Құм терапиясының маңыздылығы



бет1/8
Дата11.07.2020
өлшемі26,55 Kb.
#75101
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Құм терапиясы
33Б Қазыкенова Жансая реферат

Құм терапиясының маңыздылығы

Еліміз егемендік алып, өз мәртебесі биіктей түскен шақта ең алғашқы алға қояр міндеттердің бірі –ол бала тәрбиесі. Ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу-біздің борышымыз. Еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақ тәрбиелеу. Ал сол жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі тәрбиеші мамандар тәрбиелеу мен білім берудің  жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіріп, күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, оны өздерінің іс-тәжірбиесінде қолданып отырса бала тәрбиесі алға басары сөзсіз.

Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел» атты Қазақстан-2050 стратегиясында «Адамзат үшін 21 ғасыр - жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз...Ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында»-деп ұстаздар қауымына үлкен міндет жүктеп отыр.

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген. Елбасының сөзі мен осы ұстанымды басшылыққа ала отырып, аналитикалық терапияның негізін салушы Карл Густав Юнгтің «Құм терапиясын» балабақшадағы балалармен жұмыс жүргізіуді жөн көрдім.

Негізгі бөлім

Құм терапиясы - адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет