Мәселелері және ерте және зорлықпен жасалған некелердің алдын алу (профилактикалық) шаралары Мақсаты



бет2/4
Дата11.11.2022
өлшемі26,09 Kb.
#157727
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақстан Республикасының заңдарындағы отбасы мен нек...жә...лықпен жасалған некелердің алдын алу (профилактикалық) шаралары

НЕКЕГЕ ТҰРУ ЖАСЫ.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінде некеге тұру жасы 18 жас деп белгіленген. Бұл азаматтық әрекетке қабілеттілік немесе заң алдында толық көлемде жауапкершілікте болу жасымен сәйкес келеді. Кодексте некеге тұру жасын төмендету мүмкіндігі көзделген, бірақ ол екі жылдан көп емес және жүктілік пен дүниеге баланың келуі сияқты дәлелді себептер болғанда ғана қолданылады. Бұл ретте заң некеге тұру үшін шекті жасты, сондай-ақ некеге тұрушылар жасының арасындағы айырмашылықты белгілемейді.


ЗОРЛЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН НЕКЕ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА ШАРАЛАРЫ
Зорлықпен көндіріп неке қию, серіктердің біреуінің немесе екеуінің де келісімінсіз, физикалық немесе психикалық зорлықты қолдана отырып некеге тұрғызу бұл проблема емес, бұл қылмыс! Зорлықпен жасалған некелер көбіне ерте некелермен байланысты. Жиі жағдайда бұл кәмелеттік жасқа толмағандардың өздерінде таңдау құқықтары бар екендігін білмеуімен байланысты. Зорлықпен жасалған некелермен
«қалыңдық ұрлау» (қыз алып қашу) сияқты, қыздардың еркінен тыс, физикалық және сексуалдық зорлықты қолданып, жүзеге асырылатын дәстүр де байланысты Шындық кәмелетке толмаған қалыңдықтардың өз құқықтарын қорғауға және жүзеге асыруға мүмкіндіктері аз екендігінде. Жас болуы, өмірлік тәжірибесінің жоқтығы, қорқыныш пен күйеуіне және оның отбасына материалдық тұрғыдан тәуелді болу жас келіншектерді зорлық-зомбылықтың алдында дәрменсіз етеді.
Некеге тұруға мәжбүрлеген немесе «қалыңдық ұрлау» (некеге тұруға мәжбүрлеу мақсатында қызды алып қашу) жағдайда адам ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік (ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы), не он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін және сексуалдық сипаттағы өзге әрекеттерді жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген (ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы).


ДІН БОЙЫНША ЖАСАЛАТЫН ЕРТЕ НЕКЕЛЕР ЗАҢҒА ҚАЙШЫ!
Ерте немесе көп әйелді некеге тұру үшін көп жағдайда діни неке қиюлар пайдаланылады, олардың заңды күштері жоқ және әдетте, азаматтық той рәсімін толықтырады. Мемлекеттік органда тіркелетін заңды некеге тұрмаған әйелдер де, заңды некеден тыс туған балалар да заңдық қорғауға ұдайы жүгіне алмайды.
Некеге тұруға мәжбүрлеу қоғамдағы әйелдің теңсіздігін күшейтеді, ол өз-өзінің жолын айқындау еркіндігін шектейді, зорлық-зомбылықтың алдында әлсіз жағдайда қалдырады. Зорлықпен жасалған және ерте некелер көп жағдайда қыз балалардың денсаулығын сақтау, физикалық және психикалық қол сұғылмаушылық сияқты құқықтарының одан әрі де бұзылуына әкеп соғады. Қазіргі кезде зорлықпен жасалған және ерте некелер де халықаралық заңдарды да, қазақстандық заңдарды да өрескел бұзу деп танылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет