Қазақстанның қазіргі дамуының басымдықтары аясындағы прагматизм философиясы Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»



Дата24.04.2024
өлшемі38,59 Kb.
#201294
Байланысты:
Орында ан


Қазақстанның қазіргі дамуының басымдықтары аясындағы прагматизм философиясы

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ХХI ғасырдағы ұлттық сананың өзгеруі бүгінгі қоғам дамуының басты талабы екенін көрсете отырып, оны экономикалық, саяси, рухани дамудың өзегіне, қозғаушы күшіне айналдырудың маңыздылығын атап өткен. Заман талабына сай біртұтас ұлт болу үшін Елбасы рухани жаңғырудың әдістемелік ұстанымдары мен қағидаларын, дүниетанымдық бағыттары мен құндылықтарын саралай отырып, өз көзқарасын оқырман назарына ұсынған.


Елбасы «бүгінгі радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және бола­шаққа жіті көз тіккен бағдар­лар керек. Адамның да, тұтас ұлт­тың да нақты мақсатқа жетуін көз­дейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар ел­дің мүмкіндіктері мен шама-шар­қын мұқият ескеруге тиіс. Яғ­ни, реализм мен прагматизм ғана таяу он жылдықтың ұраны болуға жарайды» деген ойды алға тартады. Сонымен, прагматизм идеологиясы – қазақ қоғамының басты қозғаушы күштерінің бірі, дүниетанымымыздың негізі, іс-қимылымыз бен ұста­ным­дары­мыздың, құндылықтарымыздың темірқазығы. Қысқаша айтқанда, рухани жаңғырудың бағыттарын айқындайтын өмір сүру филосо­фиясы. Ол бәсекелікке қабілет­тілік­тің де, білім сапасы мен сал­та­нат құруын да, жаңа сана үлгісін де, өмір салтымыз бен адами қаты­нас­тарымызды, санамыздың ашық­тығы мен өзгеру бағыты­мызды айқындайтын парадигмаға айналмақшы.
Жалпы, түсінікті болу үшін, «прагматизм» ұғымы­на сәл үңілген артық болмас. Прагматизм термині – іс, іс-әрекет дегенді білдіреді. Кейіннен, ХIХ ғасырда, ол америкалық философ Чарльс Пирстің атымен тығыз байланысты болды. Прагматизмді таза АҚШ-тық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ерекше ықпалға ие. Прагматизмнің басты қағидалары: ақиқатты тиімділік тұрғысынан мойындау, нақты тәжірибе бәрінен де маңызды, адам мақсат үшін өмір сүреді, адам бірдеңеге қол жеткізу үшін салыстырмалы білім де жет­кі­лікті, ақиқаттың өлшемі прак­тика, іс-әрекетте жетістікке жету үшін күмәнді еңсеріп, сенімге ие болу, адам ақиқаттан бұрын сенімге ұмтылу керек деген қағи­даларды ұсынады.
АҚШ қоғамының табысты өмір салты негізінде өнімді, тиімді қозғалыс идеясы жатыр. Мұн­дай философияның өзгеріс­тер кезеңінде дүниеге келетінін өмірдің өзі дәлелдеді. Өмірдің әрбір сәтіне сәйкес келу, өмір сүре білу үшін өзгере білу және соған сәйкес әрекет ету, оны ұлт­тың жиған тәжірибесімен ұш­­тас­тыру практикалық фило­со­фияның өзегі десек те бола­ды. Елбасының прагматизм фило­со­фиясына назар аударып отыр­ған­дығының басты себебі де осында болса керек. Мақалада, ұлттың рухани жаңғыруының күре тамыры прагматизм ұстаным­дарының ұлт санасына сіңуімен тікелей байланысты екенін, ол үшін қанымызға сіңген, мен­таль­дық болмысымыздың сипа­тына айналған кейбір дағды­лар­дан арылу қажеттігі туралы ой айтылады. Солардың бірі – аста-төк ысырапшылдық, даң­ғой­лық, астамшылдық. Әу баста, бұл қасиеттен нарық құтқара­ды, ұлтты үнемшіл болуға, байлық­тың құны мен қадір-қасиетін баға­­лауға үйретеді деген ой-пікір­­дің де болғаны белгілі. На­рық заманының ширек ғасы­рын артқа тастасақ та, әлі сол ысы­рап­шылдыққа жол берудеміз. Үнемдеуді үйрене алмай келеміз. Ысырапшылдық – жеке тұлға, ұжым, әлеуметтік топ, тіпті мем­­ле­кет деңгейінде көрініп отыр­ғаны мәлім.
Біздің әлі де болса, еңбекті, бай­­лықты бағалай алмай жүр­гені­міз байқалады. Келген бай­лық адал еңбектің нәтижесі болса, маң­дай теріңмен келсе, мүм­кін ой­ланған болар ма едік? Байлық шашуды емес, жинауды, еселеуді, үнемдеуді қалайды. Бай­лықтың иесі мен киесі болады. Біздегі байлықтардың иесі бол­ған­мен, киесі жоқ. Киесіз байлық кетуге, шашылуға дайын тұрады. Абай сөзімен айтқанда, «иттікпен тапқан малды, адам­шы­лықпен жұмсайтын» уақыт жеткен тәрізді. Бұл – бүгінгі байлықты ұқсату мен жаратудың формуласы. Оның менталдық негізіне жататын қасиеттер – надандық, мақтаншақтық, жалған бақталастық пен бәсекелестік, шек­тен шыққан тұтынушылық пси­хология. Бұл жағымсыз қасиет жеке бастың деңгейі­нен асып, қоғамдық нормаға айна­лып бара жатқаны да белгілі. Руха­ни жаң­ғырудың менталдық кедер­гілері де осында.
Елбасының прагматизмнің жарқын үлгілерін бабаларымыз­дың өмір салтынан іздеп, оны бүгінгі өскелең ұрпақтың мі­нез-құлықтық негізі, іргетасы ретін­де қалыптастыру, бүгінгі ұлт­тық идеологияның басты ба­­ғыт­тарының бірі екенін баса көр­сетуі өте орынды. Ұлт мента­ли­тетінде өзіндік орны бар құнды­лық­тардың бірі үнемшілдік, қана­ғат­шылдық. Соңғысы астам­шыл­дық пен ысырапшылыққа жол бер­меудің тегеріштері, тос­қауыл­дары. Кезінде Макс Вебер өзінің «Протестанттық этика және капитализм рухы» атты еңбегінде ысырапшылдық пен астамшылдыққа жол бермеуді протестанттық этикадан ізде­гені белгілі. Еңбекқорлық, тәр­тіп адалдық, үнемшілдік кәсіп­­керліктің рухани негізі ре­тінде қарастырылып, олар­ды протес­тантизм дінінің өрке­ниет­тік дамуға қосқан үлесі ретін­де қарас­тырды. Адамдар бо­йы­н­дағы еңбекқорлық пен үнем­шіл­­дікті тек протестанттық діни эти­ка қалыптастырды десек ар­тық айтқан болармыз. Осындай ас­там­­шыл пиғылы үшін кезінде Макс Вебердің жоғарыда аталған еңбегін Люк Болтански, Эв. Кьяпелло, Хенрик Гроссман сын­ға алған болатын. Олай бол­са, еңбекқорлық, үнемшілдік, тәртіп, адалдық, кімге де болса ортақ қасиет. Ұлт мәдениеті неғұр­лым осы жоғарыда аталған құн­ды­лық­тарды адамдар іс-әре­кетінің негізі ретінде қалып­тастыруға ұмтылса, ықпалы мен пәрмені күш­ті болса, саналы түрде бағыт­тал­са, аталған құндылықтар сол­­ғұр­лым адамдар санасы мен мі­нез-құлқында көрінері сөзсіз. Ел­ба­сы­ның ұлт менталитетінсіз, мә­де­ниетінсіз жаңғыру дегеніміз құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай деп отырғаны да осы.
Астамшылдық пен ысы­рап­шылдыққа жол бермеудің озық үлгілері ұлт мәдениетінде, қазақ­­­тың мақал-мәтелдерінде, дүние­таны­мы мен философиясында сай­рап жатыр. Мәселен, Абай өзі­нің қарасөздерінде, ішсем, жесем, ұйықтасам деп туа­тын бала емес, көрсем, біл­сем, үйренсем деп туатын бала­ны тәрбиелеп, оны білімге, ғылым­ға үйретіп, жеңдіріп, қанағат­шыл­дық пен үнемшілдікке үй­рету керектігін талай айтқан болатын. Сонымен қатар, ол мақ­тан­шақтықтың түрлерін көр­сетіп, «десін» дейтіндердің «демесін» дейтіндерден озып кету себебін іздеп, оның түбі надандық екенін, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озбақ. Одан басқа нәрселерменен оздым ғой, демектің бәрі де ақымақтық, – деп, ой түйген болатын.
Бұған қояр тосқауыл қайда? Тосқауыл – білім мен тәрбиеде. Бірақ, бізде білім жалаң. Бұл оның қазіргі кездегі басты ерек­шелігі. Ол адам бойындағы ізгі­лік­ті еселеуге бағытталмаған. Ол үнемдеуді, рационалды өмір салтын құруды, соған сәй­кес мінез-құлық салтанатын ор­нық­­тыруды үйретпейді. Себебі, қоғам­да тұтыну психологиясын наси­хаттайтын ұстанымдар ба­сым. Ол табиғат, жер, адам және қаржы­лық, технологиялық, эко­ло­гия­лық ресурстарымызды пай­да­ланған кезде көрініп жатады.

Білімнің гуманитарлық, тәр­биелік бағыты кейінге ысы­рылғаны соншалықты, жоғары оқу орындарында гуманитарлық, дүниетанымдық пәндер мен кафедралар жабылып, білімге жалаң утилитарлық көзқарас қалыптасып отыр. Абай: «ғылым­сыз ахирет жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды », деген еді. Сол тәрізді, бүгінде гуманитарлық білімсіз, шынайы ғылымсыз прагматизмді тек жалаң пайда табудың көзі деп түсінсек тағы да қателескен болар едік. Білім беру жүйесінде прагматизм шынайы шығармашылықтың негізі және адам ойының қозғаушы күші бола алмайтыны тағы белгілі. Ал, бола қалған жағдайда мұндай білімнен өзіндік ойлау, дүниетанымдық құндылықтар шет қалады, білімге деген тұтынушылық көзқарас қалыптасады. Бұл үрдіс, әсіресе, ақпараттық қоғамда кең етек алып отыр. Соның нәтижесінде, жастардың дүниетанымы мен санасы басқа, жат идеологиялық ағымдардың ықпалына тез түсуде. Олай болса, білім беру жүйесінде қазақы прагматизм адамдардың тұлғалық қасиетін дамыту арқылы жүзеге асуы тиіс. Ұлттық мәдениетіміздің асыл құндылықтары негізінде тәрбиеленген, ұлттың рухани тамырынан нәр алған адам ғана, мына аумалы төкпелі заманда өмір сүру үшін өзгере алады және заман ағымындағы өзгерістерді дұрыс қабылдай біледі.


Сондықтан да, білім беру жүйе­сінде тұлғаны қалыптас­тыру декларация күйінде қалмай, нақты тұрғыдан іске асуы тиіс. Ондай адам мақсатшыл, нәтижеге қол жеткізу үшін еңбектенетін, өз тағдырының иесі. Ол өз өмірін жоспарлай алатын, стратегиялық тұрғыдан болашағын болжай алатын тұлға. Абай: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін отта­ған хайуанның бірі боласың; адам­шы­лықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлы­ның бірі боласың» демеп пе еді? Қазақы прагматизмнің ерек­шелігі де осында. Елбасының праг­мати­калық философиясы осын­дай ойларға жетелейді.
Елбасы прагматизм туралы түсінік береді: «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы».
Қазіргі Қазақстанның тарихы, яғни Кеңес Одағы ыдырағаннан бастап бүгінгі күнге дейін - бұл, ең алдымен, қазіргі заманғы біздің президентіміздің прагматикалық саясатының прагматикалық нәтижесі.
КСРО-ның соңғы жылдарында, екі тұлға - Горбачев пен Ельцин және біздің республикамыздың басшысы Қазақстан мен көп ұлтты халықтың мүдделеріне сай осы екі маңызды саясаткерлер арасындағы прагматикалық тәсілмен және ақылмен, мұқият, сыпайы және этикалық түрде дұрыс қарым-қатынаста болуға күш салды. КСРО мен РСФСР, КСРО-Кремль мен Қазақ КСР арасындағы, сондай-ақ Ақ Үй - РСФСР мен Қазақ КСР арасында теріс салдарларға біздің Елбасы жол бермеді. Бұл нағыз прагматизмнің көрінісі!
Біздің көшбасшының бұл саясаты өз позитивті және бейбіт жемісін берді: бұрынғы Кеңес Одағының 1990-ші жж. біздің ортақ үйіміз Қазақстанда этникалық қақтығыстарға жол берген жоқ, оның ішінде кез келген айырмашылықтар бейбіт және тыныш жағдайында шешілген. Қазақстанның бүкіл көпұлтты халқының және КСРО – Қазақ КСР, Кремль мен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы арасындағы қарым-қатынастарды, Ақ үй-РКФСР және Қазақ КСР арасындағы, сондай-ақ қазақ және орыс халқы, Қазақстан мен Ресейдің арасында отқа май қосуға «қара» деструктивті күштер тырысты. Бұл ешкімге құпия емес. Содан барлығынан Қазақ Елін біздің Президентіміздің салқынды прагматикалық саясаты құтқарып алды. Бұл нағыз прагматизмнің көрінісі!
Беловежская пущадан кейін бірден Ресей, Украина және Белорусь басшылары славян тектес одағы туралы бастаманы ұсынды. Біздің Президентіміз дереу уақытында және прагматикалық түрде славян-түркі мемлекеттерін одағын құруға ұсыныс жасады. Славян-азиялықтар сызығы бойынша еш жанжалдарға жол болмады. Сонымен, Елбасының осындай әркет арқасында бұрынғы Югославиядағы оқиғалардан бүкіл ТМД халықтарын аман алып қалды. Бұл да нағыз прагматизмнің көрінісі!

Н.Ә.Назарбаев КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан мен Ресей кәсіпорындары арасындағы өндірістік және экономикалық байланыстардың маңыздылығын жақсы түсінді. Ал сол тұста Ресей, шын мәнінде, Қазақстанды рубль аймағынан итеріп тастады. Соған байланысты біздің ел қараша айында өзінің ұлттық валютасы – теңгені енгізді. Біздің Елбасы прагматик ретінде, 1992 жылы және 1993 жылдың бірінші жартысында арнайы мемлекеттік комиссияны құпия жағдайда құрып, ұлттық валюта жасау мен енгізу жұмыстарын жүргізіп, қарашада тез арада республика территориясында теңгені айналымға енгізді. Яғни, біз Ресейдің осы жағымсыз әрекетіне дайын болдық деген сөз. Бұл нағыз прагматизмнің көрінісі!


2050 Стратегиясында Елбасы маңызды міндет қойып, ұлттық экономиканың бет-жүзін қайта пішіндеу, Қазақстан экономикасын шикізаттық сипатынан дайын өнім шығару экономикасына айналдыруы мәселесін алға шығарды. Осы мақсатта 2010 жылы басталған және бесжылдық индикативті жоспарлауда Қазақстанның көшбасшылығын белгілейтін үдемелі индустрияландыру бағдарламасы іске қосылды. 2011 жылы осы бағдарламаны іске асыруда алғашқы жетістіктерге қол жеткізілді: Қазақстанда 152 кәсіпорын пайдалануға берілді, 24 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Химиялық және жеңіл өнеркәсіпті белсенді қалпына келтіру және дамыту процесі басталды, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуде серпіліс болды. 2014 жылға қарай жалпы құны 8 триллион теңгенің 300-ге жуық инвестициялық жобалары іске асырылды, 160 мың тұрақты жұмыс орны ашылды, құрылыс кезеңінде 200 мыңнан астам адам жұмысқа тартылды. Алғашқы бесжылдықтың негізгі нәтижесі Қазақстан экономикасында маңызды құрылымдық өзгерістердің басталуы болды. 2011 жылдан бері индустрияландыру күндері жақсы дәстүрге айналды, онда жылына екі рет - шілдеде және желтоқсанда - Қазақстанның индустриалды даму бағдарламасының қорытынды нәтижелері шығарылып отырды, өңірлердің жобалары мен баяндамалары жалпыұлттық телекөпір форматында ұсынылып, жаңа өндіріс орындар іске қосылып жатты.
Идустрияландырудың бірінші күні - 9 желтоқсан 2011 жылы – Астана қаласында жолаушылар вагондарын шығаратын зауыт іске қосылды, Алматыда метрополитен жұмысы басталды, Балқашта катод мыс зауыты, Жамбыл облысында денсаулық өнімдерінің «Супер-Фарм» , Алматы облысында «Байсерке Агро» ет өңдеу кешені, «Шымкент-Кашемир» тоқыма өнеркәсібінің зауыты, сосын Жетіген-Қорғас және Өзен - Түркіменстан шекарасы темір жолдары іске қосылды, Шарын өзеніндегі Мойнақ ГЭС, Жамбыл облысында Батыс Еуропа - Батыс Қытай тас жолының жобасы жасалды. 2012 жылдың 4 шілдесінде Астана қаласында жаңа медиа-орталығында Индустрияландыру картасының нысандары іске қосылғаны туралы жаңа ұлттық медиа көпірі өтті. Ұлттық сандық телерадио хабарларын тарату желісі мен «24.kz» жаңа қазақстандық телеарна іске қосылды, олар отандық жаңалықтар тележобаларына арналды. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екі жарым жыл ішінде жалпы құны 1,8 трлн. теңге болатын 440-нан астам жоба іске қосылды.
Мемлекет басшысы үдемелі индустрияландыру бағдарламасы арқылы Қазақстан экономикасын шикізатқа емес, әртараптандырылған экономикаға және дамыған адами капиталға негізделген өсу үлгісін - жаңа модельге көшіруге ұмтылады.
2015 жылдан бастап Қазақстан бәсекелестікті дамыту, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру, проблемалық банктердің мәселелерін шешу, қаржыландыруға қол жеткізу және т.б жұмыстарды жүйелі жүргізді. Бұл шаралар инвестициялық белсенділікті күрт арттыруға және ШОБ дамытуға мүмкіндік береді. Екінші бесжылдықтың жоспарында өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін ынталандыру, көрші нарықтарға қайта өңдеу өнімдерін экспорттауды ынталандыру және инновацияларды қолдауға бағытталған белсенді саясат басымдыққа ие. Бұл нағыз прагматизмнің көрінісі!

Тек 2015 жылы Қазақстанға бірнеше жаңа инвестор келді. Мысалы, Финляндияның Тиккурилы Алматы облысындағы бояу мен лак-фабрикасын салды. Жапондық Toyota Tsusho астық пен көкөніс өсіруге инвестиция құйды. Сонымен қатар, бірнеше компания өздерінің жобаларына қайта инвестиция жасады. Француздық «Danone» сүт өнімдерінің жаңа түрлерін өндіруді жылына 11 000 тоннаға дейін ұлғайтуға қаражат салды. Оңтүстік Кореяның Lotte компаниясы - Шымкентте екінші өндірісті құруда. Түрік БТМ тобы құрылыс индустриясында жаңа өнімдерді өндіруге қайта инвестиция құйды. Шетелдік инвесторлар ақшаны ғана емес, сондай-ақ бизнесті жүргізудің озық әдістерін де, жаңа технологияларды да алып келді. Қазақстан 2016 жылы Батыс Еуропа - Батыс Қытай автомобиль дәлізінің негізгі сегменттерінде жұмысын аяқтап, оны толығымен ашты. «Астана-Теміртау», «Алматы-Қапшағай» бағыттары бойынша «Орталық-Шығыс» сегментінде учаскелер іске қосылып, Омбы-Павлодар учаскесін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Жалпы алғанда, қайта құру 2,2 мың шақырым жолды қамтиды. Келесі жылы құрылыс 1,6 мың километрде жүргізіледі. Бұрын айтқандай, Батыс Еуропа - Батыс Қытай (424 км), Бейнеу - Ақтау (230 км), Астана - Теміртау (149 км), Алматы - Қапшағай - Талдықорған (120 км) және Астана - Петропавл 51 км) жасалды. Елдің үш негізгі «порттары» дамып жатыр: Құрық портында паром кешені, «Қорғас-Шығыс қақпасы» ЕЭА-дағы құрғақ порты және сағатына 750-ден 1750 жолаушыға дейін көтерілетін астаналық әуежай. 2019 жылға дейін Гонконг, Токио, Сингапур, Нью-Йорк бағыттарында жаңа халықаралық желілер біртіндеп ашылады. Бұл Астананы әлемдік деңгейдегі қаржы орталығы ретінде құру үшін қажет. Бұл да прагматизмнің көрінісі!


Қазақстан БҰҰ-ның тұрақты емес мүшесі ретінде, бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықта ядролық қарусыз аймақтарды құру және біздің планетада сондай аймақтарды одан сайын көбейтуге шақырады. Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарудан бас тарту туралы бастамасын ұсынды. Бұл гуманитарлық және пацифистік бастаманы Орталық Азия аймағындағы барлық көршілеріміз қолдады. Бүгінгі таңда Орталық Азия Аймағы (ОАА) ядролық қаруы жоқ аймақ болып табылады. Сондай-ақ, БҰҰ шеңберінде Қазақстан бүкіл әлемде ядролық қарудың толық жойылуын қолдайды.
Президентіміздің «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегінде атап өткендей: «Қазақстанның басты артықшылығы – жаппай қырып-жоятын қару-жарақтың мол қорында емес, керісінше, ашықтықта, бейбітшілікте, саналы ой-сана мен моральдық беделде екенін біз о бастан жақсы сезіндік. Ол ядролық қарусыз мемлекетті жүздеген, тіпті мыңдаған оқтұмсығы бар мемлекеттерден де қауқарлы күшке айналдыра алатын. Ұзақ мерзімді ұлттық қауіпсіздікті нығайту үшін қатерлі қарудан бас тартудың мұндай саясаты барлық замандарда да өзгелерге үлгі болуға тиісті еді». (Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік дәуірі. - Астана, 2017. – 97 б.)

Сонымен, жас тәуелсіз, бірақ қазірдің өзінде толық қалыптасқан мемлекет - Қазақстан Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы – ең ықпалы зор және беделді халықаралық ұйымның жұмысына және соңғы 2 жылда бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық ісіне елеулі үлес қосты . Бұл бүкіл дүние жүзіндегі халықаралық және ядролық қауіпсіздікті нығайту ісіне үлкен тарихи үлесі. Сондықтан, әлемнің 138 елі Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу кандидатурасын қолдады. Ал біз, қазақстандықтар, туған елдің бейбітшілік сүйгіш және әлемнің жаһандық сақтау ісіне қосқан үлесіне мақтаныш сезіммен қараймыз және мақтанамыз! Бұл да прагматизмнің көрінісі!


2000 жылдары Қазақстан ШЫҰ - беделді аймақтық ұйым ретінде құруға белсене атсалысты, онда ұлы еуразиялық кеңістіктің - Қытай, Ресей, Орталық Азия мемлекеттері күштері мен мүмкіндіктері бір-бірімен байланыстырып, теңдестірілді. Мәселен, тек 2004 - 2011 жж. ШЫҰ 500 террорлық әрекеттерді бейтараптандырды.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы «зұлымдық үш күшімен» (терроризм, сепаратизм және экстремизм) күресті және тәуелділікті азайту үшін Жібек жолын төсеуді бастап, бірқатар мәселелер бойынша экономикалық күш-жігерін сәйкестіруге осы жылдың маусым айында Циндао Саммитін өткізді. ШЫҰ-ның экономикалық тиімділіктің арқасында бүкіл Азия аймағы экономикалық өсу процесіне тап болды. Нәтижесінде, ШЫҰ жаңа кеңеюге дайындалуда. Шанхай ынтымақтастық ұйымына Әзербайжан, Армения, Сирия, Камбоджа, Бангладеш, Непал, Шри-Ланка бақылаушы статусқа ие болуына тырысады, ал Моңғолия, Иран, Ауғанстан, Беларусь мемлекеттері бақылаушы мәртебесіне ие болған. «ШЫҰ-ның диалогындағы серіктестік» мәртебесіне Түркия; Израиль, Украина, Египет, Катар, Мальдивтер ниет білдірген еді. 2020 жылы дейін Челябинскіде ШЫҰ мемлекет басшыларының және БРИКС біріккен саммиті жоспарланған.
Айта кету керек, Қазақстанның ШЫҰ-ға мүше ретінде басты басымдығы аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту болып табылады. ШЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық Қазақстанға бірқатар даулы аумақтық мәселелерді шешуге мүмкіндік берді, ал шекаралас аумақтарда қарулы күштерді жүйелі және ашық түрде қысқарту әскери және саяси шиеленістің қалған элементтерін тоқтатты.
Қазақстан үшін ШЫҰ-мен өзара іс-қимыл геосаяси және стратегиялық жоспарларда біздің елімізге белгілі бір табыстар әкелді. ШЫҰ қызметі Қытайдың аймақтық өзара іс-қимыл құрылымына кірігуіне ықпал етті, осылайша Қазақстан Қытаймен бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қою арқылы қауіпсіздік кепілдігін алды, соның ішінде ядролық қаруды қолданбауды қамтамасыз етті. Екі өңірлік державалардың (Қытай мен Ресей) ШЫҰ-дағы қатысуы, ең алдымен, сауда-экономикалық және әскери-саяси салаларда олардың мүдделері мен ықпалдастығын объективті түрде үйлестіреді.
ШЫҰ аясындағы Қазақстан бұдан да асқақ мақсаттар қойып отыр: ол уақыт өте келе жетекшілік етуге ұмтылады. Бұл амбициялар республика сыртқы және ішкі, ең алдымен экономикалық, саясатта өзінің жетістіктерін қолдайды. Айта кету керек, Қазақстан Үкіметі жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық реформа саласындағы құзыретті саясаткерлер республиканың бұрынғы кеңестік мемлекеттер арасында экономикалық өсімнің көшбасшысы болуына мүмкіндік берді. Бірнеше жыл бұрын АҚШ Конгресі мен Еуропа Кеңесі сияқты ықпалды институттар Қазақстанды нарықтық экономика бар ел деп таныды және жетекші халықаралық рейтинг агенттіктері елге халықаралық инвестициялық рейтинг берді. Бұл фактілер экономикалық реформалардың барысы өздігінен ақталғанын көрсетеді. Бұл да прагматизмнің көрінісі!
Сонымен, Елбасының прагматикалық саясаты арқасында Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қоғамдастықта абыройлы орын тауып, әрі қарай жан-жақты дамуына үлкен қадамдар жасап жатыр!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет