Сабақ: Шона Смаханұлы «Тәкаппар» Мектеп: «№4 орта мектеп»



Дата22.06.2017
өлшемі141,11 Kb.
#19705
түріСабақ

САБАҚ: Шона Смаханұлы «Тәкаппар»

Мектеп: «№4 орта мектеп» КММ

Күні: 15.02.2017ж

Мұғалімнің есімі: Қасжанова Мөлдір Жанайқызы

Сынып: 2 «А» сынып

Қатысқандар саны: 28

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Мысалдың негізгі ойын түсінеді, өркөкірек, мақтаншақтық, тәкаппарлық сияқты жат қылықтардан аулақ болуды үйренеді.

Сабақ міндеттері


Барлық оқушылар:

Мысалдың авторы Ш. Смаханұлы жайлы мағлұмат алу.

Оқушылардың басым бөлігі:

Мысал желісі бойынша адамның бойындағы жақсы –жаман қасиеттерді анықтау

Кейбір оқушылар:

Мысалдың басқа шығармалардан айырмашылығы туралы білу.

Тілдік мақсат


Оқушылар:

Әдеби тілде дұрыс сөйлеу, сауатты жаза білуге үйрену.



Негізгі сөздер мен тіркестер:

Балық – рыба- fish
Құрлық/геогр./- жан-жағын мұхитпен теңіз қоршап жатқан қара жер

Мақтау- біреудің істеген ісін,еңбегіне берілген жоғары баға.

Даттау-ғайбаттау,жамандау,өсектеу.

Тулады-толқын ату, толқынның тасуы, буырқануы.

Тәкаппар-өркөкірек, менмен, өз құнын білетін, өрмінезді.

Өңеш-ас қорыту мүшесі. Ас, тағам жүретін жол.

Желбезек- балық, шаян сияқты су хайуанаттарының тыныс алатын мүшесі.

Ыршыды-шұғыл секіру, қарғып кету.



Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:



Шығарма неліктен мысалға жатады ?

Мысалда не туралы айтылған ?

Балық не деп мақтанды


Күтілетін нәтиже

  • Мысалдың авторы Ш. Смаханұлы жайлы біледі.

  • Мысалдың басқа шығармалардан айырмашылығын түсінеді.

  • Мысал желісі бойынша адамның бойындағы жақсы –жаман қасиеттерді анықтайды.

Алдыңғы оқу

Есентай Ерботин «Даңғой» /мысал/

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Белсенді жұмыс

түрлері

Ресурстар

Басталуы



Оқушыларды сабаққа даярлаймын.

1,2,3-сынып іші тып-тыныш,

Жалқаулықты тастаймыз,

Біз сабақты бастаймыз!

Мақсатымыз - білім алу
Міндетіміз – еңбек ету
- Жақсы рахмет, балалар! Еңбектеніп, мақсаттарыңа жететіндеріңе сенімдімін.

- Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларға балық таратамын. Сабақ соңында жинаған балық сандарына сәйкес бағаланасыздар. Егер:

3 балық жинасаңыз- «3»

4 балық жинасаңыз- «4»

5 балық жинасаңыз- «5» баға аласыздар.
Алдыңғы оқу (үй тапсырмасын сұрау)

- Балалар, өткен сабақта адам бойында кездесетін қандай қасиетпен таныстық?

- Ол жақсы қасиетке жата ма?

- Дұрыс айтасыңдар

Ендеше,«Даңғой» мысалы бойынша үйге берілген тапсырма үш қатарға үш түрлі болатын.


  1. «Кір жаятын жіп»

Үйде салған «Даңғой қиярдың» суретінен галерея жасап, қорғайды.

- Достарымызды бағалайық.

2. Даңғой қияр кейпінде болу. Яғни, шағын көрініс.

- Достарымызды бағалайық.

3. «Даңғой» мысалын рөлге бөліп, мәнерлеп оқу.

Достарымызды бағалайық.


« Сен маған, мен саған» стратегиясы:

1.-Даңғой мысалының авторы кім?

2. Өлеңді неге мысал өлең дейміз?

3. «Даңғой» өлеңінің басты кейіпкерін ата. Одан үлгі алар ма едің?

4. Осы мысалда қандай қасиет, әдет сыналған?

5.Қияр не деп мақтанды?

6.Мақтаншақтық қандай әдет?

7. Қияр қандай күйге ұшырады?

- Балалар, біздің арамызда осындай даңғой балалар бар ма? Дұрыс, балалар. Ондай қасиеттерден аулақ болуға тырысайық.

- Жарайсыңдар, үй тапсырмасына жақсы дайындықпен келіпсіңдер!



Оқушылар орындарында жолдарын қайталайды.

Даңғой,


ұйқышылдық, салақтық.

- Жоқ


1- қатар. Үздік суретті тақтаға іліп дәлелдейді.

2- қатар.

Шағын сахналық көрініс көрсетеді.

3-қатар.

Мәнерлеп рөлге бөліп көрсетеді.

Оқушының мүмкін жауаптары




Сыныппен бірге орындайды

Жеке, шағын топпен жұмыс


Шағын көрме

Суреттер

Слайд
Доп




Ортасы


1. Ой шақыру

- Балалар, экранға назар аударайық /Өзімшіл көк сарай/ бейне үзінді көрсету.

- Ал, балалар кейіпкерлерге мінездеме беріңдерші

- Көк сарайдың әрекеті туралы не айтар едіңдер?

- Осы қасиеттердің бәрін жиыстырып бір сөзбен қалай айтамыз?

-Жарайсыңдар, тәкаппар.


2. Мағынаны тану

- Өте жақсы. Олай болса, бүгін адамның тағы бір қасиеті туралы әңгіме өрбітеді екенбіз. Бүгінгі тақырыбымыз Шона Смаханұлының «Тәкаппар» мысал өлеңі.

- Бүгінгі сабақта алдымызға қандай мақсат қоямыз? Қалай ойлайсыңдар, нені үйренеміз?

-Жақсы, рахмет. Ендеше автормен жақынырақ таныс болайық.


Ақын өмірінен

Шона Смаханұлы –қазақ ақыны, сықақшы, соғыс ардагері. 1924/1988/ жылы Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. Ол « Мектеп баспасында», «Қазақстан мұғалім» газетінде, «Ара» журналында жұмыс істеді.

Шона Смаханұлы- атақты сықақшы. Шона Смаханұлы балаларға арнап көптеген кітаптар жазған және әндер жазған. Атамыздың мысал өлең жазудағы негізгі мақсатын өз аузынан естіп көрейік. Бейне жазбаға назар аударайық. /Видеосын көрсету/


  • Атамыздың негізгі мақсаты қандай екен?



- Балалар, тағы да автор туралы мәліметтерді үйден іздестіріп, жинақтап келесіздер.

- Өзінің артынан бізге мұраға қалдырған «Тәкаппар» өлеңімен жақынырақ таныс болайық, балалар.



3.Практикалық кезең

Оқулықпен жұмыс. (154 бет) «Тәкаппар» мысал өлеңін оқып, танысу.

Кімге қалай ыңғайлы, еркін отырып өлеңді түсініп бір қайтара оқып шығыңыздар. 1 мин уақыт беремін.


  • Жақсы рахмет, уақыт аяқталды, бәріміз бері қараймыз.

Мысалды мәнерлеп 3 оқушыға оқытамын.

  • Неше шумақ екен?

  • Неге өлең деп атаймыз?

  • Ақынның берген өлеңін қара сөзбен қалай жеткізер едіңдер?

  • Мысалдағы басты кейіпкерді ата?

  • Ал балықтың басқа тілде қалай айтылатынын білеміз бе?

  • Балық-рыба-fish

  • Балық қалай мақтанды?

  • Балықтың әрекетін қалай түсіндіңдер?

  • Жарайсыңдар, өте жақсы!

  1. Қолдану

«Мәтінмен жұмыс алгоритмі» кестесі

- Олай болса, балалар, кестемен жұмыс жасап жіберейік./3 мин/

Ш. Смаханұлы «Тәкаппар»

Тақырыбы:

Авторы:

Дереккөз:



Не туралы?

Не білдім?

Не қызық?

Жаңа сөздер

Не түйдім?

2-3 оқушыдан сұраймын.

- Жарайсыңдар, өте жақсы!

- Жауаптары ұнаса қол соғып, қолпаштап отырамыз.

- Сіздерге бүгінгі мысал өлең бойынша сөздік дайындап алып келдім. Үйден әдемілеп дәптерімізге жазып келеміз.

Сергіту сәті

Шаршаған болармыз, кішкене сергіп алайық.

Балалар, қолдарымызға қолшатырларымызды алайық, ұқыпты бір- бірімізге кедергі жасамай дайындала қалайық. Мен сіздерге адам бойындағы жағымды-жағымсыз қасиеттерді атаймын. Егер жақсы қасиет айтылса қолшатырды қолданбаймыз, егерде адам бойындағы жағымсыз қасиет аталса қолшатырмен қорғанамыз.

- Дайынбыз ба?! Ендеше, іске сәт!

- Адамгершілік, мақтаншақ, әдептілік, еріншек, әділдік, жалқаулық, сыпайылық, өркөкірек, ізеттілік , тәкаппар, жомарттық, өсекшіл, батылдық, шыншылдық, даңғой, талапшыл, қанағатшыл, батыл, қайырымды, қайсар.

- Жарайсыңдар! Жағымсыз қасиеттерден бүгін қалай қорғансаңдар, болашақта да осылай қорғанып жүріңдер. 



5. Жинақтау

Топпен жұмыс:

ВЕНН диаграммасы

Венн диаграммасына «Даңғой» мен «Тәкаппар» мысалын салыстыру:/3 мин/

Есентай

Ерботин

Даңғой

Ұқсасты

Ғы

Шона Смаханұлы

Тәкаппар

Қияр

Мысал өлең

Мақтанды

Өкінді

Балық



Бейне үзінді көреді. Ойларын қорытып, ортаға салады. Көк сарайдың әрекеті туралы әңгімелейді. Сұрақтарға жауап береді, тақырыпты анықтайды.

Шығарманың негізгі идеясын түсінеміз; автор туралы мағлұмат аламыз; ойымызды еркін жеткіземіз; мәнерлеп оқимыз.


Тыңдалым

Оқушының мүмкін жауабы.

Өлеңді оқиды.


  • 5 шумақ

  • Себебі, өлең жолдарында ұйқас бар. Шона атамыз өлеңінің бірініші жолы мен екінші жолы, үшінші жолы мен төртінші жолы ұйқастырыпты.

Мазмұндап айтады.

  • Балық

  • Бір күні балық әбден мақтанды. Ол теңізді жамандады, өзінің сусыз – ақ өмір сүре алатынын айтты.

  • Ақымақ, мақтаншақ, өркөкірек, тәкаппар.

Оқушының мүмкін жауаптары

Сергіту сәтін бірге орындайды. Жақсы қасиет айтылса қолшатырды қолданбайды,адам бойындағы жағымсыз қасиет аталса қолшатырмен қорғанады.

ВЕНН диаграммасымен жұмыс істейді


Жекелей жұмыс

Ұжымдық жұмыс

Шағын топпен жұмыс




Видео көрсету

Видео көрсету

Оқулық

«Мәтінмен жұмыс алгоритмі» кестесі

Қолшатыр

Венн диаграммасы



Аяқталуы

«Диагностикалық сұрақ» иә*жоқ

  1. Мысал қара сөзбен жазыла ма?

  2. Мысалдағы кейіпкерлер шын мәнінде сөйлей ма?

  3. Жағымсыз қасиеттерді сынап мінеуге арналған шығарманы мысал дей аламыз ба?

  • Мақсатымыз қандай еді?

  • Мақсатқа жеттік пе?


Кері байланыс:

!- ИӘ ТҮСІНДІМ СҰРАҒЫМ ЖОҚ

Тақырып түсінікті болды, тапсырмаларды орындай алдым.

?- ЖОҚ ТҮСІНБЕДІМ СҰРАҒЫМ БАР

Тақырып түсініксіз болды, тапсырмаларды орындай алмады.

Сұрақтарға иә*жоқ деп жауап береді.

  • Иә

  • Жоқ

  • Иә




Флипчарт пен фломастер

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау :

- Кім қанша балық аулады? Санап жіберейік

Пәнаралық байланыс:
өзін-өзі тану, орыс тілі, шет тілі,
АКТ-мен байланыс,
Құндылықтардағы байланыс:


Өмірмен байланысты








Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет