Реферат тақырыбы : «Демократияландыру үрдісіндегі азаматтық қоғамның рөлі»



Дата21.10.2022
өлшемі71,16 Kb.
#154368
түріРеферат
Байланысты:
УиА21-11 Тлеубекова Сымбат Саясаттану БӨЖ 7апта


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРИЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Демократияландыру үрдісіндегі азаматтық қоғамның рөлі»
Орындаған: Тлеубекова Сымбат
Тексерген: Маликов Бахытжан

Алматы 2022


Жоспар:

1.Кіріспе бөлім
Демократия және азаматтық қоғам ұғымдары

2.Негізгі бөлім


Демократияландыру үрдісі және сондағы азаматтық қоғамның рөлі

3.Қорытынды бөлім:


Демократияландыру үрдісіндегі азаматтық қоғамның басты рөлі және ерекшелігі мен сипаты.

Жалпы ең алдыменен азаматтық қоғам және оның қоғам алдыңдағы рөлін анықтап алсақ.Одан кейін барып демократияландыру үрдісіндегі рөлі айрықша бейнеленеді.Азаматтық қоғам – саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-теңдігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Дегенмен әлемдік әлеуметтік-философиялық ғылымда бұл феноменді зерттеудің екі түрлі бабы бар. Біріншісі азаматтық қоғамды әлеуметтік әмбебап категория ретінде қарастырады. Бұл ұғымға олар мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама-қарсы қойылған қоғамдық қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншілері азаматтық қоғам ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да, оны буржуазиялық (нарықтық- демократиялық) қарым-қатынастардың қалыптасуымен байланыстырады. Азаматтық қоғам деп адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Аталған мемлекеттік емес ұйымдардың іс-әрекеті арқылы ғана жеке адам социумның, әлеуметтің даму жолына әсерін тигізе алады. Сондықтан да азаматтық қоғамды коммуникацияның, қарым-қатынастың өзіндік ерекше формасы деп қарастырса да болғандай, себебі азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады.


Азаматтық қоғам үкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады. Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалық, мәдени, саяси, құқықтық қарым-қатынастар болуын талап етеді. Егер біз мемлекетті билік институты, бақылау және жазалау көзі ретінде қарастыратын болсақ, онда азаматтық қоғамды оған қарама-қарсы құрылым ретінде абсолютті еркіндік — анархия деп түсіну дұрыс емес. Шындығында әлеуметтік біртұтастықты қалыптастыратын осы екі бөлік бірін-бірі толықтыра отырып өмір сүреді. Мемлекетсіз азаматтық қоғам жоқ. Онсыз ретсіздік, төртіпсіздік, хаос, ұйымдаспағандық, ыдырау ғана мүмкін. Және де, керісінше, дамымаған азаматтық қоғамсыз демократиялық, құқықтық мемлекет те жоқ, тек зорлық-зомбылық, басыбайлық, тирания ғана бар. Азаматтық қоғамның пайда болуын іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі азаматтың пайда болуымен байланыстыратын көзқарастар да жоқ емес. Азамат белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болған іс-әрекет субъектісі. Азаматтық қоғамды осы тұрғыдан түсіндірудің бастамасы антикалық полис феноменімен байланысты.
Ал енді « демократия», «демократияландыру» терминдерінің рөлі қандай екеніне зер салсақ:Қазіргі демократиялық үрдістер ашық белең алған тұста азаматтардың құқығы мен бостандықтары да барынша кеңейген сайындемократия идеалдарын тарату, демократиялық институтарды енгізу мен пайдалану, сондай-ақ парламентке депутаттар жіберу мүмкіндіктерінің де молая түсуі қазақстандық демократиялық үрдістер үлгісінің өркениеттік құбылыс ретіндегі түсінігін тереңдете түседі. Адамзат қоғамы, қалыптасуы мен дамуы, ондағы болып жатқан өзгерістер, үрдістер мен үдерістер барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысаны болса да, әр ғылыми сала өзінің ерекше зерттеу нысанын таңдап алады. Демек демократияландыру үрдісі барлық қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарға ортақ зерттеу пәні ретінде қоғамды тұтас қарастырады деп айта аламыз.
Демократиялық қоғамда сана еркін­дігінің мөлшері болуы керек пе? Бұл демократиялық қоғам­ның даму деңгейіне байланысты. Сана еркіндігінің мөлшері соған сәйкес болады.Демократиялық қоғамда сана еркін­дігінің мөлшері болуы керек пе? Бұл демократиялық қоғам­ның даму деңгейіне байланысты. Сана еркіндігінің мөлшері соған сәйкес болады.Демократиялық үдерістердің, яғни сана еркіндігінің мөлшері қо­ғамның дамуына, яғни сана­ның тәрбиеленуіне сәйкес оң бағытта өзгеріп отыруы тиіс. Оны мұқият реттеуші тетік бол­ғаны абзал. Біз сияқты нарық­тық-демократиялық даму жолын­дағы жас мемлекет үшін бұл – қажеттілік. Нақтылы бүгінгі тарихи ғылыми көзқарастар мен түсініктер, тұжырымдар мен бағыттар тұрғысынан алғанда да, методологиялық және тарихнамалық жағынан алғанда да «демократия» «демократиялық үрдістер», «жаңартулар» (модернизациялау), «азаматтық қоғам» – тарихи білімдердің ерекше саласы, оның басты зерттеу пәні сан-қилы тарихи-мәдени, саяси-оқиғалық, этникалық және конфессионалдық мәнмәтіндегі (контекстегі) адамның үйреншікті, әдеттегі іс-әрекетінің аясы болып табылады. Олардың тарихын зерттеуде басты назар әртүрлі әлеуметтік топтардың өмірінде үнемі қайталанып отыратын, қалыпты және үйреншікті, олардың өмір сүру тәсілдері мен дағдысын, оған қоса айтқанда өмірлік құбылыстар мен оқиғаларға және мінез-құлықтар сарынына, осы үдерістер жүзеге асырылып жатқан қоғам, қоғам дамуы, оған тікелей ықпал ететін адамдардың тарихи санасы деген күрделі тұстары мен қырларын да кешенді түрде зерттеуге аударылады.Демократиялық үрдістер түсінігінің тарихилығын қарастыруда, ең алдымен, оның саясаттану пәнінде берілетін анықтамасын басшылыққа аламыз. Дегенмен, оның тарихи-саяси аспектісінде қарастыруда тарих ғылымындарының мақсатына сай қоғамның дамуындағы тарихи үдеріс ретінде зерттеу нысанына аламыз. Сол үдерістердің адамзат қоғамындағы алатын орны мен тәжірибесін, бүгінгі қоғамдағы атқаратын қызметіне талдау жасаймыз. Ал оның мазмұнын ашу үшін жалпы демократия сөзі және түсінігінің шығу тарихына көз жүгіртуіміз қажет.
Қазіргі заман өлшемімен алғанда азаматтық қоғамы ілгерілемеген елдің заман талабына, уақыт сұранысына сай дамуы қиын. Азат күннің алтын қазығы аста-төк қазба байлығы емес, азаматтық қоғам қалыптастыру екенін түйсінер кез келді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», деген болатын. Президенттің бұл сөзінен халық пен атқарушы биліктің ортақ мүдде орайында ықпалдасуының, қоғамдағы белсенділігі жоғары адамдардың заң шеңберінде бірлескен іс-қимылының маңыздылығын ұғамыз. Себебі азаматтық қоғамның белсенді болуы адам капиталын, әлеуметтік-экономикалық дамудың, демократиялық құндылықтардың ел игілігіне айналуының негізгі алғышарттарының бірі. Осы орайда біз бірқатар маманға өз сауалымызды қойған едік. Қазіргі демократиялық үрдістер ашық белең алған тұста азаматтардың құқығы мен бостандықтары да барынша кеңейген сайын, демократия идеалдарын тарату, демократиялық институтарды енгізу мен пайдалану, осылармен қатар тәуелсіз баспасөзді пайдалану, өз өкілдерін жергілікті өзін өзі басқару органдарына сайлау, сондай-ақ парламентке депутаттар жіберу мүмкіндіктерінің де молая түсуі қазақстандық демократиялық үрдістер үлгісінің өркениеттік құбылыс ретіндегі түсінігін тереңдете түседі.Адамзат қоғамы, қалыптасуы мен дамуы, ондағы болып жатқан өзгерістер, үрдістер мен үдерістер барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысаны болса да, әр ғылыми сала өзінің ерекше зерттеу нысанын таңдап алады. Мысалы, осы демократиялық үрдістердің өзін тарих ғылымының зерттеуі - оқиғалардың шығу себептері, дамуы, салдары мен тәжірибесін алса, саясаттану ғылымы – мемлекеттік-саяси билік жүргізу жақтарын, экономиканың зерттеуі - өндіріс пен өндірістік қатынастарға, тұтыну мәселелеріне ықпалын, әлеуметтану ғылымы – қоғамдағы болып жатқан өзгерістердің әлеуметтік мәселелерімен тығыз байланысты. Яғни, әрбір қоғамдық ғылымдардың өзіндік зерттейтін мәселелері осылайша бөлініп алынады.Демек, демократияландыру үрдісі барлық қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарға ортақ зерттеу пәні ретінде қоғамды тұтас қарастырады деп айта аламыз.
Демократияландыру үрдісінің ортақ пән ретіндегі бір ерекшелігі сол, олар біртұтас кешенді сипатта болады да, оған талдау мен сипаттама беру де саяси-экономикалық, саяси-әлеуметтік, саяси-мәдени, тарихи-саяси жағынан біртұтастықта қарастырылады. Бұл бүгінгі қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың кешенді түрде сабақтастықта дамуының дәлелі бола алады. Өйткені, өздеріңізге белгілі жеке адам, тап, ұлт, демографиялық, кәсіптік топтар әрқашанда қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығының субьектісі болып табылады. Сондай-ақ аталмыш өзара қатынастар мәселелері субьектілермен бірге біртұтас қоғамдық өмір және оның даму заңдылығы болып табылады.Осыған орай демократиялық үрдістердің өркениеттік құбылыс ретінде сипатын қазіргі қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысының өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары жайлы адамдар мен олардың бірлестіктерінің өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, формалары, әдістері жиынтығында, қоғамда жүзеге асырылып отырған демократиялық реформалардың тұрақтылығы мен өміршеңдігінің қазақстандық үлгісінің шеңберінде айқын көруге болады.
Көптеген елдердің қоғамтанушылары соңғы 25 жылда тоталитарлық және авторитарлық жүйелердің демократиялық жүйеге ауысу мәселелерін зерттеу нәтижесінде қазіргі замандық саясаттанудың бағыттарына көптеген өзгерістер енгізді. Қазіргі қоғамдық-саяси жүйе ретінде көрініс беріп отырған демократияның әлсіз және қайшылыққа толы екеніне байланысты біршама сындардың айтылып жүргені анық. Себебі, жалпы қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарды алмаған күнде, тек бір ғана саяси ғылымдардың өзінде ғана демократияның бес жүзге жуық анықтамасы кездеседі екен. Онын себебі демократия туралы ілімдер сантүрлі қағидаттарға негізделеді. Сондай-ақ олардың көпшілігі көпұлттық мемлекеттердегі этникалық жағынан туындайтын мәселелерді ескере бермейді. Мысалы, қазіргі Украинада орын алып отырған саяси жағдай осының жарқын айғағы болып табылады. Қазіргі заманда көпұлтты елдерде демократиялық үрдістердің әртүрлі болатындығына сонымен қатар, сонау 1989 жылы шығыс Европаның біраз елдері тоталитарлық жүйеден демократиялық үрдістерге көше бастаған тұста да анық сезілген болатын.Тәуелсіздікке қол жеткізген тұстан бергі еліміздегі жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық құрылымды жаңаша құру, жеке тұлғадан бастап азаматтарды және азаматтық қоғамды әлеуметтендіру жаңа сипат алуда. Қазақстан Республикасындағы саяси реформалардың жүргізілуі, әлемдік аренада қоғамды қазақстандық демократиялық реформалармен, былайша айтқанда, жаңартулар, яғни модернизациялаудың өзіндік ерекшелігі бар екендігін көрсетуде.
Дегенмен, XX ғасырдың оқиғалары көрсеткендей, азаматтық қоғам идеясы ескірген жоқ, керісінше анағұрлым өзектілік алды XX ғасырда тұлғаны тотальды –езіп жаншу қауіп пайда болды. Осы тұста демократия үрдісі қатаң тұрде орнығып артынша келеңсіз жайттар алып келсе, азаматтық қоғамның жайы не болмақ және оның үрдістегі рөлі қандай?
Бұл қауіптің негізгі көзі-саяси мемлекеттің құрылым билігінің шектен тыс өсуі, олардың тек экономикалық қатынастарды ғана емес, сонымен бірге рухани- мәдениет саласымен қоса, адам өмірінің барлық саласын жаулап алуға әрекеттенуі болды. Мұндай құрылымдардың аг-рессиялылығы тоталитарлық тәртіп, әкімшілдік бұйрықтық тәртіп, билікті жүзеге асырушылар мен қатардағы азаматтар арасындағы қаты-насты авторитарлық стилі болған елдердегі адам өмірінен айқын көрініс тапты. Сондықтан ⅩⅩ ғасырда азаматтық қоғамның концепциясын талдау тоталитарлық тәртіпті, тұлғаның құқығы мен бостандығын сақтауды сынау арқылы жүрді. Сонымен демократияландыру үрдісінің формациялық және өркениеттік ерекше құбылыс екендігіне, оның тарихи-саяси аспектісін анықтау барысында көз жеткізгеніміз Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамды демократияландыру жолындағы ұстанған саясаты тарихи қажеттіліктен туындаған объективті құбылыс. Дәл қазір Қазақстан қоғамы азаматтық қоғамды калыптастырудың бастауынан нақтылы шараларды жүзеге асыруға толықтай ауысты.
Мұндай нақтылы шаралардың бастамасы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 1998 жылдың29 қыркүйегінде Қазақстан халқына «Елдегі жағдай, ішкі және сыртқы саясаттыңнегізгі бағыттары:жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру,экономикалық және саяси реформа»жолдауында: «Тарихтың даму жолы елдің экономикалық және саяси дамуы қол ұстаса қатар жүруі керектігін, қосыла келіп, ғажап үн шығаратын скрипка мен виолончель сынды бірге тыныстауға тиістігін дәлелдеген үстіне дәлелдей түсуде.Қазақстан үшін экономикасы дамыған ерен ел болу аздық етеді. Қазақстан демократия мен адам құқықтарының жақтаушысы әрі сенімді символы болуға тиіс.Сіздерді мынаған сендіргім келеді: бұл айтқаным - болашаққа тілек қана емес, бұл - бүгінгі күннің көкейкесті міндеті.
Бүгінгідей тарихи күнде мен сіздерге қоғамды демократияландыру мен саяси реформалардың бағдарламасын ұсынамын, мұның өзі бізді ұлттық тарихымыздағы жаңа белеске алып шығатын шешім болмақ
Қазіргі саяси теорияда азаматтық қоғам идеясы саяси плюрализмге, бәсекелес әлеуметтік топтардың ортақ консенсусы мен әріптестігіне негізделген демократия идеясымен топтастырылды; қазіргі демократиялық қоғамның негізгі міндеті-халықтың әр түрлі топтарының көптеген мүдделерін есепке алу және үйлестіру жолымен жалпы азаматтық консенсусқа жеткізу, қарама-қайшылықтарды жою және жеңілдету, интеграциялық қоғамға бағытталған азаматтық келісімді қалыптастыру.Әрбір қоғамда азаматтық қоғам тұжырымдамасының әр түрлі болуы индивидтің жеке еркіндігі, әрбір тұлғаның өзіндік құндылығы идеясының қалыптасуымен байланысты.Жоғарыда азаматтық қоғамға берілген әр түрлі ойшылдардың көз-қарастарынан азаматтық қоғамға төмендегіше тұжырым жасалады:
Біріншіден, азаматтық қоғам жеке меншік, жұмысшы күшінің және еркін кәсіпкерлік нарқының енуі негізінде адамның монарх езгісінен босап, өзі басқа да азаматтар сияқты заңды құқықтары тең азаматқа айнал-ған ерте буржуазиялық құрылыс өкілі.Басқаша айтсақ, өзгелермен тең азаматтық құқық және өзіндік азаматтық құндылықтары жоғары қаралған жаңа индивид азаматтар бол-майынша азаматтық қоғам болуы мүмкін емес.
Екіншіден, азаматтық қоғам-отбасы, білім беру жүйесі, ғылыми және рухани бірлестіктер, кәсіби, әйелдер, жастардың қоғамдық ұйымдары, әр түрлі кәсіптердің (студенттер, инженерлер, адвокаттар және т.б.) өкілдері және ассоциациялары сияқты мемлекеттік емес институттар арқылы жүзеге асырылатын жеке мүдделер мен адамдар қажеттілігі саласы бо-лып табылады.
Үшіншіден, азаматтық қоғам- мемлекеттік институттармен үнемі қарама-қайшылықта болатын саяси емес ұйымдар жүйесі. Азаматтық қоғамның құрылымы мемлекеттің бұйрығымен қалыптаспайды, ол ішкі се-бептерге байланысты төменнен құрылады. Мұндай әлеуметтік салаға кіретін субъектілер бір-біріне тәуелсіз, еркін және тең бәсекелестер сияқты өзара қызмет жасайды.
Төртіншіден, ХХ ғасырдың басына қарай Батыстың көптеген елде-рінде халықты билікке араластырудың қосымша механизмі ретінде азаматтық қоғамның нақты түрі жасалды. Азаматтық қoғaмның ажырамас құрамды бөлiгi бола отырып, «үшiншi сектор» елдегi қоғамдық-саяси процестердi ары қарай демократияландыруға оң ықпалын тигiзедi. Мемлекеттiң демократиялық жүйесi әзipше дамымай oтырған жағдайда, дәл осы бейүкiметтiк ұйымдар арқылы азаматтық қoғaм көбiне iлгерi дамып отырады.Міне үрдістегі азаматтық қоғамның рөлі осындай да ерекше.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Философский словарь / под. Ред. М.М. Розенталя и П.Ф. Юдина. – М.: Изд. Политлитературы, 1963. – С.11-120.

2. Большая советская энциклопедия. – М.: Советская энциклопедия, 1969-1978; Советский энциклопедический словарь. - М.: Советская энциклопедия, 1980. – С. 378.


3. Концепции и определения демократии: Антология / Ред.-составитель и автор предисловия А.В. Фененко. – М.: Комкнига, 2006. – 224 с.


4. Ильин М.В. Ритмы и масштабы перемен. О понятиях «процесс», «изменение» и «развитие» в политологии. - Полис, 1993. - № 2. - С 57-58.


5. Хэлд Д. Модели демократии – пер. с англ. М. Рудакова. – М.: Дело, 2014. – 540 с.; Хэлд Д и др. Глобальные трансформации: политика, экономика, культура. / Пер. с англ. В. В. Сапова и др. - М.: Праксис, 2004. - 576 с.


6. Хантингтон С. Столкновение цивилизаций. -М.: ООО «Издательство АСТ», 2003. – 603, [5] с.

7. Хантингтон С. Третья волна. Демократизация в конце XX века /Пер. с англ. - М.: «Российская политическая энциклопедия» (РОССПЭН), 2003. - 368 с.;Хантингтон СБудущее демократического процесса: от экспансии к консолидации // Мировая экономика и международные отношения. - 1995. - № 10.


8. Мельвиль А.Ю. Демократические транзиты. Теоретико-методологические и прикладные аспекты. - М.: Московский общественный научный фонд, 1999. – 105с

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет