Цифрландыруға күш салу адами капитал белсенді түрде дамитын – болашақтың білімі мен дағдылары ерте жастан бастап тәрбиеленетін, автоматтандыру және басқа да жаңа технологиялар есебінен бизнес жұмысының тиімділігі мен жылдамдығы артатын, ал азаматтардың өз мемлекеттерімен диалогы қарапайым әрі ашық болатын жаңа қоғамды құруға әкеледі. Цифрлық рефолюция біздің көз алдымызда өтуде. 2018 жылдан бастап 2022 жылға дейін бес жылға жоспарланған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін көтеру және барлық мектептерді компьютерлермен, мультимедиялық жабдықтармен және кеңжолақты желімен жабдықтау қарастырылған. 2018 жылы Қазақстандағы базалық цифрлық сауаттылық деңгейі 77%- ға тең болды.
Жоспары бойынша
Егер бағдарлама толығымен жүзеге асырылса, ол барлығына білім беру ресурстарына тең қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ал электронды оқулықтар мен білім беру сайттарын құру, атап айтқанда, қандай да бір себептермен мектептерге бара алмайтын балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік береді . Таяудағы бес жыл – цифрлық трансформацияның бетбұрыс кезеңі, онда digital-технологиялар тіпті аналогтық технологиялар басым болған салаларды да қамтиды. Мемлекеттік, қаржылық, медициналық қызметтер онлайн-форматқа көшуде, электрондық паспорттардың алғашқы прототиптері және жеке валюталар мен банктерге байланыссыз цифрлық төлем жүйелері пайда болуда