Су қоймасы- суды тоқтатуға, жинақтауға және сақтауға арналған, өзендер алаптарында түзілген, су тірегіш ғимараттармен бекемделген, едәуір сыйымдылықтағы жасанды су қоймалары.
Қазақстанның су қоймаларының тізімі
су қоймасы
орны
пайдалануға берілген жылы
ауданы км2
ұзындығы
ені
тереңдігі
Бұқтырма
Ертіс өзені ШҚО
1967
5500
600
40
80
Қапшағай
Іле өзені Алматы обл.
1970
1847
187
23
43
Шардара
Сырдария өзені ОҚО
1966
900
48
20
26
Көксарай
Сырдария өзені ОҚО
2011
460
-
-
-
Сергеев
Есіл өзені СҚО
1969
117
75
7
20
Қаратомар
Тобыл өзені Қостанай обл.
1965
92
72
4
16
Самарқан (Теміртау бөгені, Нұра бөгені)
Нұра өзені Қарағанды обл.
1941
82
25
7
12
Бөген
Бөген өзені ОҚО
1967
65
13
6
15
Астана (Вячеслав)
Есіл өзені Ақмола обл.
1969
61
11
10
25
Киров
Көшім өзені БҚО
1967
39
22
4
7
Топар (Шерубайнұра)
Нұра өзені Қарағанды обл.
1960
39
13
4,2
24
Кеңгір
Кеңгір өзені Қарағанды обл.
1952
37
33
1,6
25
Өскемен
Ертіс өзені ШҚО
1963
37
85
1,2
45
Тасөткел
Шу өзені Жамбыл обл.
1974
77
18
8,5
23
Бұқтырма бөгені (орыс. Бухтарминское водохранилище) - Ертіс өзенінде, Шығыс Қазақстан облысы аумағында, Қалба, Нарын, Күршім жоталары аралығында орналасқан Қазақстандағы ең ірі бөген.
Бұқтырма бөгені (орыс. Бухтарминское водохранилище) - Ертіс өзенінде, Шығыс Қазақстан облысы аумағында, Қалба, Нарын, Күршім жоталары аралығында орналасқан Қазақстандағы ең ірі бөген.
Гидрологиясы
Су айдыны 5940 км2, ұзындығы 600 км, ені 40 км, ең терең жері 80 м. Суының көлемі 49,6 км3. Бөгеннің құрамына Қара Ертіс өзенінің атырауы, Зайсан көлі, Ақ Ертіс өзенінің бір бөлігі (бастауынан Серебрянск қаласына дейін), Бұқтырма, Нарын өзендерінің төменгі ағысы кіреді. Су деңгейі мамыр айының бас кезінде көтеріле бастайды да, тамызда ең жоғарғы биіктігіне жетеді. Қыркүйек айынан сәуірге дейінгі мерзімде су деңгейінің көп жылдық ауытқуы 5,0 м-ге жетсе, маусымдық тербелісі – 1,3 – 3,8 м аралығында болады. Суы тұщы. Минералдылығы 0,05 – 0,14 г/л, жұмсақ, химиялық құрамы – гидрокарбонатты кальцийлі.
Бұқтырма бөгенін толтыру 1960 жылдың сәуір айында басталып, 1962 жылы Ертіс өзенінің суы Зайсан көлімен қосылған соң біртұтас су айдынына айналды.
Бұқтырма бөгенін су түбінің морфометриялық ерекшеліктеріне байланысты шартты түрде үшке бөлінеді: жоғарғы (көлдік), орта (таулы-аңғарлық) және төменгі (таулық) бөліктер
Бөгенде фитопланктонның 280, зоопланктонның 260 түрі кездеседі. Сазан, Табан балық, көксерке түрк балық (омуль), шармай, ақ амур, бақтақ, т.б. балықтар өседі. Жылына орта есеппен 8 – 9 мың т балық ауланады. Бұқтырма бөгеніндегі Өскемен, Бұқтырма су электр станциялары Шығыс Қазақстан облысының аудандарын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Көктемде бөгеннен жіберілген су Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының жүздеген мың га егісі мен шабындықтарын суландырады