Сабақтың тақырыбы : «Алаштың дара тұлғасы-Мәшһүр Жүсіп»



Дата05.11.2016
өлшемі82,84 Kb.
#586
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Алаштың дара тұлғасы-Мәшһүр Жүсіп» саяхат сабақ.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Мәшһүртану қатарына қосып, Мәшһүр Жүсіптің қазақ әдебиеті тарихында жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаудағы еңбектерінен алған білімді қорытындылау,ел аузындағы деректерді жинап,өзгеге таныту,Мәшһүртану кабинетіне саяхат жасау.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,телевизор.

Сабақтың барысы.

Ербол Хоной «Мәшһүрдің өзін таныстыру» термесін тыңдау.

Қандай әсер алдыңыз?

Қандай тақырыпқа сөз қозғаймыз?

Мұғалімнің сөзі: ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы бөлігінде өмір сүрген үлкен ақын, тамаша ғалым философ, ауыз әдебиеті үлгілерінің қажымас жинаушысы, сан қырлы талант иесі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығын негізге ала отырып, «Алаштың дара тұлғасы-Мәшһүр Жүсіп» саяхат сабақ атты сабағымызды бастаймыз.
1-оқушы Мәшһүр Жүсіптің өміріне шолу жасайды. 

 Мәшһүр Жүсіп Көпеев әкесі Көпейдің 42 жасында, шешесі Ұлбаланың 18 жасында ,Баянауыл, Қызылтау деген екі таудың «Ашамай тасы» деген жерінде, қыс түнінде, қыстауда, 1858 жылы(қазақша жыл аты «қой», арабша ай аты «ережеп» ) жұма күні, түс бесін уақытында дүниеге келді.Туғанда азан шақырып қойылған есімі –Адам Жүсіп. Кейіннен 9 жасында қисса-дастандарды айтып, ел көзіне түскен кезде жиынды шақырып отырған М. Шорманұлы Жүсіпті ұнатып, тақиясына үкі таққызып: «Өз заманындахалыққа Мәшһүр болатын бала екен»,- деп, лепес қылуымен Мәшһүр Жүсіп атанып кетеді.

1858 жылы қыста Көпей керуеншілікте жинаған табысына мал алып, Қызылжарден көшіп келіп, Қызылтауға қоныс тебеді. 1861 жылы Мәшһүр 3 жасқа толғанда, әкесі Көпейдің малы жұтқа ұшырап, « Ақ сирақ» болып шығады. Сонда Көпей : « Адаға мал жолдас болмас, ғылым жолдас», - деп Ұлы Жүсіпті оқуға беріп, ол Баянауыл медресінде Қамар (Хамариддин) хазыреттен білім алып, оқуын жалғастырып, 1872-1874 ж. Бұхарадағы « Көкілташ» медресінде ортағасырлық араб, парсы, шағатай тілдерін еркін менгерді. Еліне оралған соң екі жылдай (1833-1886) өз ауылында балаларды оқытып табыс табады. Тұрмысы түзелген Мәшһүр 1885,1887,1907 ж. Үш мәрте Түркістан, Ташкент, Бұхара Самарқанд қалаларына сапар шегіп, шығыстың мұсылмандық білімін молайтады.

2-Оқушы. Мәшһүр Жүсіп патша манифестінің арқасында 3 бірдей кітабын («Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамшымыз», «Хал – ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі») 1907ж. жарық бетке шығарып үлгерді.

Ғалым бұл мезгілде саяси-қоғамдық өмірмен байланысын үзіп, ақындықпен қош айтысып, «Қазақ түбі» үлгілерін (ХХ ғ. 20 жылдары) құрастырып жинай бастады. Саяси күрестің шиеленіскен жағдайда өтуіне бір мысал,1921ж. ортаншы баласы Әмен Ташкенте қайтыс болып, әкесі Мәшһүр Жүсіп көтерілісші қазақ жастарының тоьына кездесіп, солардың ескеруінен соң Ташкентке бармай орта жолда оралуға мәжбұр болды.

 1931 жылы Мәшһүр Жүсіптің қаза болған туралы хабар ел арасына жетеді.

3-оқушы Қазақ даласы қашан да талаптарға кенде емес, сонда талаптардың бірі өлеңмен өзі туралы айтқандай 5 жасында-ақ желдей тасып хаттарын тоғызға қараған жасында Мұса мырзадай қоғам қайраткерінен, Мәшһүр атты алғыр, аса зерек, тума талант дарыған, он бесінде біртіндеп емес, бір түнде кеудесіне өлең болып құйылып, тылсым қасиет қонған ерекше ақындық дарынның иесі, халық ауыз әдебиетінің інжу-маржаны жинаушы, тарихшы, философ. М.Ж. Көпеев артында аса мол мұра қалдырған біртуар тұлға.

М.Ж. Көпеев мұраларын насихаттау, оны халыққа тарату – бүгінгі тәуелсіз қазақ елі ұландарына түгел үлкен үлес. Әрі ақын,әрі данышпан М.Ж.Көпейұлы ұлы Абайға ілесе шықты да осы дара тұлғаның жолын ары қарай жалғастырды.

Мәшһүр шығармашылығының зерттелуі тоқталу.

4- оқушының сөзі. Мәшһүр Жүсіп немересі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалым профессор Жүсіп Қуандық Пазылұлы және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мәшһүртану орталығының » директоры Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларын жан-жақты зерттеп , бірнеше зерттеу еңбектерін жазған Мәшһүр Жүсіп оқуларының өтілуіне үлкен үлес қосып отырған ғалым профессор Тұрышев Айтмұханбет Қасымбайұлының еңбектері өте зор.

5-оқушы Мәшһүр тағылымы өлеңдерінен үзінді оқу

Атырау қаласында өткен II Республикалық «Махамбет оқуларында» 2-орын иегері Кайрат Қуаныш, тек қана Махамбет өлеңдерімен шектеліп қоймай,Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінде жаттап жүр, өлеңдерінен үзінді оқиды.

Шығады «Асыл тастан,өнер жастан» дегендей Мәшһүрдің өлеңдері жатқа оқылады.

Келесі сөзді Мәшһүртанушыларға береміз Облыстық III-Мәшһүр оқуларына қатынасқан Төлеген Мөлдірге сөз береміз.

Мәшһүр оқулары туралы деректі фильм көру.
Кабинетке саяхат жасау.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев мұраларының, бүгінгі ұрпаққа берері мол. Алтын тау алыстаған сайын жарқырайды түседі десек, сондай жарық сәулесі бізге барынша шашып тұрған Мәшһүр Жүсіп Көпеев мұраларының бізге берері әлі де мол екені дауассыз.

№ 26 мектеп-гимназиясы

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің туғанына 155жыл.

«Алаштың дара тұлғасы-Мәшһүр Жүсіп»

ашық сабақ әзірлемесі.


Өткізген :№26мектеп-гимназиясы кітапхана меңгерушісі Сыздыкова Ә.Қ.

Екібастұз қаласы 2014 жыл
2-оқушы : Сонымен, біздің М.Ж.Көпеевтің мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференциямыз өз мәресіне жетті.
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ.

 

 Мәшһүр Жүсіп Көпеев әкесі Көпейдің 42 жасында, шешесі Ұлбаланың 18 жасында ,Баянауыл, Қызылтау деген екі таудың «Ашамай тасы» деген жерінде, қыс түнінде, қыстауда, 1858 жылы(қазақша жыл аты «қой», арабша ай аты «ережеп» ) жұма күні, түс бесін уақытында дүниеге келді.Туғанда азан шақырып қойылған есімі –Адам Жүсіп. Кейіннен 9 жасында қисса-дастандарды айтып, ел көзіне түскен кезде жиынды шақырып отырған М. Шорманұлы Жүсіпті ұнатып, тақиясына үкі таққызып: «Өз заманында халыққа Мәшһүр болатын бала екен»,- деп, лепес қылуымен Мәшһүр Жүсіп атанып кетеді.



1858 жылы қыста Көпей керуеншілікте жинаған табысына мал алып, Қызылжарден көшіп келіп, Қызылтауға қоныс тебеді. 1861 жылы Мәшһүр 3 жасқа толғанда, әкесі Көпейдің малы жұтқа ұшырап, « Ақ сирақ» болып шығады. Сонда Көпей : « Адаға мал жолдас болмас, ғылым жолдас», - деп Ұлы Жүсіпті оқуға беріп, ол Баянауыл медресінде Қамар (Хамариддин) хазыреттен білім алып, оқуын жалғастырып, 1872-1874 ж. Бұхарадағы « Көкілташ» медресінде ортағасырлық араб, парсы, шағатай тілдерін еркін менгерді. Еліне оралған соң екі жылдай (1833-1886) өз ауылында балаларды оқытып табыс табады. Тұрмысы түзелген Мәшһүр 1885,1887,1907 ж. Үш мәрте Түркістан, Ташкент, Бұхара Самарқанд қалаларына сапар шегіп, шығыстың мұсылмандық білімін молайтады.

 Орта Азия қалаларына шеккен сапарларының тағы бір құнды нәтижесі - өңірлердегі тарихи әңгіме, аңыз, шежіре сөздерінің жазылып алынуы, Мәшһүрдің өзі дерек жинастыру қызметін ерте кезден бастағаны білінеді. Ә. Марғұлан хаты бойынша, « Ер Олжабай батыр » жырын Мәшһүр Жүсіп 7 жасар бала кезінде 1865 ж. Сақау ақынның айтуынан жазып алған. Бұған ұстазы Қамар хазіреттің деел арасынан қисса дастандарды қазақ бетіне түсіруі әсер еткен. 1887 ж. Бұхар сапарынның барар жолында Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи, Ташкенттегі Зеңгі Ата кесенелерін көріп, қайтар жолында Шу мен Сырдария, Ұлытау, Кішітауды, Есіл мен Нұраны асықпай аралап сапар шегеді.

 Мәшһүр Жүсіп патша манифестінің арқасында 3 бірдей кітабын («Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамшымыз», «Хал – ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі») 1907ж. жарық бетке шығарып үлгерді.

Ғалым бұл мезгілде саяси-қоғамдық өмірмен байланысын үзіп, ақындықпен қош айтысып, «Қазақ түбі» үлгілерін (ХХ ғ. 20 жылдары) құрастырып жинай бастады. Саяси күрестің шиеленіскен жағдайда өтуіне бір мысал,1921ж. ортаншы баласы Әмен Ташкенте қайтыс болып, әкесі Мәшһүр Жүсіп көтерілісші қазақ жастарының тоьына кездесіп, солардың ескеруінен соң Ташкентке бармай орта жолда оралуға мәжбұр болды.



 1931 жылы Мәшһүр Жүсіптің қаза болған туралы хабар ел арасына жетеді.

1-бөлім.

І Жүргізуші: Қазақ даласы қашан да талаптарға кенде емес, сонда талаптардың бірі өлеңмен өзі туралы айтқандай 5 жасында-ақ желдей тасып хаттарын тоғызға қараған жасында Мұса мырзадай қоғам қайраткерінен, Мәшһүр атты алғыр, аса зерек, тума талант дарыған, он бесінде біртіндеп емес, бір түнде кеудесіне өлең болып құйылып, тылсым қасиет қонған ерекше ақындық дарынның иесі, халық ауыз әдебиетінің інжу-маржаны жинаушы, тарихшы, философ. М.Ж. Көпеев артында аса мол мұра қалдырған біртуар тұлға.

ІІ Жүргізуші: М.Ж. Көпеев мұраларын насихаттау, оны халыққа тарату – бүгінгі тәуелсіз қазақ елі ұландарына түгел үлкен үлес. Әрі ақын,әрі данышпан М.Ж.Көпейұлы ұлы Абайға ілесе шықты да осы дара тұлғаның жолын ары қарай жалғастырды.

І жүргізуші. Бүгінгі Екібастұз өңірінің жалпы орта білім беретін оқу орындарының оқушыларың арасында өтетін қалалық Мәшһүр Жүсіп оқуларына арналған интеллектуалдық сайысымызды ашық деп жариялаймыз..

ІІ жүргізуші.Бүгінгі Мәшһүр Жүсіп оқуларын ұйымдастырып өткізуге жағдай жасап, мектебімізден бір кабинетті Мәшһүртану орталығына беріп отырған №26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің директоры А.Б.Абелкасимоваға сөз кезегін береміз.

І жүргізуші.Келесі сөзді С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мәшһүртану орталығының »директоры Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларын жан-жақты зерттеп , бірнеше зерттеу еңбектерін жазған Мәшһүр Жүсіп оқуларының өтілуіне үлкен үлес қосып отырған ғалым профессор Тұрышев Айтмұханбет Қасымбайұлына сөз береміз.

ІІ жүргізуші.Қадірлі қонақтар, ,ұстаздар сіздерді алғаш рет мектебімізде ашылғалы отырған Мәшһүртану орталығының ашылу рәсіміне шақырамыз,одан кейін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларының қазіргі таңдағы зерттелуі» атты семинар .

І жүргізуші.Мәшһүр Жүсіп оқуларына қатысушы жас дарындарындарды әр номинация бойынша бағдарламада көрсетілген кабинеттерге баруын сұраймыз.

ІІ жүргізуші. Мәшһүр Жүсіп оқүларының қорытындысы 14 00-де осы акт залында өткізіледі.

2-бөлім

1-оқушы: Мәшһүр Жүсіп Көпеев мұраларының, бүгінгі ұрпаққа берері мол. Алтын тау алыстаған сайын жарқырайды түседі десек, сондай жарық сәулесі бізге барынша шашып тұрған Мәшһүр Жүсіп Көпеев мұраларының бізге берері әлі де мол екені дауассыз.

2-оқушы : Сонымен, біздің М.Ж.Көпеевтің мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференциямыз нәрсені өз иәресіне жетті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет