Қазақстандағы сүт өнеркәсібінің шикізат базасының сипаттамасы



бет4/6
Дата23.12.2021
өлшемі41,77 Kb.
#128186
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сро

Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтан (ескі атауы Астана) (574 мың адам) - республика астанасы - Қазақстанның географиялық орталығында орналасқан. Қала ірі көлік магистральдарының тоғыскан жерінде орналасқан. 



  • 1950 жылдары қала еліміздің солтүстігіндегі тың және тынайған жерлерді игеру орталығы болды. Астана мәртебесін алғаннан кейін жылдам көркейіп, өсе бастады. Орталығы мен шет аймақтарында биік үйлер бой көтерді.

  • 1997 жылғы желтоқсандағы мемлекет Басшысының халыққа жолдауында мынандай мақтанышты сөздер бар: «Осыдан былай және мәңгілік мұнда, кең-байтақ еліміздің орталығында халықтың тағдырын шешетін шешімдер қабылданатын болады. Енді бұл жерде Отанымыздың жүрегі соғады. Бұл жерде, Қазақстан үшінші мыңжылдықтың табалдырығында өзінің тарихи тағдырын анықтайды. Астана біздің Шығыс пен Батыста, Оңтүстік пен Солтүстікке ашықтығымыздың рәмізі іспеттес болады».

  • 1830 жылы - Ақмола бекінісі

  • 1862 жылы - Ақмола қаласы

  • 1961-1992 жылдары - Целиноград

  • 1992 жылдары - Ақмола қаласы

  • 1997 жылы Ақмола каласы - ҚР астанасы

  • 1998 жылы - «Астана» атауы берілді

  • 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана қаласына медаль мен «Бейбітшілік қаласы» атағы берілді. Қала жылдан-жылға зор қарқынмен дамып келеді, болашағы өте үлкен.

Астана - республикамыздың ірі өндірістік, ғылыми және мәдени орталығы. Қалада ауыл шаруашылығы машиналарын шығару, сонымен қатар тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған. Астана мәртебесін алуына байланысты құрылыс индустриясы да жылдам қарқынмен дамып келеді. Мемлекеттік және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қиылысында орналасқан ірі көлік торабы болып табылады.

Халқының санының өсуі, негізінен, облысаралық көші-қон арқылы жүзеге асырылады. Астанада 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Іскерлік туризмге - Қазақстан Республикасына әлуетті серіктестер іздеу, біріккен кәсіпорындар құру мақсатында шет елдік іскер топтар екілдерімен кездесулер ұйымдастыруға зор көңіл бөлінеді. Бұдан он жыл бұрын қалада небәрі 4 жоғары оқу орны болса, ал қазір олардың саны ұлғайды. Л. Гумилев атындағы Еуразия университеті, С. Сейфуллин атындағы Аграрлық университеті, Медициналық академия, Қазақ Ұлттық музыка академиясы және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет