Kundelik. 2016 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан мектептері Kundelik электронды журналын қолдана бастады. Бұл жерде мұғалімдер баға қойып қана қоймай, оқушыларға тапсырма беріп, кері байланыс орната алады. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, электронды күнделікке күніне 700 мың баға қойылып, 1 млн тапсырма беріледі.

Оpiq.kz. Оpiq.kz электронды оқулықтар платформасы 1 қыркүйектен бастап лицензия сатып алғаннан кейін ғана қолжетімді. Оқушылар платформаны тегін пайдалану үшін мектеп "Алматыкітап" баспасымен шарт жасасады. Ал оқулықтардың электронды нұсқасы almatykitap.kz сайтында орналасқан.

Mektep.EDUS және ok.edus.kz платформасы. Mektep.EDUS электронды мектеп платформасын Kundelik.kz баламасы деуге болады. Қазіргі таңда жүйеге 160-қа жуық мектеп қосылған.
«Сфера». Бұл – мұғалімдерді, оқушылар мен ата-аналарды біріктіретін және қашықтан оқыту процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін онлайн білім беру платформасы.