31 Билет Жол және орын ауыстыру



бет1/15
Дата11.06.2020
өлшемі95,11 Kb.
#72996
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
31-40 билет жауап


31 Билет

1.

Жол және орын ауыстыру - Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. Оны s әрпімен белгілеу келісілген.
Қозғалыстағы дене әрқашанда белгілі бір бағытта қозғалады. Мысалы, дененің бастапқы орны А нүктесі болсын .Осы дененің белгілі бір Уақыт тан кейінгі В жаңа орнын, бізде В) нүктесін табу үшін, оның бастапқы орнын соңғы орнымен қосатын кесіндінің бағытын да білу керек. Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын осы бағытталған кесінді дененің орын ауыстыруы болып табылады. Орын ауыстыруды I әрпімен белгілейді және ол бастапқы нүктеден соңғы нүктеге қарай бағытталған деп есептеледі.
Сонымен, дененің (немесе материялық нүктенің) орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні айтады.
Дененің орын ауыстыруын оның қозғалыс траекториясынан ажырата білу керек. Қозғалыс траекториясы мен орын ауыстыру бір-бірімен дәл келмеуі мүмкін. Мысалы, дене А нүктесінен В нүктесіне орын ауыстырғанда орын ауыстыру қозғалыс траекториясымен дәл келмейді. Әдетте, жүрілген жол орын ауыстырудың ұзындығынан үлкен болады, тек түзусызықты қозғалыс кезінде ғана орын ауыстыру мен траектория дәл келеді, яғни жолдың ұзындығы орын ауыстырудың ұзындығына (модуліне) тең болады.
Сонымен, дененің кез келген уақыт мезетіндегі орнын табу үшін оның бастапқы орнын және сол уақыт мезетіне дейінгі орын ауыстыруын білу керек.

2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет