«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтар студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлерін талдап көрсетіңіз



бет26/43
Дата17.05.2023
өлшемі139,12 Kb.
#177026
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
Байланысты:
эталон-Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлерін талдап көрсетіңіз

Ғаламдық өлшеммен алғанда кеңестік адам антигуманистік әрекеттерден, атап айтқанда, құғындау, соғысқа шақырылу немесе басқа да ауыр іс-шаралардан қорғалған жоқ. Рухани-мәдени салада орын алған аластату аса қатты байқалған болатын. Тек Қазақстанның өзінде әліппе екі рет өзгертілді. 1928 жылы араб тілінен латын тіліне, ал 1940 жылы латын тілінен кириллицаға ауыстырылды.
Оқулықтарда, кинофильмдерде әр уақытта нағыз әділетті өмір 1917 жылғы «Ұлы революциядан» кейін басталды деп түсіндірілді. Сонымен бірге Москва мен Петроградтың төңкерістік және алдыңғы қатарлы отрядтары алыстағы Украина, Кавказ, Орталық Азия және Қазақстан сияқты елдерді жарқын болашаққа апарады деп сендірді. Тек идеологиялық тексеруден өткен филмьдер ғана марапатталып отырды. Атап айтқанда, шырмалған феодалдық дәстүрде өмір сүріп жатқан Шығысты жарқын болашаққа жеткізуге мәжбүр болған орыс солдаты туралы «Белое солнце пустыни» фильмін келтіруге болады. Осындай өтірік пен жалғанға негізделген фильмдер миллиондаған таралыммен шығарылды.
Большевизм ислам, христиан, иудаизм сияқты ежелгі діндерден бас тарта отырып, бірақ сол діндердің негізгі символдарын алып, діннің табынушылық рөлінің орнына өздерінің ілімдерін қойды. Олардың жариялаған қағидаларына қандайда болмасын күмән келтірушілік, аздап болса да сын айтушылық қатаң жазаланып отырды. Коммунизм дүниеге деген тоталитарлық діни көзқарас түріне айналды. Коммунистік идеология шеңберіндегі тарихи шығармалардағы батырлар ретінде бүлікшілер мен отаршылар – Стенька Разин мен Ермактар атанды. Кеңестік насихаттық машина барлығына бас иіп, еліктейтін, өзіндік ерекшеліктері бар табынушыларды жасап шығаруда өте шебер болды. Қазіргі заман тарихы ақыл-ойды басу, жұмыстан қуу, масқаралау, психиатриялық емханаларға қамау, кез-келген басқаша ойлауды соттық түзету әдісімен іске асыру сияқты мысалдарды әшкерелейді. Отандық зиялы қауым өкілдерін қуғын-сүргінге ұшырату сияқты жан түршігерлік оқиғалармен, Отанның шынайы тарихымен қоғамның танысуына 1985 жылғы горбачевтық қайта құру бағыты мен жариялықтан кейін ғана мүмкіндік туды



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет