл шатқалына дейінгі жерлерді ғана картаға түсіріп, Райым бекінісіне оралады. Патша барлаушыларының сәтсіз аяқталған жорығына карамай әрі қазақтардың күшін менсінбеген В.Перовский сол жылы қайтадан полковник И.Бламбергті, үш зеңбірегі бар 300-ден астам әскерді Ақмешіт бекінісін басып алуға аттандырады. 1852 жылы 18 шілдеде Ақмешіт бекінісіне жеткен полковник таң алдында бекініске шабуыл жасайды. Мұрағат құжаттары көрсеткендей бұл жолы да ақмешітгіктерге дер кезінде көмекке келген ташкенттік қазақтар жауға қарсы шабуылға шығады. Орыс әскерлерінің 15 адамын өлгіріп, 57 адамын жаралап, кейін қарай қашуға мәжбүрлейді. Осы шайқастан кейін ташкентгік қазақтардан оңбай таяқ жеп, берілген тапсырманы орындай алмаған полковник Бламберг жолында жатқан қазақтардың ауылдарын шауып, малдарын тонап, Күмісқорған және Шымқорған сияқты кішігірім бекіністерді талқандап кетеді. Бламберггің бейбіт жатқан қазақ ауылдарын шабуының салдарынан жергілікті халықтың наразылығы күшейген. Перовский Ақмешітке келесі жорығын жасамас бұрын оған баратын жолда жатқан қазақтардың көтерілісінен қорқып, әскери жағынан маңызды болмаса да Қазалы аңғарында № 1 форт, Қармақшыда №2 форт, Күмісқорған бекінісінің орнына №3 форттарды тұрғызады. Сондай-ақ, екі жорықтан мықтап сабақ алған ол үшінші жорыққа жан-жақты дайындалып, Ақмешіт бекінісінде орналасқан әскерлердің саны мен құрамы, Кенесарының ұлы Сыздық төре бастаған қазақтар туралы, Орта Азия хандықтарының саяси жағдайы, Сыр бойындағы қазақтардың патша билігіне деген көзқарасы және тағы басқа да мәліметтер жинастыру үшін тыңшыларын Сыр бойына жібереді. Тыңшыларынан Қоқан ханы мен Ташкент бегінің арасында билік үшін соғыс басталғанын, Ақмешітті қорғауға келген сарбаздардың қайтадан Ташкентке қарай аттанып кеткені туралы мәлімет алған Перовский 1853 жылы 22 сәуірде 3 мыңнан аса әскерді бастап жорыққа шығады. Сақтық шараларына мұқият назар аударған ол жорық кезінде әскердің жолында орналасқан қазақтар қарсылық жасауы немесе құдықтардың көзін жауып, түйелерін жем-шөпсіз қалдыруы мүмкін деген қауіппен қазақ ауылдарына әскердің жол бағытына көшіп-қонуға тыйым салады. Перовскийдің бұлайша аландауы шындыққа жақын еді. Өйткені, Сыр өңірінің қазақтары өздерін жаулауға шыққан патша әскерлерінің жорығына барынша зиян келтіріп, оны әр түрлі амалдармен тоқтатуға тырысқаны жөнінде мұрағат құжаттарында көптеген мәліметтер кездеседі. Мысалға, мұрағат құжаттарында патша әскерлері қазақтардан ақшаға түйелеріне жем-шөп, болмаса азық-түлік сатып ала алмағаны немесе Ақмешітке баратын оңай жолды көрсетуден бас тартып отырғаны жазылған. Сол үшін Перовский қыпшақтардың биі Досболды біліп тұрып жол көрсетпедің деп жазаға тартқан. Тіпті патша әкімшілігіне адал қызмет атқарып, хорунжий атанған жаппастардың биі Жанғабылдың өзі қыпшақ, табын, әлім, алтындардың билеріне Ақмешітгі орыстардан қорғайық деп хат жазған. Оның хаттарының бәрін патша әкімшілігі қолдарына түсіреді. Перовский бүл әскери іс-шараға жоғары деңгейде дайындалғаны соншалықты, оған сол уақыттағы орыс әскерінің барлық түрлері: жаяу әскер, атты әскер, зеңбірек батареялары, инженерлік топ, саперлік бөлім, казактар және әскери флотилияны кіргізеді. Ақмешітке жеткен Перовский бастаған патша әскерлері бекініске тіке шабуылға шығуға бата алмай, қоршауға алып, батареяларды орналастыру үшін оның жан-жағынан траншеялар қазады. Бекінісгі қорғаушыларға сырттан көмекке әскердің келмеу амалын қарастырған Перовский Жаңадариядағы тоспаны бұзып жібереді. Кейін орыстардың осы амалы өз-өзін ақтайды. Өйткені, Ақмешітке көмекке келе жаткан ташкенттіктер дәл осы тоспадан жайылған судан өту үшін өткел іздеп, уақытгарын босқа өткізіп алады.
Жорыққа алып шыққан әскердің азық-түлігі санаулы күнге ғана жететін болғандықтан, бекіністі қоршау арқылы бағындыру жоспары іске аспайды. Калыптасқан жағдайды талдаудан өткізген ол енді шешуші шабуылға көшпесе, онда жағдайының мүшкілге айналатынын біліп, 1853 жылы 8 шілдеде барлық батареялардан бекініске қарай оқ жаудыруға бұйрық береді.
Бекіністі қорғаушылар жау күшіне төтеп беріп, қарсы шабуыл жасады. Олардың ерлігіне Перовскийдің өзі де таңғалып, Булгаков деген досына жазған хатында «бекіністегі 300 адамды өз еркімен берілуге мәжбүр ете алар емеспін» деп мойындайды.
Осылайша Ақмешіт бекінісін қорғаушылар өз күштерінің әлсіздігіне карамастан, орыс әскерімен үш аптадан аса аянбай соғысып, ақыры оқ-дәрісі таусылған соң амалсыздан беріледі. Ақмешітті қорғаушылардың осыншама уақыт бойы күші басым жауға қарсылық көрсетуі, олардың сол жердің қазақтары болғандығын дәлелдеп отырған жоқ па? Кеңестік тарихнамада көрсетілгендей Ақмешітте тек Орталық Азия халықтарының өкілдері соғысса онда олар нақты қатер төнген кезден бастап-ақ бекіністі тастап қашып кетер еді. Оған нақты мы сал Түркістан қаласы үшін шайқас бола алады. Түркістан қаласын қорғау кезінде Мырзадәулет бастаған сартгар жеңіле бастаған кезде, Кенесарының ұлы Сыздық төре бастаған қазақгардың көмекке келуін күтпей-ақ, бекіністегі қазақтарды тағдырдың тәлкегіне тастап қашып кеткен болатын. Соның өзінде де қазақтар Түркістанды жауға бермей бәрі де қаза тауып, Сыздық төре болса бекініс сыртында соғысып, ақыры ішке кіре алмай амалсыздан кейін қайтқан еді.
Ал Ақмешітті қорғаушылар болса дерлік қазақтардан тұрғандықтан, олар ұзақ уақыт бойы өздерінің туған каласы үшін шайқасты. Сонымен қатар, Акмешітті қорғаушылардың қазақтардан тұрғанын мұрағат құжаттары дәлелдей түседі. Перовскийдің жоғары жаққа жасаған мәліметінде Ақмешітті қорғау кезінде өлгендердің бәрін қоқандықтар деп атаған. Тұтқынға түскен 74 қорғаушыларның біреуі ғана бұқаралық саудагерлер, ал калғандарының бәрі де сол жердің қазақтары» дейді. Осы мәлімдемеде ауыл ақсақалдарынан орыс билігіне қарсы шықпаймыз деген уәдені алған соң жергілікті халықпен тіл табысу мақсатында олардың бәрін де жақын мандағы ауылдарына қайтарғанын хабарлайды.
Бұдан шығар қорытынды егерде тұтқынға түскендердің бәрі қазақтар болса, онда бекіністі қорғау кезінде қаза тапқандардың бәрі де немесе басым бөлігі қазақтар болуы әбден мүмкін. Дегенмен, Ақмешітті патша әскерлері басып алса да соғыс аяқталмаған. Мұрағат құжаттары көрсеткендей Ташкент, Түркістан, Созақтағы қазақтар Қоқанмен соғысып жатқанына қарамастан, оны азат ету үшін бірнеше рет жорықтар жасаған. Мысалы, 1853 жылы 24 тамызда Ташкенттен Сәбден қожа бастаған 7 мың Ұлы жүз қазағы мен 700 хиуалық (негізін қабақ Әзберген би бастаған шектілер құраған) қазактар Ақмешітке шабуыл жасайды. Өкінішке орай, олардың Ақмешітке жасаған жорығы орыстарға көп шығын әкелсе де жеңіліске ұшырайды. Оның себебі Сәбден бастаған қазақтарға Худояр хан бастаған сарттар мен өзбектердің ешқандай көмек бермеуінде жатса керек. Сол жылы ташкенттіктер Ақмешітті қайтарып алу жолында тағы да әрекет жасап көреді. 24 қарашада басталған жорықты Ташкент қазақтары Софы бек пен мыңбасылар Қасым мен шанышқылы руынан шықкан Мәмбет басқарады. Жорыққа түйелерге жегілген 17 зеңбірегі бар 10 мыңнан аса адам қатысып, 4 желтоқсанда олар Жөлекті басып алады да, 14 желтоқсанда Ақмешіттің түбіне келіп орналасады. Бұл жолы да ташкенттіктерге Қоқан тарапынан көмек берілмейді.
Шайқас кезінде ташкенттіктер тағы да ауыр жеңіліске ұшырап, 2000 адамынан өлідей айырылса, орыс әскерлері тарапынан 18-і оққа ұшып, 38-і жараланады.
Осы жеңілістен кейін олар Ақмешітті қайтарып алуға әрекеттенбей, қорғанысқа көшеді. Осылайша Перовский бастаған орыс әскерлерінің Сыр бойына жасаған басқыншылық жорығы Ресей империясы үшін әскери стратегиялық және саяси-экономикалық жағынан аса маңызды болды. Орыс әскерлерінің Ақмешітті басып алуы Ресей империясьшың иелігіне 500 шақырымдық жерді қосып қана қойған жоқ, енді бүкіл Кіші жүз қазақтарының жайлауларымен бірге қыстауларына да бақылау жасауға мүмкіндік берді. Ақмешіт түбіндегі шайкас қазақ тарихының ақталмай жатқан болмашы ғана бөлігі. Ал оның ашылмаған немесе әлі де зерттеуді қажет ететін тұстары қаншама?!
//Сыр бойы.-2013.- 19 қазан.- 8 б.
Әкімдерге жүктелер жауапкершілік көп
Біздің сауалнама:
1. Ауыл әкімдерін сайлау демократияға қайшылыкты жол ашады ?
2. Сіздің өңірде ауыл әкімдерін сайлаудың қаншалықты әділ өткізіледі және сайланған әкімдерге көңіліңіз тола ма?
3. Болашақта ауыл әкімдерін сайлауға халықтың да атсалысқаны дұрыс деп санайсыз ба?
Меруерт АҢСАТОВА, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ң профессоры, «Ақбосаға» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы: Ауыл әкімдерін сайлау биылғы жылдың басты оқиғаларының бірі деп ойлаймын. Бұл әкімдер сайлауы еліміздің саяси жүйесін демократияландыру,сонымен бірге жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды сапалы түрде жақсартудағы қадам екендігін іс жүзінде бір рет дәлелдей тусті. Бұрын әкімдер тағайындалып биыл олар алғаш рет сайлану құқығына ие болып отыр. Биылғы сайлаудың ең басты ерекшелігі, сайлауда ең негізгі жауапкершілік мәслихат депутаттарына жүктелді. Депутаттар өздері лайықты депесептеген үміткерлерге ерікті әрі саналы түрде таңдау жасағанына күмәніміз жоқ. Екіншіден, биыл сайланған әкімдер. Яғни, әкімдердің 106-сы бұрынғы әкімдер болса, 30-ы жаңадан сайланған әкімдер. Яғни, әкімдердің 20,5 пайызы жаңарды. Бұл сайлауға барлығы 435 үміткер қатысып, бағын сынаған. Жалпы, депутаттардың саяси науқанға қатысу көрсеткіші бойынша біз елімізде ең алдыңғы орынға шығыппыз. Дауыс беруге құқылы мәслихат депутаттарының 99,1 пайызы, яғни 116 халық қалаулысының 115-і қатысқан. Осылардың ішінде жеті мандат нәзікжандылардың үлесінде. Меніңше, сайлау ашық және әділ өтті. Сайлау науқанының барысын бақылауға кандидаттардың сенім білдірген өкілі, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат ұйымдарының өкілдері дауыс беру барысына байқаушы болып қатысты. Жалпы, сайлау науқаны қолданылатын заңнамалар мен демократиялық сайлау процесінің нормаларын сақтай отырып, ұйымдастырылған түрде өткізілген. Ал сайланған әкімдердің қалай жұмыс жасайтындығына байланысты шешіміміздің әділ болғандығын олардың іскерлігінен көреміз. Болашақта әкімдерге берілетін баға халықтың муддесін қорғауға байланысты бағаланады деп ойлаймын.
3. Уақыт өте ауыл әкімдерін сайлау жуйесі жетілдіріле түседі деп ойлаймын. Алдағы төрт жылдың ішінде сайланған әкімдердің жұмысына қарап сайлаудың нәтижесін біле бастаймыз. Ал қазіргі кезекте сайлаудың дәл осы жүйесі біз үшін тиімді. Ең бастысы, депутаттарымыз дауыс бергенде, қателеспесе болды. Мүмкін болашақта ауыл әкімдерін халықтың өзі дауыс беріп, сайлайтын күн де туар. Алайда қазіргі күні маслихат депуттаттарының дауыс беруі тиімді болып тур. Себебі, біз рулық санадан арыла қойған жоқпыз. Бізге рулық санадан шығып, елдік санаға бет бұру керек. Әкімдерді сайлаған депутаттарды халық сайлаған. Халық өз өкілеттілігін депутаттарға берді. Енді депутаттар арқылы әкімдерге беріп отыр. Түптеп келгенде биліктің қайнар көзі — халық.
//Халық-2013.- 23 қазан.- 10 б.
Нұрлыбек МЫҢЖАСОВ, «Сыр елі XXI ғасыр» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
ҮЕҰ- азаматтық тың мектебіндей болып қалыптасты –тақырыбына ОЙ-ПІКІР:
«Сыр елі XXI ғасыр» қоғамдық бірлестігі Сыр өңірінің тарихын кешеңді түрде зерттеу арқылы, оның Еуразия тарихы мен мәдениетіндегі алатын орнын, саяси маңызын анықтау мақсатында жұмыстар жүргізуде. Өңірдің этнографиялық ерекшелік белгілерін, тарихи тұлғалардың мұраларын насихаттау, олардың еңбектерін тәржімалап, ғылыми айңалымға енгізу арқылы Сыр өңіріндегі тарихи-мәдени мұраларын республика көлеміне және алыс-жақын шетелге насихаттау басты парызымыз. Осы жобалар мемлекеттігімізді танытудың бір кұралы ретінде, Азаматтық қоғамды құра отырып, қоғамдык бірлестік пен әкімшіліктің бірлесе ынтымақтастық жолындағы табысты жұмысымыз деп білемін. Әлеуметтік жобалар ретінде облыстық ішкі саясат басқармасымен бірігіп, Сыр елінің мол мұрасын кең көлемде насихаттауды мақсат еттік. Руханиятымызды таныту баршамыздың міндетіміз.
//Сыр бойы.- 26 қазан.- 4 б.
Жандос Есіркепов, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты
Тектілік тағылымы
Өркеш-өркеш болып түйедей шөгіп жатқан қалың қатпарлы қарт Қаратау сілемдерінің етегінде Талап ауылы орын тепкен. Бұл жердің табиғаты көркем, ауасы таза, суы балдай. Халқының ынтымағы жарасып, қаймағы бұзылмаған. Осы қасиетті өлкеден талай талантты дарындар, ғалымдар, дәрігерлер, ақын-жазушылар, спортшылар, өнер және қоғам қайраткерлері шықты. Осындай асыл текті азаматгың бірі — Зинабдин Шермағанбетов. Ол кісі ұзақ жылдар мектеп директоры болып жөне мемлекеттік қызметтер атқарды. Сондықтан ұстазымыздың кісілігі, тектілігі, біліктілігі, тұлғалығы жайында аз-кем қалам тартуды өзіме зор міндет санадым.
Биыл ұлағатты ұстазымыз үшін ерекше жыл. Олай дейтінім Зинабдин ағамыз 70 жасқа толады. Шермағанбетовтер өсіп-өнген, өркен жайған әулет. Облыс, республика тарихында өзінің лайықгы орны, өзіндік қолтаңбасы бар, қалың елге танымал, беделді де берекелі шаңырақ. Бұл әулеттен облысқа, республикаға белгілі ғалым, агроном, дәрігер, сәулетші, кәсіпкер, мұғалім, әнші, мұнайшы шықты.
Шын мәнінде, Шермағанбетовтер отбасын нағыз бақытты жандар деп айта аламыз. Бақытты ешкім сұрап, тартып, сатып ала алмайды. Ол сыйлай салатын шапан немесе мінгізе салатын ат та емес. Бақыт дегеніңіз — Құдайдың өзінің сүйген пендесіне көрсететін құрметті сыйы, жасайтын жақсылығы. Бұл әулет өз бақыттарын ата-анасының ақ батасынан, адал өмірден, адал еңбектен, ақыл-парасаттан, шынайы тазалықтан, әділдіктен, адамгершіліктен тапқан.
Зинабдин ағай мен Зөре апай өмірдің, еңбектің, бейнеттің, тұрмыстың қызығын да, қиындығын да, барын да, жоғын да халқымен бірге көріп келеді. Ардақты ағамыз жөнінде жұрт тебіреніспен әңгіме етеді. Адалдығы, тазалығы туралы әңгіме қозғайды. Әділдігі, іскерлігі, шешендігі, біліктілігі, талапшылдығы, адамгершілігі, тектілігі де тілге тиек етіледі. Ағамыз бүкіл саналы өмірінің жарты ғасырдан астам уақытын халыққа білім беру саласына арнады. Өзіне жүктелген міндетті адал атқарды. Білімділігі мен біліктілігін көрсетті. Терең рухани байлығы мен парасаттылығы нәтижесінде ұстазымыз көпшіліктің құрметіне бөленіп, абырой мен беделге ие бола білді.
Ұстазым білім саласына қаншама кажыр-қайрат жұмсады. Қиыннан қисынын таба білді. Асқан сабырлығы, пайым-парасаты тұлғалық сипатын аша түсті. Әріптестері «Ісіміздің іркіліссіз жүруіне, алға қойған міндеттердің мінсіз шешілуіне Зинабдин ағайдың карапайымдылығы, кіршіксіз тазалығы және өзгені өзіндей көретін бауырмалдығы даңғыл жол ашатын. Сондықтан да біз өзімізді Зинабдин Шермағанбетұлының шекпенінен шыккан шәкірттеріміз» деп жиі айтатынын құлағымыз шалып жүр.
Өз мамандығының қыр-сырына қанық аяулы ағамыз ұзақ жылдар бойы Талап ауылындағы №54 Ж.Қыдыров атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабак берді. Ол кісінің сабағы қызықты өтетін. Өмірдің өзі кестелеп ұсынған әр жобаның мәні осы ұстазымыздың сөзінде ме деп те ойлайтынбыз. Сондықган да біз ол кісіні әркашан іздеп жүрдік. Сөзін естіп, бағдар тапсақ, тапсырмасын орындап ойынан шықсақ деп бір-бірімізбен таласып жүретінбіз. Сонда біз болашағымыздың кірпішін қалап жатқандай сезінетін едік.
Қазақтың сайын даласы қандай кең болса, ұстазымыздың бойынан да осындай кеңцік пен дарқандықтың иісі аңқып тұратын. Ағай кісіні алалауды білмейтін. Таныс-бейтаныс деп бөлмей, қолынан келсе бәріне қамқорлық жасауға ұмтылатын. Менің ойымша, кейінгі жас ұрпақты білім нұрымен сусындатып, ізгілікке үндеп, алға жетелейтін, жақсылыққа баулитын осы ұстазымыз сияқты тұлғалы азаматтардың тектілік тағылымы болса керек.
Ұлағатты ұстаз білікті басшы да бола білді. Директор болған жылдары мектептің материалдық-техникалық базасы нығайып, кадрлық әлеуеті жоғарылап, облыстағы ең үлгілі мектептердің қатарында болды. Әсіресе спорт, өнер саласына үлкен қолдау көрсететін. Мектеп оқушылары спорттың баскетбол, үстел теннисі, футбол, волейбол, жеңіл атлетика түрлері бойынша облыста, республикада жүлделі орындардан көрінді. Мектепте спорт түрлерінен облыстық, аудандық, мектепішілік жарыстар жиі ұйымдастырылатын.
Жалпы, ағайдың шешендігі оның табиғатындағы үш касиетпен етене табысып жатады. Олар — білімге терендік, ойға ұтқырлық, сөзге тапқырлық. Білімге терендік арқау болып отырған тақырыпты ашудың телегей теңіз кендігіне алып шықса, ойға ұтқырлық қажетті тақырып аясындағы танымның ойға сыншылдықтың тезіне шыдас берер беріктігін танытады, сөзге тапқырлық - айтар ойды асыл сөздің алтын буына талғампаздықпен суарып, көркем ойды көрікті сезбен мың сан құбылтып, жарқырата жеткізу. Бұл білімнің нұрына қаныққан, терең даналық, кемеңгерлікке негізделген нағыз ұстазға тән қасиеттер болса керек.
Ұлағаттылық үлгісіндей болып көрінетін алтын ұстазымыз көп ұзамай қызмет бабымен басқа салаға ауысып кетті. Бізге үш-төрт жыл ғана сабақ берсе де, қаншама білім байлығына қол жеткізгендей болдық. Бірақ, ол кісі бізден алысқа ұзап кете қоймапты. Өзіміздің Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған екен. Жоғары қызметке барғанына қуанып тұрсақ та іштей қимаймыз.
Аудан басшылығы Зинабдин Шермағанбетұлына зор сенім артты. Бұл сенімге ол кісі өзінің іскерлігімен, биік болмысымен, ақыл-парасатымен, кәсіби біліктілігімен ие болған еді. Аудан әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тайғайындалған екен. Жоғары қызметке барғанына қуанғанымызбен іштей қимаймыз.
Аудан басшылығы оған зор сенім артты. Аудан әкімінің бірінші орынбасары болып жүргенінде қолдан жасалған кемшіліктерге жол бермейтін. Аудан халқының әлеуметтік ахуалының жақсаруына ерен еңбек сіңірді. Ол кісінің болмысында ешкімге ұқсамайтын бекзаттық, тектілік бар. Педагог, ұлық ұстаз қалпы осындай болса керек-ті. Білімі мен білігі, көсем ойы, шешен тілі басқа әріптестерінен оқ бойы озық етіп көрсетіп тұратын.
Аудандық білім бөлімін басқарған жылдары жанашыл қасиетімен елдің көзіне түсті, әріптестеріне де қатаң талап қоя білді. Әсіресе табиғи дарынды өрендерді іріктеп, дайындау мәселесіне көңіл бөлді. Бала тәрбиесінің шын мөнінде баршаның ісіне айналуына сүбелі үлес қосты. Байыпты басшы білім саласындағы реформаларға осы уақытқа дейін қомақты үлесін қосып келеді.
Зинабдин ағай педагогикалық басшылық қызметтердің кай сатысында болмасын, еңбексүйгіштігімен, адамгершілік парасатымен даралана білді. Үкімет тарапынан ұстазымызға берілген КСРО және Қазақстан Республикасының Халыққа білім беру қызметінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін», Ы.Алтынсарин атындағы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 және 20 жылдық мерейтойына арналған төсбелгілері мен көптеген марапаттау, алғыс хаттары ерен еңбектің әділ бағалануы деп білемін.
Зинабдин ағайымыз Зөре анамызбен екі ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірді. Үлкен ұлы Низамедин — белгілі құрылысшы, көсіпкер, Мейрамбегі — тарихшы, әке жолын жалғастырып қарапайым ауыл мектебіндегі мұғалімдіктен облыстық білім басқармасының бастығы деңгейіне дейін көтерілді, аудан, облыс әкімшілігі аппаратынын басшысы, орынбасары, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы қызметтерін абыроймен атқарды. Қазірде ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Білім және ғылым саласындағы бақьшау комитетінің облыстық департаментінің директоры қызметін атқарады. Үлкен қызы Көркем - дәрігер, ортаншы қызы Айгүл мен кенже қызы Әлия өз салалары бойынша білікті мамандар. Барлығы да жоғары білімді, ұл-қыз тәрбиелеп отырған бақытгы шаңырақ иелері.
//Сыр бойы.-2013.-29 қазан.- 4 б.
ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ - ЭКСПО-2017
Ж.Әлімханұлы
Ғасырда бір берілетін мүмкіндік
«ЭКСПО-2017» көрмесіне 2-3 млн. адам келеді деп болжанып отыр. Жуырда Елбасы Қытайда ресми сапарымен болған кезде, 2017 жылды Қазақстандағы Қытай туризмі жылы деп жариялау туралы ҚХР Төрағасымен келіскен болатын. Сондықтан елімізге келетін туристер қатары артады. Осыған орай ҚХР-дың арнаулы павильоны салынатын болады.
Мемлекет басшысы көрме қалашығының эскиз-жобасын жасауға ерекше мән беріп отыр. Осыған орай «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің ең үздік эскиз-идеясы, оның ішінде көрме нысанының символы жобасына халықаралық байқау жарияланған болатын. Оған әлемнің 50 атақты сәулетшілері өз жобаларын үсынды. Осы байқауға түскен жобалардың ішіндегі үздіктерін арнайы құрылған техникалық кеңес іріктеп алды.
«ЭКСПО-2017»-нің шеңберінде екі көрме ұйымдастырылады. Көрмеге қатысатын мемлекеттер өз павильондарын өздері салатын болады. Қазірдің өзінде құрылыс жобасын жасаушыларға тапсырма берілді. Әрбір павильонның өлшемдері бекітілді. Павильондар берік тұғырларға қондырылған едендер арқылы бөлініп, көп қабатты ғимараттарға айналады.
Төрткүл дүниенің төрт бұрышынан келетін жүздеген мың қонақтарды қабылдауға қонақ үйлердің жетімсіз болатыны айқындалып отыр. Сондықтан көрме қалашығы аумағында жалға беретін тұрғын үй құрылысы салынады. Көрмеге қатысатын мемлекеттер өз павильондарын жарақтандыру үшін алдын ала адамдарын жібереді. Міне, сол кезде оларға тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді жалға беру жағы ойластырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша содан кейін бұл үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі.
Олар белгіленген тәртіп бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға сатылады. Демек, халықаралық деңгейдегі үлкен шараның соңы еліміздің түйінді әлеуметтік мәселелерінің бірін шешуге мүмкіндік береді.
Жуырда ғана «Астана ЭКСПО-2017» ҰК акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтің «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында атап өткеніндей, ЭКСПО қалашығы болашақтың қаласы болып табылады. Ол ертеңгі күні елоордамыздың ғылыми, мәдени және сәулет орталығына айналады. Оның болашақ нысандары бүгінде ең дамыған озық технологиялар арқылы салынады. Көрме қалашығы біріншіден, балама қуат көздерінен нәр алады. Екіншіден, әрбір ғимарат өзі тұтынатын электр қуатын өзі өндіретін болады. Үшіншіден, осы жаңғыртылған электр энергиясын әрбір ғимарат бір-біріне тарата алатындай технологиямен жабдықталуы керек. Төртіншіден, балама қуат көздері арқылы өндірілген электр қуаты тиімді сақталуы керек. Бесіншіден, көрме қалашығында қатынайтын көліктер де қоршаған ортаға зиянсыз болуы керек. Бұл ретте, электрмобильдерді кеңінен лайдалану ойластырылуда. Қысқасы, көрме қалашығында адамзат ертеңінің тұғыры болып табылатын жер энергиясы, күн энергиясы, жел энергиясы жан-жақты пайдаланылатын болады. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «жасыл экономикаға» көшудің бірінші алғышарты болуы керек. «Болашақтың энергиясы» тақырыбының маңызы - бүгінгі күні адамзаттың ең өзекті мәселесіне айналған табиғи қуат көздерін тиімді пайдалануды кездейді. Мұны шешу қазір көптеген елдер үшін стратегиялық міндетке айналды. Тақырыптың өзегінде электр қуатын қолжетімді ету және кедейшілік деңгейін төмендету сияқты әлемдік көлемдегі мәселені шешу маңызды болып табылады. Ендігі кезекте бүкіл әлемге «жасыл экономика» және экологиялық қауіпсіз даму сияқты тың бағыт қажет. Жер бетінде дәстүрлі энергия шикізаттарының таусылу қаупі зор. Ал оларды пайдалану қоршаған ортаға орасан зор залал келтіруде. Сондықтан халықаралық қауымдастықта халықаралық көрме шеңберінде бас қосып, мәселені бірігіп шешу талқы өзегіне айналады. Елбасы Нұрсултан Назарбаевтың елімізде «жасыл экономика» бағытына көшіру жөніндегі бастамасы аталған мәселемен үйлесім тауып тұр.
Астанада халықаралық көрмені өткізу қуат үнемдеу - күн, жел, теңіз, мүхит және термалдық сулардың энергетикалық ресурстарын енгізу мәселесін кеңінен талқылауға жағдай жасайды. Т.Ермегияевтің атап өткеніндей, Мемлекет басшысы бүл іс-шараға жауапты адамдарды бекітті, Үкіметтің және елорда әкімдігінің алдында тұрған міндеттер мен мақсаттар айқындалды. Енді тек іске кірісу керек. Алдымен, 2017 жылға дейін ең жоғары технологияларды пайдалана отырып, осы ЭКСПО-ға болашақта келіп қатысушы елдер үшін барлық қажетті жағдайлар жасау міндеті түр.
Халықаралық сарапшылардың пікірінше, көрмені өткізу бұл Елбасының және еліміздің әлемдік сахнадағы зор беделінің айғағы. Бүл тәуелсіз еліміздің тарихи шежіресінде айшықты әріптермен жазылатын оқиға. Ал енді Бүкіләлемдік көрме өткізу экономикамызға едәуір серпіліс беретіні айқын. Акционерлік қоғам басқарма төрағасының пікірінше, біріншіден, әлемнің озық технологияларын елімізге әкелуге жол ашамыз. Ірі компаниялардың жетістіктерінен тәжірибе алмасамыз. Екіншіден, Астана қаласының дамуына үлкен серпіліс жасалады. Әлемдік озық технологиялармен салынған құрылыс нысандары ел игілігіне жаратылады.
Астанадағы және оның маңындағы шағын және орта бизнес саласын, оның ішінде қызмет көрсету саласын, қонақүй бизнесін, ішкі туризмді дамытуға және шет ел инвестицияларын тартуға зор мүмкіндік тудырғаны анық.
«Болашақтың энергиясы» тақырыбы өз кезегінде Қазақстанға жаңа технологияларды тартудың жақсы жолы сондай ақ ғылыми-техникалық ойды дамытуға түрткі болары сөзссіз.
ЭКСПО көрмесіне дайындық барысында мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылады. Көрмеге келушілерге тұратын орын, сапалы тамақ, аудармашылар, экскурсиялар мен ойын-сауық қажет болады. Сондықтан қосымша табыс табу мүмкіндіктері пайда болады. Шағын және орта бизнес иелері, инвесторлар үшін бұл жоғары сатыға көтерілудің жолы. Жастар үшін тамаша мүмкіндіктер туындайды.
Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу мүмкіндігінің өзі Қазақстанда ғана емес географиялық жағынан жақын орналасқан өзге мемлекеттерде экономикалық серпіліс жасай алатын тарихи маңызды оқиғаға айналады. 2017 жылы елімізде ЭКСПО көрмесі, Халықаральқ универсиада ұйымдастырылады. Астана өзінің 20 жылдығын атап өтеді.
Қорыта айтқанда, 2017 жылы біз үшін аса маңызды болады.
Дүниежүзілік көрмелер тарихы 1851 жылы Лондон қаласында өткізілген өнеркәсіп жетістіктерінің көрмесінен бастау алады. 1851- 1900 жылдар аралығында экономика мен сауданың өсу толқынында туындаған өндірістік жаңалықтар ұсынылса, 1900-1939 жылдары «Дағдарыстан - болашақты көруге дейін» тақырыбында өткізілді. Бүгінге дейін ол әртүрлі өзекті тақырыптар аясында бірнеше мәрте әлем халқының көзайымына айналды. Ал, 2010 жылы Шанхай қаласында «Жақсы қала - жақсы өмір» ұранымен ұйымдастырылған дүниежүзілік көрмені 73 миллион адам тамашалады. Көрмені ұйымдастырушылар 12 млрд. доллар пайда тапты. Орта бизнестің табысы 20 пайызға асты. Шанхайдаға шараға барлығы 192 мемлекеттен 50-ге жуық ұйым қатысты. «ЭКСПО-2010» қатысушылардың саны жөнінен, көрме қонақтары мен экспозициялардың аумағы жөнінен рекорд жасаған. Міне, сондықтан да Астанада өтетін халықаралық көрмеге әлеуметтік-экономикалық қана емес, саяси тұрғыдан да айрықша мән беруге болады.
ЭКСПО - Бүкіләлемдік көрме. Оны өткізу мүмкіндігі елге жүз жылда бір рет қана берілуі мүмкін. Кей елдерге мұндай мүмкіндік ғасыр ішінде де табыла бермеуі мүмкін. Қазақстан - сондай мүмкіндікке тәуелсіз дамуының алғашқы ширек ғасырында-ақ қол жеткізген сирек елдің бірі. Осы табысымыз арқылы біз Астананың 20 жылдығына қазірден тамаша сый дайындап жатырмыз. «ЭКСПО-2017» - халқымыздың қонақжайлылығын, айналып келгенде, ұлттың ұлылығын көрсетеді.
//Сыр бойы.-2013.- 19 қазан.- 5 б.
Достарыңызбен бөлісу: |