Мәселелері және ерте және зорлықпен жасалған некелердің алдын алу (профилактикалық) шаралары Мақсаты



бет1/4
Дата11.11.2022
өлшемі26,09 Kb.
#157727
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Қазақстан Республикасының заңдарындағы отбасы мен нек...жә...лықпен жасалған некелердің алдын алу (профилактикалық) шаралары


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының заңдарындағы отбасы мен неке мәселелері және ерте және зорлықпен жасалған некелердің алдын алу (профилактикалық) шаралары


Мақсаты: Оқушылардың Қазақстан Республикасының заңдарындағы отбасы мен неке мәселелері, некеге тұру жасы және зорлықпен жасалатын некелерге жол берілмеуі керектігі туралы хабардарлығын арттыру.


Міндеттері:

  1. ҚР заңнамасының отбасылық-неке негіздерімен таныстыру

  2. Некеге тұру жасы және зорлықпен жасалатын некелерді болдырмау және олар үшін жазалау ұғымын ашып көрсету

  3. Отбасын құрудың жауапкершілігін саналы, құқықтық түсінуді қалыптастыру



Сабақтарды өткізу әдістері:таныстырылымдар, шағын топтардағы жұмыс, дискуссия.


Оқу уақытын бөлу:



  1. Кіріспе, энерджайзер (бой сергіту) (5 мин.)

  2. Таныстырылым: Қазақстанның отбасы және неке туралы заңнамасы. «Некеге тұру жасы» туралы ұғым. Қазақстанның тарихындағы зорлықпен болған некеге деген көзқарас. Адамды ұрлау – зорлықпен болған неке: жауапкершілік шаралары. (15 мин.)

  3. Ашық дискуссия: Отбасы – бұл саналы қадам және саналы шешім. (15 мин.)

  4. Кері байланыс (5 мин.)

  5. Сабақ қорытындыларын шығару (5 мин.)



Сабақтың барысы



  1. Кіріспе, энерджайзер (бой сергіту).

  2. Таныстырылым: Қазақстанның отбасы және неке туралы заңнамасы.

«Некеге тұру жасы» туралы ұғым. Қазақстанның тарихындағы зорлықпен болған некеге деген көзқарас. Адамды ұрлау – зорлықпен болған неке: жауапкершілік шаралары.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЗАҢНАМАСЫ НЕКЕ МЕН ОТБАСЫ ТУРАЛЫ НЕ ДЕЙДІ?
Ерлер мен әйелдердің нәсілге, ұлтқа немесе діни сеніміне қарай ешқандай шектеусіз некеге тұру және отбасын құру құқығы жалпыға бірдей танылған қағидат болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: «Неке мен отбасы, ана болу, әке болу және балалық шақ мемлекеттің қорғауында» деп жазылған.
Қазақстан Республикасының әйелдер мен кәмелетке жетпегендерді қорғау саласындағы қазіргі заманғы заңнамасы халықаралық құжаттардың талаптары мен стандарттарына бағдарланады және некеге тұрудың ерікті және еркін қағидатын қамтамасыз етеді.
ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес некеге тұрудың мынадай шарттары бар:

  • некеге тұратын еркек пен әйелдің еркін және толық келісімі;

  • олардың неке жасына толуы.

Ешкім де Сізді некеге тұруға мәжбүрлей алмайды – Қазақстан заңнамасы осылай дейді. Отбасын құратын еркек пен әйелдің өзара еркін келісімін олар еркін және тәуелсіз түрде айтуға тиіс.
Некеге тұрған кезде бұл бірінші кезекте маңызды болатын жағдай. Ал осы некені тіркеуші адамға болашақ ерлі-зайыптылардың біреуі қарсы екені белгілі болса, неке тіркелуі мүмкін емес. Некеге тұруға еркін түрде шешім жасалуын адам өзі растауы керек. Ешқашан да неке қиюды сенім білдірілген адам арқылы, туыстары немесе достары арқылы жүзеге асыруға болмайды.
Некеге еркін тұру некелесетіндердің отбасын құруға өзара және саналы түрдегі дайын екендіктерін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен бірге ол кімнің тарапынан болса да физикалық немесе психикалық түрде зорлық жасап мәжбүрлеудің жоқтығын да білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет