Мәселелері және ерте және зорлықпен жасалған некелердің алдын алу (профилактикалық) шаралары Мақсаты



бет3/4
Дата11.11.2022
өлшемі26,09 Kb.
#157727
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақстан Республикасының заңдарындағы отбасы мен нек...жә...лықпен жасалған некелердің алдын алу (профилактикалық) шаралары

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚПЕН БОЛҒАН НЕКЕГЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАС.
Тарихи тұрғыдан алғанда Қазақстандағы отбасы, оның ғұрыптары мен дәстүрлері қашанда заңдармен және қазақ құқығымен қатаң сақталған, соның ішінде отбасын құруға және оның тіршілік етуіне қолсұғушылықтар үшін қатаң жазалар белгіленген. Алайда, бұрынғы қазақ қоғамы қыз алып қашуға әртүрлі көзқараста болған.
Айталық, күйеу жігіттің құда түсіп, атастырылып қойған қалыңдықты алып қашуы, оның үстіне қалыңы төленіп қойған болса, ауыр қылмыс ретінде қарастырылмаған. Мұндай жағдайда қалыңдық жағымен татуласып, азын-аулақ айыппұл төлеумен құтылған.
Ал атастырылып қойған біреудің қалыңдығын алып қашу ауыр қылмыс ретінде қарастырылған. Егер қыз алып қашушының үйінде қалған болса, ол екі еселенген қалың көлемінде айыппұл төлейтін болған, ал қыз бұрынғы күйеуге қайтарылған жағдайда, айыппұл көлемі қалың көлеміне тең болған. Егер де алып қашуға қалыңдықтың туыстары атсалысып, араласқаны белгілі болса, олар қалыңды толығымен қайтарып, айыппұл төлейтін болған.
Атастырылмаған қызды оның келісімімен алып қашқан жағдайда, оның ата- атасынан кешірім сұрап, жығылып, айыппұл төлеу көзделеді. Мұндай жағдайда кәдімгідей құдалық пен үйлену тойы жасалған, бірақ қалыңдықтың ата-анасы жасау беруден бастарта алатын.
Қызды оның келісімінсіз алып қашу ауыр қылмыс деп саналған, сондықтан кінәлілердің үлкен айыппұл төлеуіне жаза кесілген.
Қазан төңкерісінен кейін Қылмыстық кодекс:

  • неке жасына толған әйелді оның еркінен тыс некеге тұру үшін ұрлауды;

  • неке жасына толмаған әйелді ата-аналары, қамқоршылары немесе туыстары оның еркінен тыс некеге тұруға мәжбүрлеуді қылмыс ретінде жаза қолдану үшін қарастырған.

Аталған қылмыстарды жасағаны үшін айтарлықтай қатаң санкциялар: бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын.
Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде әйелді өз еркінен тыс күйеуге тиюге мәжбүрлеу, атап айтқанда, қалыңмал төлеу арқылы мәжбүрлеу бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданатын қылмыс деп танылған. Сондай-ақ екі әйел алу және көп әйел алу бір жылға дейінгі мерзімге мәжбүрлі жұмысқа салу жолымен жазаланған.
1959 жылы қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексіне «Рулық тұрмыс қалдықтарын құрайтын қылмыстар» деген тарау енгізіліп, ол қоғамдық мәні жағынан қауіпті саналатын мынадай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершіліктерді көздейтін:

  • қалыңдық үшін төлем төлеу (қалың)

  • әйелді некеге тұруға немесе некедегідей бірге тұруды жалғастыруға мәжбүрлеу, сол сияқты оны некеге тұру үшін алып қашу;

  • неке жасына толмаған адаммен некеге тұру;

  • екі әйел алу және көп әйел алу.

Қазіргі заманғы қазақстандық заңнама зорлықпен жасалған некелерді, әсіресе, бұл кәмелетке толмаған қыз баланы ұрлаумен байланысты болса, аса қауіпті қылмыстар ретінде қарастырады. Некеге тұруға мәжбүрлеу немесе «қалыңдық ұрлау» (некеге тұруға мәжбүрлеу мақсатында ұрлау) жағдайларында адамды ұрлау үшін қылмыстық жауапкершілік туындайды (ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы), не он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін және сексуалдық сипаттағы өзге әрекеттерді жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік (ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы) туындайды.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет