Қазақстандағы сот билігі: кеше және бүгін



бет1/2
Дата14.10.2022
өлшемі37,71 Kb.
#153153
  1   2
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы ұлттық идея мен тарих мақала
3-дәріс, 2 апта, Ф 11-19 Турекулова Ж. Е



Жоспар
Кіріспе
1. Ахмет Байтұрсынұлы Өмір белестері, тарихы.............................................3
2. Ахмет Байтұрсынұлы тарихи Хронологиясы..........................................5
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ұлы ағартушы демократтар Ы.Алтынсарин мен А.Құнанбаевтың көздерін көрмесе де, ұлағатты сөздері-шығармаларымен сусындап, олардың ұстаздық ісін, ақындығы мен аудармашылығын XX ғасырдың басында азаматтық жүрегімен қабылдап алып, жемісті жалғастырған қазақ халқының аяулы ұлдарының бірі Ахмет Байтұрсынұлы сан ғырлы талант иесі еді. Ақын, аудармашы, педагог, публицист, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының есімі мен еңбектері төңкеріске дейінгі кезеңде-ақ қалың ел, дүйім көпшілікке кеңінен мәшһүр болатын. Ол шынында да қазақ халқының «рухани көсемі» М.Әуезов болған айрықша санаткер еді. Ұлы ағартушы демократтар Ы.Алтынсарин мен А.Құнанбаевтың көздерін көрмесе де, ұлағатты сөздері-шығармаларымен сусындап, олардың ұстаздық ісін, ақындығы мен аудармашылығын XX ғасырдың басында азаматтық жүрегімен қабылдап алып, жемісті жалғастырған қазақ халқының аяулы ұлдарының бірі Ахмет Байтұрсынұлы сан ғырлы талант иесі еді. Ақын, аудармашы, педагог, публицист, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының есімі мен еңбектері төңкеріске дейінгі кезеңде-ақ қалың ел, дүйім көпшілікке кеңінен мәшһүр болатын. Ол шынында да қазақ халқының «рухани көсемі» М.Әуезов болған айрықша санаткер еді. Ұлы ағартушы демократтар Ы.Алтынсарин мен А.Құнанбаевтың көздерін көрмесе де, ұлағатты сөздері-шығармаларымен сусындап, олардың ұстаздық ісін, ақындығы мен аудармашылығын XX ғасырдың басында азаматтық жүрегімен қабылдап алып, жемісті жалғастырған қазақ халқының аяулы ұлдарының бірі Ахмет Байтұрсынұлы сан ғырлы талант иесі еді. Ақын, аудармашы, педагог, публицист, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының есімі мен еңбектері төңкеріске дейінгі кезеңде-ақ қалың ел, дүйім көпшілікке кеңінен мәшһүр болатын. Ол шынында да қазақ халқының «рухани көсемі» М.Әуезов болған айрықша санаткер еді.



Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) – ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды.
Өмір жолы. Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі – уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады. А.Байтұрсынұлы шығармаларының үлкен тобы тарихқа қатысты. Оның тарихи көзқарасын қалыптастырған арналар мейлінше құнарлы. Біріншіден, даланың ауызша тарихымен бала шағынан сусындап өсті. Отарлау саясаты қазақтың дәстүрлі өмір салтын түпкілікті бұза алмағандықтан шежіре тарқату, тарихи жырларды жатқа білу, ұлы даланың тұлғаларын мақтан тұту, ел мен жер туралы аңыз-әңгімелерді ұрпақтан-ұрпаққа аманаттау халықтық педагогиканың мызғымас қағидаты ретінде жұмыс істеп тұрды.
Екіншіден, XIX ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ қоғамының өлшемімен қарасақ, Ахаң тәп-тәуір білім алып шықты. 1929 жылы өз қолымен жазған өмірдерегінде айтылғандай, 1882-1884 жылдары кейде үйдегі сауатты адамдардан, кейде кездейсоқ жақын маңайға келген ауылдық мектептен қазақша сауатын ашады. 1886-1891 жылдары Торғай екі сыныптық орыс-қырғыз (қазақ) училищесінде, 1891-1895 жылдары Орынбар қазақ мұғалімдер мектебінде білім алады. Бұларда отарлық идеология мен насихат үстемдік құрғанмен, берген білімінің сапасы айтарлықтай жоғары еді. Тарих пәні де оқытылатын.
Үшіншіден, үздіксіз интеллектуалды ізденіспен ғұмыр кешті. Ол жайлы өзі былай жазады: «1901 жылдан бастап, оқытушылықтан қол босаған уақыттарымда өз бетіммен білімімді толықтырдым, әдебиетпен шұғылдандым». Алғашқыда отарлық, кейінде тоталитарлық қуғын-сүргін көсіле жазуына мүмкіндік туғыза бермеді. «Қазақ» газеті мен Алаш қозғалысының басы-қасында жүру, Кеңестік Қазақстанның саясаты мен тыныс-тіршілігіне араласу шығармашылық жұмысқа септеспеді. Соның өзінде артында мәңгілік мұра қалдыра алды.
Төртіншіден, ғасырлар тоғысындағы Ресейде тарих ғылымы әдебиеттен кейінгі көрнекті орында тұрды. Соловьев пен Карамзиннің дәстүрін шығыстанушылар мен түркітанушылар (Радлов, Ме-лиоранский, Бартольд, т.б.) лайықты жалғастыра алды. Түркі әлемінің мақтанышына айналған И.Гаспыралының, Ш.Маржанидің, Шоқанның, Халидтің еңбектерімен танысуы тарихи жадын байытты, санасы мен танымын тереңдетті. Қазақ тарихының көне дәуірден XX ғасырға дейінгі сүлбесі идеялық серігі Ә.Бөкейхан кітаптарында түзілгенін ескерсек, Ахаңның даярлығы осал болмағанын ұғынамыз. «Әдебиет танытқышта» тарих пәнінің мәні мен ерекшелігіне, тарих ғылымының мамандарықтары мен салаларына, тарихшының міндетіне қысқа да нұсқа тоқталып өткен. Зерттеу объектісі ретінде тарих өте күрделі құбылыс екенін дәйектеу үшін «әуезе» ұғымын қолданысқа енгізеді. Әуезе оқиғаны хронологиялық тәртіппен, уақыт және кеңістік шегінде мазмұндауды, мағлұмат беруді талап етеді, сонысымен тарихи жадты, сананы, танымды қалыптастыру миссиясын атқарады. Ахаң әуезенің алты құрамдас бөлігін көрсеткен: шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме, тарих, тарихи әңгіме. Бұл жерде автор тарихтың ақпараттық-деректік және тарихнамалық негіздерін жүйелеп тұр. «Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме, – дейді ол, – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер». А.Байтұрсынұлының пайымдауынша тарих әуелі ұлы дерек, айғақ.
Келесі назар аударған мәселесі – тарихи зерттеудің теориялық-методологиялық әлеуеті. Деректің сапалы-сапасыз, толымды-толымсыз болуына зерттеуші жауап бермейді. Сол себепті деректің бәрі ғылыми айналымға кіруі міндетті емес, ізденуші керегін «аударып, ақтарып... алады». Бұл қағидат деректанушыға да, дерекке де қатысты. Ол ізденушіге ақпараттың қүндысын табуға жол көрсетсе, екінші жағынан деректер корпусының сапасын арттыруға ықпал етеді. Ал соңғысын ақиқат биігінен сөйлете алу ғалымның әлеуметтік-кәсіби даярлығымен, талантымен анықталады. «Тарихшылардың мақсаты, – деп жазды А.Байтұрсынұлы, – уақиғаның уақытын ғана көрсету яки не түрде болған тысқы сиқын ғана көрсету емес, ол уақиғаның болуына нендей нәрселер уақиғалар себеп болғанын көрсетіп, ішкі мәнісімен де таныстыру». Демек, тарихи зерттеудің және зерттеушінің теориялық-методологиялық өресі биік болғанда ғана ақиқат ашылады, ақтаңдақтар жойылады.
«Әдебиет танытқышта» тарих ғылымын мамандықтарға жіктеу талпынысы бар. Мұнда үш мамандық көрсетілген: біріншісі «бүкіл адам баласы дүниеде қандай өмір шеккенін сөйлейтін тарих «Жалпы тарих» деп аталады». Бүгін де тап осылай аталып келеді. Екіншісі «адам мәдениет жүзінде жүрген жолдарын баяндайтын тарих «Мәдениет тарихы» деп аталады». Тарих тармақтарына жатқызғандары: «шаруа тарихы, өнер тарихы, дін тарихы, даналық тарихы, әдебиет тарихы, тағысын тағы сондай тарихтар». Ахаң атаған «Мәдениет тарихы» да, «Тарих тармақтары» да азды-көпті толықтырулармен қазір де бар.Үшіншісі «Жалқы тарихтар – түрік-моңғол тарихы, қытай тарихы, жапон тарихы және сондай бөлек-бөлек жұрттардың, ұлттардың тарихы» атауы бойынша болар-болмас өзгеріске ұшырады. Енді «Жалқы тарих» демейміз. Қазақстанда «Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы)» деп айдарланса, Ресейде «Отечественная история» атауымен сақталып тұр.
Дерек пен айғаққа, сындарлы теория мен методологияға негізделген тарих «сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы» деп білген Ахаң тарихи үдерістердің себебін табиғат заңымен байланыстырады. Әрине, бұл тым шектеулі түсінік. Тарихтағы табиғаттың рөлін ешкім жоққа шығармайды. Дегенмен бірінші орында халықтың іс-әрекеті, тұлғаның ізашарлығы, биліктің шешімдері тұрады.
Тарих пен ақиқаттың ажырағысыз бірлікте болғанын қалады. «Тарихтың қызметі, – деп жазады А.Байтұрсынұлы, – бүтін адам баласының яки бүтін бір жұрттың, иә таптың өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту». Ал ақиқатты айтудың басты шарты зерттеушінің деректер кешенімен таныстығында, жұмыс істей білуінде екенін дәлелдейді: «тарихшылар халық басынан кешкен түрлі уақиғалардың мағлұматын сымға тартқандай сынға салып, мінсіз етіп, дұрыстап өткізеді». Естіген-білгенін сол қалпында тізе бермей, «рас- өтірігін тексеріп, расын ғана алады». А. Байтұрсынұлының тарихи санасы мен танымын кешенді ұғыну үшін қазақ ойшылдарынан кімді ұлықтағанын, қандай шығармаларына екпін бергенін, егер оларға түсініктеме жазса, қандай ойын қолдағанын білудің маңызы зор. Айталық, «Оқу құралында» Шоқанның екі еңбегі – «Ерте замандағы қазақ қару құралдары» мен «Сіргелі Елшібек батыр» берілген. Тіленші би «Қаз дауысты» Қазыбек бидің немересі, Бекболат бидің баласы екені Шоқан кітабына сілтеме жасаумен дәйектелген. Абай, Ыбырай, Сәкен, Мағжан, Міржақып, Бейімбет өлеңдері мен әңгімелері қазақ этнографиясы мен менталитетін, ұлттық коды мен руханиятын қоғамдық санада орнықтыруға қызмет етеді. Шығармадағы «Кенесары қоныстан ауғанда Досқожа ақынның айтқаны» деген көлемді жыр бір қарағанда туған жер одасындай көрінуі мүмкін. Ал тереңірек үңілген оқырман ұлттық тарих пен жердің арасындағы мәңгі байланысты, өзара ықпалдастықты көре алады.А.Байтұрсынұлы тарихты ғылымға айналдырып қана қойған жоқ, ХХ ғасырдағы ұлттық тарихымыздың жарқын беттерін түзуші биігіне көтерілген ұлы тұлға. Оның идеялары Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, М.Шоқай, К.Кемеңгеров, Х.Досмұхамедов зерттеулерімен үндесіп жатыр. Кеңестік билік сол асыл мұраны жарты ғасырдан астам уақыт бойы тас қапаста ұстады. Ұлттық тарихи ақыл-ойды мүлде басқа арнаға бұрып жіберді. Енді, міне, кешігіп жеткен рухани жаңғырудың тілегін тілеудеміз.
2. Ахмет Байтұрсынұлы тарихи Хронологиясы
Туған жері — бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).

1882—1884 жж. ауыл мектебінде оқыды.


1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.
1895—1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.
1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды.
1912 ж. Оқу құралы. Қазақша алифбасы Орынборда жарық көреді.
1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді.
1918-19 жж. Алаш Орда қатарында болады.
1919 ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады.
1922-25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.
1925-29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды.
1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген.
1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жұбайы Бадрисафамен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. тамыз айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, алты айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған. Сәкен Сейфуллин баға беріп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы былай депті: Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті.
Мұхтар Әуезов былай депті: Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса» ; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет