Байланысты: 1 сабақ Қазақстандық географтардың зерттеулері сабақ жоспары
Мәтін №3. Шоқанның Қашқар жеріне саяхаты 1858 жылы Шоқанды Қашқарға жөнелтілген экспедициямен бірге көп тапсырмалар беріп, оны Қашқарияға жібереді. Сол заманда Еуропалықтар үшін бұл аймақ мүлдем белгісіз болатын. Себебі, Қытай үкіметі Еуропалықтарға кіруге тиым салған. Сондықтан патша үкіметі Шоқанды саудагер ретінде жасырын түрде жібереді. Ол 1858 жылы 27 қыркүйекте Қашқарияға барып, 1859 жылдың 11 наурызына дейін сонда болады. Ол жердің жаратылысы, этнографиясы, тарихы, экономикалық және саяси тұрмыстары жөнінде көп материалдар жинап, өзіне тапсырылған міндеттерді толық орындап қайтады. Сол 5-6 айдың ішінде ұйғыр тілін үйренеді, шығыс тарихы жайында сирек кездесетін кітаптарды қолға түсіріп алады. Қысқасы, аз уақыттың ішінде көптеген ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді. Шоқанның бұл экспедиция кезінде жинаған материалдары патша өкіметінің сол кездегі сыртқы саясатына және соғыс мақсатына пайдалануы үшін аса құнды мәліметтер берді, сонымен қатар Орта Азияның әлі мәлімсіз, зерттеліп жетпеген түкпір-түкпірін білу, тану ісіне көмектесті, география ғылымына зор еңбек боп қосылды. Шоқан Ұйғыр әліпбиі деген атпен белгілі болған ертедегі монғол жазуының үлгілерін қанша іздегенмен таба алмағанын қынжыла жазады. Бұл аймақтың өткені мен сол кездің қалпын жақсы білетін адамдарымен, ғалымдарымен, ақындарымен де кездесіп мағлұматтар жинаған, шығыс қолжазбаларының бірсыпырасын қолға түсірген. Тау жыныстарының коллекциясы, гербарий жасаған. Солардың бірінде Мирджай тауы мен Қарақаш өзені аңғарынан шығатын нефрит асыл тасының текшелері болған мүлде бейтаныс елді жан-жақты сипаттайтын, әскери, саяси, экономикалық, сауда-саттық жағынан үкіметке де, ғылымға да пайдалы бай материал мен сирек деректерді жинап, қиыншылықтар мен қауіп-қатерді көп көріп, Шоқан керуенмен 1859 жылы сәуір айында елге оралған.