Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшірудің зардаптарын жазыңыз
Кеңес Одағының Коммунистiк партиясының ХV сьезi ауыл шаруашылығын ұжымдастыру туралы шешiм қабылдады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру 1929-1932 жылдары жүрiлдi. Ауыл шаруашылығын ұжымдастырғанда партия және Кеңес үкiметi бiрнеше мақсат қойды.
Осы кезде Кеңес Одағында өнеркәсiп мемлекеттiк меншiкте болды да ауыл шаруашылығында жеке меншiк үстем болды. Меншiктiң екi түрiнiң арасындағы қайшылықты жою ұйымдастырудың негiзгi мақсатының бiрi болды. Екiншiден, КОКП мен Кеңес үкiметi ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, ұжымдасқан еңбектiң нәтижесiнде еңбек өнiмiн жоғарлатып халықтың тұрмыс күйiн жақсартпақ болды. үшiншiден, ауыл шаруашылығындағы жеке меншiктi жойып ауыл шаруашылығынан алынатын өнiмдi үкiмет қолына топтастыру арқылы елдi индустрияландыруға қор жинамақ болды. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясатын жүргiзгенде көтерген мақсаттардың iшiнен жоғарыда айтқандардың бiрiншi, үшiншiсi орындалып, екiншiсi орындалмады, нәтиже бермедi. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру еңбек өнiмiн арттыру мақсатын шеше алмады.Ұжымдастырғаннан соңғы 70 жылда Кеңес одағында, соның iшiнде Қазақстанда егiстiк өнiмi өспедi, мал басы азайды.
Ауыл шаруашылығын ұйымдастырудың нәтижесiнде ұжымдық меншiкке сүйенген колхоз, мемлекеттiк меншiкке сүйенген совхоз деп аталатын шаруашылықтың екi түрi орнады. Ұжымдық меншiк келе келе мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiне айналды.
Мал шаруашылығын ұжымдастырудың өзi қате саясат болды, сондай саясатты жүзеге асырғанда көптеген бұрмалаушылықтар мен қателiктер орын алды. Кеңес Одағында 1920-1940 жылдары социализм орнату мақсатында жүзеге асырылған iрi-iрi экономикалық өзгерiстердiң iшiнен нәтиже бермегенi ауыл шаруашылығын ұжымдастыру болды. Бұл шара сонымен бiрге қазақ халқына ауыр зардап әкелдi. Қазақ халқы жанынан, малынан айырылып қалды. Ұжымдастыру барысында жiберiлген қателiктер мен бұрмалаушылықтар:
1. Ұжымдастыру Кеңес Одағында, Қазақстанда халықтың өз еркiмен емес, күшпен, әкiмшiлiк әдiспен жүрiлдi. Колхозға кiрмегендердi барлық жағынан қыспаққа алды, олардың сайлау еркiн жойды, жер-су, жайылыммен, салықпен қысты, бай, кулак деп тәркiлеймiз, жер аударамыз деп қорқытты. Осылардың салдарынан колхозға күшпен кiргендер көп болды, олардың колхозды көркейтуге пайда келтiрмейтiнi белгiлi.
2. Ұжымдастыру халықты күшпен отырықшыландырумен ұштастырылды. Отырықшыландыру тәрiздi күрделi мәселенi қазақтың киiз үйлерiн бiр жерге жинап көше-көше етiп тiгумен шешпек болды. бiр жерге топтасқан мал сол жерлердiң шөбi бiткенде жаппай қырылды.
3. Ұжымдастыруды жүргiзгенде ұжымдасқан шаруашылықтың серiктестiк тәрiздi қарапайым түрiнен бастап халықты бiрiккен еңбеңкке үйретiп оның артықшылығына олардың көзiн жеткiзу қажет едi. Iс жүзiнде бiрiккен шаруашылықтың колхоз, коммуна тәрiздi жоғарғы түрлерiн таңдады.
4. Ұжымдастыруды мемлекетке ет дайындау науқанымен қоса жүргiздi. Ет дайындау мiндетiн орындамағандар қатал жазаланды. Егiн екпейтiн көшпендi қазақтардан астық салығын алды. Аталмыш қателiктер қазақ халқына ауыр зардап әкелдi.
Ауыл шаруашылығын, әсiресе мал шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, бұл саясатты жүзеге асыруда жiберiлген қателiктер мен бұрмалаушылықтар қазақ халқына аса ауыр зардап әкелдi. Бiрiншiден қазақ халқы малынан айырылып қалды. 1929 жылғы 40 млн. малдан 1932 жылы 5-ақ млн. мал қалды.
Қазақ халқы бұрын соңды болмаған ашаршылыққа ұшырады. 1926 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 5,8 млн. қазақ болған едi, 1933 жылы 2,5 млн қазақ қалды. 2 млн. қазақ аштан қырылды. 1,3 млн. қазақ басқа жаққа көшiп кеттi. Сөйтiп қазақ мемлекетi малының 88 пайызынан, халқының 60 пайызынан айырылып қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |