М.Т. Калашников 1919 ж Алтай аймағы, Курья ауылында дүниеге келді. 1937 ж Матай станциясына келіп депода жұмыс істейді. 1938 ж Матайдан әскерге аттанады. 1941 жылы соғыста жараланып, госпитальде «АК-74» сызбасын жасады. 1942-1947ж.ж. Депо бастығы өзі аттас Калашников «АК-47» жасауға Милашус, Тестов, Кусайын, Кравченко, Медведь көмектесті. 1949 жылы І дәрежелі Сталиндік сыйлық алады. 1949-1990 жж. Дейін 55-70 мемлекетте автомат шығарылады. Қарудың 150-ден астам түрін ойлап тауып, оның 17 түрі қазір қолданыста. 5,45 мм жетілдірілген Калашников автоматы-дербес қару, ал 5,45 мм калашников пулеметі атқыштар бөлімшесінің қаруы болып табылады. Олар қарсыластың тірі күші мен атыс құралдарын жоюға арналған. Түнгі табиғи жарық жағдайларында ату және бақылау үшін АК 74Н, АКС 74Н автоматтарымен РПК74Н, РПКС74Н пулеметтеріне түнде атуға арналған әмбебап көздеуіш бекітіледі. Автоматтан атыс жеклей және автоматты түрде жүргізіледі. Автоматты атыс автоматтан қысқа 5 атыс және ұзақ атумен 10 атыс жүргізіледі. Пулеметтерден 15 атысқа дейін жүргізіледі. Атыс кезінде патрондардың берілуі автоматта 30, Пулеметте - 45 патронға дейін болатын оқжатар қорабынан жүргізіледі. Атудың көздеу қашықтығы - 1000 метр. Жер үсті нысаналары бойынша нақты атыс қашықтығы: автоматта 500 метрге дейін, пулеметте 600 метрге дейін.