ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРМЕН ОҚЫТУ
Кожагелдиева А., Жанабаева У.С.
Резюме
В статье предлагается обучения инновационными технологиями дисциплины технология
Summary
The article proposes a technological map on the topic "Number and numeral 9".
Тәуелсіз еліміздің берік тірегі – білімді ұрпақ. Еліміздің болашағы жарқын болсын десек, ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән берілуі керек. Елбасы Н.Ә. Назарбаев қазіргі қоғамдағы мұғалімнің алатын ролін бағалай отырып, «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір – қасиеттердің мән – маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет. Адамға ең бірінші өмірлік қажеттілік – еңбек ету. Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі. Технология пәнін оқытуда - еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу көзделеді. Қол өнер шеберлігіне меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Өйткені оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірмен, өзінің іс - әрекетімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де пайдасын тигізе алады. Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезіп, қабылдауға үйретеміз. Технология пәнін инновациялық әдіс-тәсілдермен оқыту оқушылардың технология пәніне деген танымдық қызушылығын арттырудың сан - алуан тәсілдері бар, мұғалімнің сабақ беру шеберлігіне байланысты ол тәсілдер оқушылардың оқулықпен оны практикада ұштастыра отырып, іс - жүзінде орындап шығумен бірге оқушының ой - өрісін дамытып, білімді тереңірек меңгеруге жәрдемдеседі.
Сабақтың қызықты да тартымды және тиімді өтуі мұғалімнің білім деңгейіне, сабақ беру шеберлігіне тікелей тәуелді. Оқу үрдісінде әртүрлі педагогикалық технологияларды қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратын озық оқыту әдістерінің бірі болып табылады. Жаңа технологияны пайдалана отырып сабақ жүргізу бұл мұғалімнің шеберлігіне, іскерлігіне байланысты. Болашақ ұрпақ үшін білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаздың міндеті.
Еңбекке баулу — мұғалімнің оқушыларға техникалық, технологиялық білім мен білік беретін, оқу мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын ,балаларды перспективалық технологиямен таныстырып,олардың перспективалық көзқарасын қалыптастыратын оқу үлгісі. Технологиялық еңбек сабақтарын жоспарлау оқу үрдісін ұйымдастырудағы нақтылы, бағдарламада қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға, шеберханаларды ұтымды пайдалануға,сапасы жоғары өнім дайындауды қамтамасыз етеді. Оқушылар сабақта еңбекке қатысты нақты білім мен білікті игереді. Игеру ісі мұгалім тарапынан техникалық - технологиялық мағұлмат беру белгілі бір техникалық операциялардың орындалу әдістерін көрсету кезінде жүзеге асады. Мұғалім сабаққа дайындық барысында оның мақсатын, мазмұнын, құрылымын жоспарлайды, оқытудың әдістері мен түрлерін қарастырады. Осының бәрін қамтитын сабақ жоспары мынадай элементтерден тұрады:
— Сабақтың тақырыбы (оқушыларға берілетін техникалық-технологиялық білім мен біліктіліктің көлемін қамтиды);
— Сабақтың мақсаты (білім, тәрбие мен даму аспектілерін қамтитын міндеттердің кешенімен таныстырады);
— Материалдық-техникалық базасы(жабдықтар,саймандар,материалдар,көрнекі құралдар,технологиялық карталар);
— Сабақтың құрылымы мен мазмұны оның мақсатына сәйкес белгіленеді, әрбір элементті орындауға жұмсалатын уақытты шамамен анықтауға мүмкіндік береді.
Еңбек тәрбиесі қол өнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әр түрлі дайын бұйымдарды зерттей отырып, баға беру мен келешек кәсіби іске қажетті эстетикалық, ұлттық, этникалық бағалы қасиеттерді өз бойларына қалыптастырады. Инновация - оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу оқушылардың сапалы да саналы білім алуының бірден - бір шарты. Инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден - бір шарты. Технология пәні – сызу, бейнелеу, математика, тарих пәндерімен тығыз байланысты. Технология сабағында жобалау әдісін қолдану. Жобалау әдісі - белгілі бір проблеманы бөлшектеп өңдеу арқылы дидактикалық мақсатқа жетудің тәсілі. Жобалау әдісі әрдайым оқушылардың өз бетімен жұмыстануына бағытталған. Оны оқушылар белгілі бір уақыт аралығында жеке, жұппен, топта орындауы мүмкін. Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлігін оқушы мұғалімнің, ата - ананың көмегімен орындай алады. Жобаның түрлері:
• Шығармашылық жоба
• Ақпараттық жоба
• Тәжірибелі бағдарланған жоба
• Зерттеу жобасы
Жобаны орындау тәртібі:
1. Іздену кезеңі
2. Жобаның тақырыбын таңдау
3. Жоба тақырыбы туралы ақпарат жинау
4. Жоба идеясын, тақырыбын бекіту
Жобаның негізгі бөліктері:
1. Берілген бұйым кімге арналған
2. Арналған бұйымның қажеттілігі
3. Бұйымның мақсат, міндеттілігі
4. Экономикалық есебі
5. Бұйымды бағалау және байқау
Жобалау әдісінің нәтижесі материалдық рәсімделген болуы тиіс (видеофильм, альбом т. б.) Жобалау әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз беттерімен құрастыра білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ол мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды.
Шығармашылық жобаны рәсімдеу:
1. Бастапқы бет
2. Мақсаты, міндеті, болжамы
3. Шығу тарихы
4. Жалпы эскиз
5. Нұсқау, карта
6. Қажетті құрал – саймандар
7. Экономикалық есеп
Барлық педагогикалық жүйе құрам бөліктерінде инновация үрдісі іске асу үшін төмендегідей жұмыстар істелуі шарт:
Мұғалім мен оқушы арасында тұлға аралық қатынас болу
Сыйластық пен сенім
Оқушыларды ашық түрде пікір алысу мәдениетіне баулу
Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақтарды түрлендіріп өткізу қажет. Ең бастысы оқушылардың сабақ үстінде шет қалмауы, берілген тапсырмамен айналысып отыруын қадағалау. Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы зор. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтары үш кезеңнен тұрады:
1. Қажетті материалдарды жинау
2. Ойын кезеңі
3. Қорытындылау
Модульдік оқыту технологиясы - балаларға жеңілдік жасап, оқушы мен мұғалім қарым - қатынасына теңдік жасап, оқушыларды қатты қыспай, еркін сөйлеп қызықтырушы көрнекілікпен баулу. Әр мұғалім жаңа технологияларды меңгеріп, пән аралық байланыстыру, кірістіру сабақтарын кеңінен қолдануы қажет.
Әдебиеттер әдебиеттер:
1. «Мектептегі Технология», «Шебердің қолы ортақ» Тәжімұратов. Д.
2. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
3. «Жобалау әдісі - жобалы оқыту құралы» Бағдаулет. Ж., Педагогика мәселелері 2010ж.
Достарыңызбен бөлісу: |