Қозғалыстағы дененің жылдамдық- уақыт графигі төменде берілген. Қандай уақыт аралығында дененің үдеуі нольге тең?
0-2 c+
2-6 c
7-12 c
2-4 c
4-5 c
16-18 c
8-16 c
14-16 c
Төменде дененің координатасы мен уақыты арасындағы байланыс кестесі берілген. Дененің бастапқы жылдамдығы 3 м/с болса, уақыт 2 с кезіндегі жылдамдығы
5 м/с
6 м/с
7 м/с
8 м/с
9 м/с
Мұз бетіне 14 м/с жылдамдықпен лақтырылған тас 14 м жол жүріп барып тоқтады. Тастың алғашқы 1 с-та жүрген жолы
14 м
7 м
10,5 м
3,5 м
12,5 м
0,25 м/с2 тұрақты үдеумен қозғалған автомобильдің жылдамдығы белгілі бір уақыттан кейін 20 м/с болады. Автомобильдің осы уақытта жүрген жолы
1000 м.
200 м.
400 м.
600 м.
800 м.
Шаңғышы 300 м төбешіктен 0,5 м/с2 үдеумен 30 с ішінде түседі. Шаңғышының соңғы жылдамдығы
7,5 м/с
8 м/с
17,5 м/с
18 м/с
20,5 м/с
Жолдың бір бөлігінде велосипедші төмен қарай 1,2 м/с2 үдеумен қозғалады. Осы кезде оның жылдамдығы 18 м/с-қа артса, велосипедшінің үдемелі қозғалу уақыты
0,07 с
7,5 с
15 с
21,6 с
10,4 с
Пойыздың бірқалыпты тежелуі кезінде соңғы 1 км жолда оның жылдамдығы 10 м/с-ке кеміді. Егер пойыздың жалпы тежелу жолы 4 км болса, оның бастапқы жылдамдығы
20 м/с
25 м/с
35 м/с
40 м/с
42 м/с
2,5 м/с2 үдеумен қозғалған пойыздың жылдамдығы 72 км/сағ-қа жетуге қажет уақыт
20 с.
10 с.
24 с.
15 с.
8 с.
Қозғалыстағы дененің жылдамдық- уақыт графигі төменде берілген. Дененің ең үлкен үдеуі
5 м/с2
10 м/с2
15 м/с2
20 м/с2
25 м/с2
Дене алғашқы 2 с ішінде бірқалыпты 14 м/с жылдамдықпен қозғалды. Ал келесі 3 с ішінде 3 м/с2 үдеумен кемімелі қозғалды. Осы дененің алғашқы 3 с ішінде жүрген жолы
18 м
12,5 м
25,5 м
33,5 м
40,5 м
Екі дененің қозғалыс теңдеулері берілген: x1=-3+2t+t2және x2=7-8t+t2. Осы екі дене кездескен мезеттегі бірінші дененің екінші денемен салыстырғандағы жылдамдығы
5 м/с
7,5 м/с
10 м/с
12,5 м/с
15 м/с
Пойыз орнынан 2,8 м/с2 үдеумен қозғалды. 0,14 км-ді жүріп өткен уақыты
40 с
30 с
10 с
25 с
50 с
Автобус 25 м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғала отырып тежеле бастайды. Ол 5 с-та тежелсе, оның тежелу жолы
125 м
60 м
75 м
62,5 м
30 м
Жол жиегінде ағаш пен автобустың арақашықтығы 200 м. Бастапқы жылдамдығы 57,6 км/сағ автобус 0,4 м/с2 үдеумен тежеліп, ағаштың ар жағында одан 120 м қашықтықта тоқтаған. Автобустың тежелу уақыты
50 с
60 с
120 с
40 с
30 с
Бастапқыда тоқтап тұрған жол полициясы автокөлігі үдемелі қозғалып, өзінен 200 м қашықтықта 20 м/с жылдамдықпен кетіп бара жатқан көлікті 20 с-та қуып жетеді. Жол полициясы автокөлігінің үдеуін табыңыз.
1 м/с2
2 м/с2
3 м/с2
4 м/с2
5 м/с2
Материялық нүкте 10 с ішінде 60 м жол жүргенде оның бастапқы жылдамдығы 5 есе артты. Материялық нүктенің үдеуі
0,4 м/с2
0,8 м/с2
1 м/с2
0,08 м/с2
0,04 м/с2
Орнынан бастапқы 5 м/с жылдамдықпен үдемелі қозғалған велосипедші қыз 14 м жолды 2 с уақытта жүріп өтсе, 36 м жолды жүріп өту уақыты
3 с
3,5 с
4 с
4,5 с
5 с
Тең үдемелі қозғалған дене 10 с-та 300 м жол жүріп, жылдамдығын 2 есе арттырса, дененің үдеуі
0,5 м/с2
1 м/с2
2 м/с2
4 м/с2
6 м/с2
Бастапқы жылдамдығы 10 м/с болатын дене 0,5 м/с2 үдеумен тежеле бастады да, өз жылдамдығын 25%-ға кемітті. Осы уақыт аралығында дененің жүрген жолы
25 м
75 м
50 м
43,75 м
100 м
Дене 18 м/с бастапқы жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Дененің жылдамдығы 3 есе кемитін биіктік
12 м
13,2 м
14,4 м
15,2 м
16 м
Дене горизонталь бағытта 20 м/с жылдамдықпен биіктігі 125 м құз басынан лақтырылған. Ауа үйкелісін ескермейтін болсақ, дененің жерге құлау уақыты
3 с
5 с
6 с
12 с
25 с
Вертикаль жоғары атылған садақ жебесінің бастапқы жылдамдығы 30 м/с. Нысанаға тиген кездегі жылдамдығы 20 м/с болса, нысананың орналасу биіктігі
15 м
20 м
25 м
30 м
35 м
Еркін түскен дененің 7 с-тан кейінгі жылдамдығы (g = 10 м/с2)
35 м/с
70 м/с
45 м/с
15 м/с
30 м/с
Дененің түсу уақыты 7 с болса, оның соңғы 2 с-та жүрген жолы (g=10 м/с2)
100 м
120 м
150 м
195 м
245 м
Вертикаль жоғары атылған садақ жебесі 25 м/с жылдамдықпен ұшып, 1,2 с өткенде нысанаға дәл тиеді. Нысанаға тиген мезеттегі оның жылдамдығы (g=10 м/с2)
10 м/с
12 м/с
13 м/с
15 м/с
17 м/с
Мылтықтан вертикаль жоғары атылған оқ 180 м биіктікке көтерілген. Осы мылтықтан жер бетінен 1,8 м биіктіктен горизонталь бағытта оқ атылса, оның түсу қашықтығы
78 м
45 м
36 м
55 м
150 м
180 м биіктіктен 10 м/с жылдамдықпен горизонталь бағытта лақтырылған дененің түсу қашықтығы ( g=10 м/с2, ауа кедергісі ескерілмейді)
20 м
30 м
50 м
60 м
15 м
Биіктігі 45 м болатын жар басынан горизонталь бағытта лақтырылған дене жерге 450 бұрыш жасай түседі. Дененің бастапқы жылдамдығы
10 м/с
20 м/с
30 м/с
45 м/с
25 м/с
10 м/с жылдамдықпен көкжиекке 300 бұрыш жасай лақтырылған тастың (sin 300=0,5; g=10 м/с)
максимал биіктікке жету уақыты 0,5 с
максимал биіктікке жету уақыты 1 с
максимал биіктікке жету уақыты 2 с
максимал биіктігі 10 м
максимал биіктігі 1,25 м
максимал биіктігі ≈ 2,73 м
ұшу қашықтығы ≈ 8,7 м
ұшу қашықтығы ≈ 9,3 м
Егер еркін құлаған дененің құлау биіктігін 4 есе арттырсақ, онда оның құлау уақыты
300%-ға артады.
300%-ға кемиді.
200%-ға артады.
200%-ға кемиді.
100%-ға артады.
Тік жоғары 60 м/с жылдамдықпен лақтырылған дененің 160 м биіктікке көтерілу уақыты (g = 10 м/с2)
5 с.
4 с.
7 с.
6 с.
8 с.
Еркін құлаған дененің жетінші секундта жүрген жолын табыңыз.
55 м
65 м
75 м
85 м
95 м
Достарыңызбен бөлісу: |