«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары



Дата11.05.2022
өлшемі76 Kb.
#142078
Байланысты:
ЕМТ. СҰРАҚТ.Қаз.қ.з.т.


«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ»
пәні бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары

  1. ХХ – ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-тарихи ахуалы. Столыпиннің аграрлық реформасы.

  2. І - Мемлекеттік Думаға қазақ өлкесінен сайланған депутаттар және олардың Мұсылмандық фракциядағы қызметі.

  3. 1905-1907 жылдардағы революцияның Қазақстанның саяси дамуына әсері. 

  4. XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары және Қарқаралы петициясы.

  5. ХХ ғ. басындағы аграрлық қоныс аудару саясаты. Отарлау саясатының күшеюі.

  6. ІІ-Мемлекеттік Думаға қазақ өлкесінен сайланған депутаттар және олардың Мұсылмандық фракциядағы қызметі.

  7. «Айқап» журналының қазақ халқының қоғамдық-саяси өміріндегі орны.

  8. ХХ ғ. басындағы «Қазақ» газетінің қоғамдық-саяси, әдеби, мәдени басылым ретіндегі орнын ашып көрсетіңіз.

  9. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан және қазақ ауылының жағдайы.

  10. 1916 ж. ұлт- азаттық көтерілістің ақтаңдақтары мен сабақтары.

  11. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсері.

  12. I-Жалпықазақ съезі және «Алаш» партиясының бағдарламасы.

  13. Алаш қозғалысы: ұлттық мемлекеттілік үшін күрестің бастауы.

  14. ХХ ғ. басындағы қазақ жастар ұйымдары мен басылымдар мәселесі.

  15. Уақытша үкімет және ұлттық мемлекеттілік мәселесі. Қазақ зиялыларының ұстанымы.

  16. 1917 жылғы Ресейдегі Қазан төңкерісі және оның Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсері.

  17. 1917 жылғы саяси партиялар: Шуро-Ислам Одағы, Алаш партиясы, Үш жүз партиясы және т.б.

  18. XX ғ. басындағы Қазақстандағы облыстық қазақ съездерінде көтерілген мәселелер.

  19. 1917 ж. Қазан төңкерісінің Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне әсері.

  20. ХХ ғасыр басындағы ұлттық мемлекет құру бастамасы және Ә.Бөкейханов.

  21. II- Жалпықазақ съезі. Алаш Орда үкіметінің құрылуы.

  22. Алаш Орда үкіметінің Кеңес үкіметімен қарым-қатынасы.

  23. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары.

  24. Түркістан (Қоқан) автономиясы және Орта Азиядағы басмашылық қозғалыстар.

  25. Мұстафа Шоқай тұлғасы және Түркістан автономиясы.

  26. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан.

  27. Қазревком қызметі және Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы. С.Меңдешов, А.Байтұрсынов, Б.Қаратаев сынды қазақ зиялыларының қызметі.

  28. Жер-су реформасының мақсаты. Оны жүзеге асырудағы ауытқулар.

  29. Алаш зиялыларына қарсы жүргізілген саяси қуғын-сүргін (ХХ ғ. 20-30 жж.).

  30. Ұжымдастыру саясаты салдарынан туындаған аштықтың себептері, демографиялық, әлеуметтік-экономикалық зардаптары (1931-1933 жж.).

  31. Кеңес өкіметі кезеңіндегі күштеп көшірілген халықтардың тағдыры (ХХ ғ. 30-50 жж.).

  32. Темірбек Жүргенов – тарихи тұлға, қоғам қайраткері.

  33. Отандық тарихнамадағы М.Дулатов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Тынышбаев сынды қазақ зиялыларының тарихи еңбектеріне тоқталу.

  34. Ел тәуелсіздігі жолында күрескен қазақ азаматтары - Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев және т.б.




  1. Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан (С.Меңдешев, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов көзқарастары).

  2. 1924 жылғы Орта Азияны ұлттық-территориялық межелеу саясаты және қазақ жерінің жаңадан белгіленуі.

  3. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі.

  4. Қазақ зиялыларының ұжымдастыру саясатына қарсы көзқарастары. «Т.Рысқұловтың хаты», «Бесеудің хаты».

  5. Күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістердің тарихи маңызы.

  6. Кеңес өкіметі тұсындағы лагерлер жүйесінің тарихы (ХХ ғасырдың 30-50 жж).

  7. ХХ – ғасырдың 20-40-шы жылдарындағы білім беру мен мәдениет саласындағы қиыншылықтар мен жетістіктер.

  8. ХХ ғ. 20-30 жж. Кеңестік Қазақстандағы оқу орындарының ашылуы және оның Қазақстанның білім беру саласына әсері.

  9. ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы мәдени құрылыстың негізгі бағыттары. Жоғары оқу орындар тарихы.

  10. ХХ ғ. 20-40 жж. индустрияландыру саясаты кезіндегі Қазақстан өнеркәсібінің дамуы.

  11. ХХ ғ. 30-40 жылдарындағы Қазақ АКСР-ң Одақтас республикаға айналу тарихын баяндаңыз.

  12. Ұлы Отан соғысы және қазақстандықтардың майданға қосқан үлесі.

  13. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы халықтың ерен еңбегі.

  14. Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен партизандық қозғалыстарға қатысқан қазақстандықтар.

  15. Соғыстан кейінгі кезеңде халық шаруашылығын жүргізудегі реформалар.

  16. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мәдениет пен ғылымның дамуы.

  17. ХХ ғасырдың 50-60 жж. Қазақстанның саяси-әлеуметтік, экономикалық дамуы.

  18. Қазақстандағы тың игеру саясаты: мақсаты, барысы, салдары, көлеңкелі жақтары (1954-1960 жж.).

  19. Қазақстан қоғамдық дамудағы қайшылықтар мен тоқырау жылдарында.

  20. Кеңестік кезеңдегі республика өңіріндегі ядролық сынақтар және оның зардаптары.

  21. Жұмабай Шаяхметов және Қазақстандағы сол кезеңдегі түйіндерді шешуге қатысты талпыныстар.

  22. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз (Е.Б.Бекмаханов, Е.С.Смаилов, Қ.И.Сәтпаев, Б.Сүлейменов және т.б.).

  23. Жұмабек Ташенов және ХХ ғасырдың 60 - жылдарындағы Қазақстандағы жер мәселесі.

  24. Кеңес Одағы тұсында Қытайдағы қазақ диаспорасының елге оралуы және 1969 жылғы Жалаңашкөл оқиғасы.

  25. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениетінің даму тарихы.

  26. ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы ұлтаралық шиеленістер мен әлеуметтік қайшылықтардың көтерілуі.

  27. ХХ ғ. 70-80 жж. ұлттық мәселенің қыспаққа алынуы және қазақ зиялыларының қудалануы.

  28. Д.А.Қонаев және Кеңестік Қазақстанның дамуы.

  29. «Қайта құру» жылдарындағы қайшылықтар мен мүмкіндіктер (1985-1991 жж.).

  30. Желтоқсан көтерілісі – тәуелсіздікке ұмтылған қазақ жастарының күресі.

  31. Ресейдегі тамыз бүлігі және ТМД құрамындағы Қазақстан.

  32. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан астаналарының тарихын баяндаңыз.

  33. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы және қазақ тілінің мәртебесі.

  34. «Қазақстан Республикасы егемендігі туралы» декларациясының маңызы (1990 ж. 25 қазан).




  1. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы» (1991 ж. 16 желтоқсан).

  2. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Символикалық айырым белгілерін талдап көрсетіңіз.

  3. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы: тарихы мен тағылымы.

  4. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Демократиялық қоғам орнату кепілі (1993 ж., 1995 ж.).

  5. Қазақстан Республикасының Ұлттық теңгесінің айналымға ену тарихы.

  6. Ядролық қарусыз әлем және Қазақстан.

  7. Қазақстан Халқы Ассамблеясы. Ассамблеяның парламенттік өкілдері.

  8. Тәуелсіз Қазақстанның дербес мемлекет ретіндегі халықаралық аренадағы орны.

  9. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы көш» бағдарламасы және қандастарымыздың ата қонысқа қайта оралу тарихы.

  10. «Қазақстан-2030» стратегиясы және оның орындалу барысын баяндаңыз.

  11. Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегі және онда қазақ тарихының қарастырылуы.

  12. Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» еңбегі және Астана тарихы.

  13. «Болашақ» бағдарламасы және заманауи білім беру жүйесі.

  14. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері.

  15. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясы. Тарихы, басшылығы, идеологиясы.

  16. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991 жылдан бүгінгі күнге дейін).

  17. Тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.

  18. Тәуелсіз Қазақстандағы этнодемографиялық үрдістер және ұлтаралық келісімнің нығаюуы.

  19. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: зерттеулер мен нәтижелері.

  20. «Қазақстан-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты. Оның мақсаты мен міндеттерін баяндаңыз (2012 ж. 14 желтоқсан).

  21. Қазақстан Республикасының «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның жүзеге асу барысы.

  22. Тәуелсіз Қазақстандағы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы және оның маңызы.

  23. Республикадағы экономикалық дамудың Қазақстандық үлгісі.

  24. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелер (2017 ж. 12 сәуір).

  25. Н.Ә. Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасы және оның мақсаты мен міндеттері (2017 ж. 27 сәуір).

  26. «ЭКСПО-2017» көрмесі және оның Қазақстан үшін маңызы.

  27. Цифрлық Қазақстан бағдарламасы - үлкен мүмкіндіктер (2017 ж. 12 желтоқсан).

  28. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне сайлануы.

  29. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы инновациялық даму саясатының мәні мен маңызы.

  30. Тәуелсіз Қазақстан республикасының сыртқы саясаты және Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелігі (1991-2019 жж.).

  31. Қазақстандық парламентаризм.

  32. Қазақстан Республикасының тарихи ескерткіштерінің бүгінгі таңдағы зерттелуі.

  33. Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуі (2017 жыл, 26 қазан).

  34. Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2019 жыл, 2 қыркүйек.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет