Күнделік сабақ жоспары
Сабақтың күнделікті жоспарын мұғалімнің іс-әрекетіне бағыт сілтеуші шығармашылық ақыл-ойының зертханасы, педагогикалық шеберлігінің шығармашылығы деуге болады. Сабақ жоспарында негізінен мынадай үш мәселеге назар аударылады:
өткен сабақта үйге берілген тапсырмаға байланысты сыныпта орындалатын тексеру жұмыстарының сұрақтары, өзіндік жұмыстары;
жаңа материалды түсіндіруге, бекітуге, жаттықтыруға, өзіндік жұмыстарды орындауға байланысты жұмыстар;
Сыныпқа және жеке оқушыларға берілетін үй тапсырмаларын анықтау; Сыныпқа берілетін тапсырманы мұғалім үйден дайындап келеді де жеке оқушыларға берілетін тапсырмалар сабақ өту барысында белгілі болады.
Күнделік сабақ жоспары әр түрлі үлгіде жазылады, барлық сабаққа ортақ үлгі әзірге жоқ. Өйткені сабақ кезеңдері сабақ типтеріне байланысты өзгеріп отырады. Дегенмен, жас педогогтер мен үйренуші студенттерге аралас типті сабақтың үлгісін пайдалну әлдеқайда қолайлы.
34 Билет
3сурак
Ядролардың өз бетімен альфа, бета және басқа да бөлшектер мен сәулелерді шығарып түрленулерін олардың радиоактивті ыдырауы деп атайды. Ауыр элементтер ядроларының ыдырау жылдамдықтарын сипаттау үшін жартылай ыдырау периоды деген шама енгізіледі. Оны Т әрпімен белгілейді. Радиоактивті изотоп ядроларының тек жартысы ыдырайтын уақыт осы изотоптың жартылай ыдырау периоды деп аталады. Мысалы, жартылай ыдырау периодтары: Висмут-209 изотопы үшін ол Т = 2 · 1018 жыл, висмут-210 изотопы үшін Т = 5 тәул., көміртек-14 үшін Т = 5600 жыл, криптон-85 үшін Т = 10,6 жыл, лантан-140 үшін Т = 40,2 сағ, барий-140 үшін Т = 12,8 тәул. Жартылай ыдырау периодының анықтамасына сәйкес изотоптың алғашқы N0 ядроларынан t = 1Т уақыт өткенде N0 2 ядро, t = 2Т уақыт өткенде N0 2 : 2 = N0 2 2 ядро, ал t = 10Т, яғни он жарты периодқа тең уақыт өткенде N0 10 2 ядро қалады. Қорыта келгенде, п жарты периодқа тең t = пТ уақыт өткенде ыдырамай қалған ядролардың санын жоғарыдағы зандылықтарға сүйене отырып, жалпы түрде былай жазамыз: N N n t N T = = 0 0 1 2 1 2 · · . / немесе n = t/T ескеріп, N N Nn t N T = = 0 0 1 2 1 2 · · . / (7.8) Мұндағы N0 – ең алғашқы ядролардың саны, N – ыдырамаған ядро- §47. РАДИоАКТИВТІ ЫДЫРАУ ЗАҢЫ 265 ПРОЕКТ лар саны, t – ыдырау уақыты, Т – жартылай ыдырау периоды, п – жартылай ыдырау периодының t уақыт ішіндегі саны. 1902 ж. Э. Резерфорд пен Ф. Содди ашқан бұл өрнек радиоактивті ыдырау заңы деп аталады. Өрнекке кіретін шамалардың тәуелділік сызбасы математикада экспоненциалдық қисық деп аталады (сурет 7.4). Сонымен, радиоактивті элементтердің ядролары экспоненциалдық қисық бойынша ыдырап, басқа элементтердің ядроларына түрленеді. 3. Радиоактивті ыдырау заңы нақты атомның да, немесе азынаулақ атомдардың да ядроларының ыдырауларын сипаттай алмайды. Бұл заң аса көп атомдардың ядроларының ыдырауларын ғана сипаттайды. Өйткені атом ядросының ыдырауы кездейсоқ оқиға болып табылады: мысалы, қазір ыдырайды деп отырған ядро мыңдаған жылдардан кейін ыдырап, ал оның есесіне ыдырауы күтілмеген басқа бір ядро әп-сәтте ыдырауы мүмкін. Міне, осындай кездейсоқ орындалатын құбылыстарды сипаттау үшін математикалық ықтималдық теориясы қолданылады. Ықтималдық теориясына негізделген заңдылықтар тек аса көп бөлшектерден тұратын жүйелерде ғана орын алатын кездейсоқ құбылыстарды жалпы түрде сипаттай алады.
35 билет
1 сурак
Достарыңызбен бөлісу: |