Қазақстанның Қазіргі заман тарихы



Pdf көрінісі
бет10/38
Дата14.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#126391
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Байланысты:
Тарих керек файл
10
Дәрістің   мазмұны:  

Қазақстанда   Кеңес   өкіметінің   орнауы   барысы

талданып, кеңестік биліктің азаматтық қарсыласу жылдарындағы саясаты мен

одан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы іс-шаралары

және Қазақ АКСР-нің құрылуы мәселелері қарастырылады.  

1. 1917 жылдың басындағы Ақпан революциясының нәтижесінде патша

тақтан   құлады.   Оның   орнына   қос   үкімет   орнады.   Бір   жағынан   негізгі

буржуазиялық   уақытша   билік   орнаса,   оған   балама   жұмысшы,   солдат   және

шаруа депутаттарының Кеңестері күш ала бастады. 

Алайда   1917   жылғы   Ақпан   буржуазиялық-демократиялық

революциясының   нәтижесінде   орнаған   Уақытша   үкімет   халықтың   мұң-

мұқтажын толық шеше алмады. Ұлт мәселесі, отарлық езгі, жер мәселесі мен

әлеуметтік   қанаушылық   өз   шешімін   таппады,   патша   үкіметінің   заңдары   өз

күшінде   қалды.   Қазақ   өлкесіндегі   шұрайлы-шүйгін   жерлер   казак-орыс

иеліктерінде   қалса,   әлеуметтік   артықшылықтар   кулактардың,   бай-

шонжарлардың қолында болды. 

1917   жылдың   жаз   айларынан   бастап   барлық   өлкеде   қара   халықтың

басым   көпшілігі   большевиктерді   қолдай   бастағаны   белгілі.   Жұмысшы-

шаруалардан   құрылған   Кеңестердің   ықпалы   күшейді.   «Бүкіл   өкімет

Кеңестерге   берілсін!»   деген   ұран   қарулы   көтеріліске   жетелеп,   Уақытша

өкіметті құлатуға шақырды. 

1917   жылдың   24   қазанында   Петроградта   қарулы   көтеріліс   басталып,

жұмысшы-солдаттар жасақтары стратегиялық нысандарды басып алады. Ал,

25   қазан   күні   Уақытша   өкімет   құлатылды.   Нәтижесінде   большевиктер

23



партиясы   Ресейде   Кеңес   билігін   орнатады.   Олар   халықты   өздеріне   қарату

мақсатында   «Жер   туралы»,   «Бейбітшілік   туралы»,   «Ұлттардың   тәуелсіздігі

туралы»   декреттерді   жариялады.   Қазақстанда   Кеңес   өкіметі   екі   жолмен

орнады.   Қазақстанның   өндірістік   аймақтарында   бейбіт   түрде,   ал   казактар

шоғырланған өлкелерде қарулы күшпен орнады. 

1917 жылдың қазан айынан бастап, 1918 жылдың наурыз айына дейін

Кеңес   өкіметі   Қазақстанның   ірі   елді   мекендері   мен   қалаларында   орнаса,

ауылдар мен селолық жерлердің басым көпшілігінде бұл үрдіс азамат соғысы

басталғанға дейін созылды. Қазақ өлкесінде Кеңес өкіметін орнату жолында

Ә.   Жангелдин,   О.   Жандосов,   Т.   Бокин,   С.   Сейфуллин,   Ә.   Майкөтов,   А.

Асылбеков, А. Иманов, Т. Рысқұлов, П. Виноградов, Л. Емелев, Я. Ушанов, Ә.

Айтиев, Т. Өтепов, А. Розыбакиев тағы да басқалары белсенді қатысты. 

Кеңес   өкіметі   Перовскіде   (Қызылорда)   1917   жылдың   30   қазанында,

Шымкент   қаласында   қараша   айында,   Түркістан,   Әулиеата,   Қазалы   жерінде

желтоқсан айында орнады. Петропавлда жұмысшы-шаруа депутаттары Кеңесі

темір жол жұмысшыларымен бірлесе отырып, 1917 жылдың 12 қарашасында

өз билігін орнатты, ал Өскемен, Семей, Атбасар, Көкшетау, Павлодар жерінде

Кеңес өкіметі казак-орыстар мен билеуші топтардың қарсылығына тап болып,

қиыншылықтарға   кездесті.   Семей   өлкесіндегі   Кеңес   өкметі   1918   жылдың

ақпанының 17-де орнады. 

Торғай,   Қостанай,   Ақтөбе   жерлерінде   Кеңес   өкіметі   1917   жылдың

желтоқсанынан   1918   жылғы   наурыз   айының   аралығында   орнады.   Жетісу

өңіріне   келсек,   Кеңес   өкіметін   орнату   қарсы   күштердің   басымдылығына

байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. 

1918   жылдың   наурыздың   2-нен   3-не   қараған   түні   Верныйда   әскери-

төңкеріс   комитеті   басқаруымен   жұмысшылардан   құрылған   «Қызыл   ұлан»

жасақтары   және   большевиктік   әскери   полктің   жауынгерлері   еңбекшілердің

қолдауына сүйене отырып, пошта-телеграф, қару-жарақ қоймаларын, маңызды

нысандарды басып алып, Кеңес өкіметін орнатты. Наурыз айында Жаркент,

Аякөз,   Талдықорған,   ал   сәуірдің   бас   кезінде   Лепсіде   Кеңестік   билік

орнатылды. 

1917 жылдың 15-22 қарашасында болған Ташкентте өткен өлкелік съезд

Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі орнағанын атап өтті. Оның құрамында

14   адам   болды.   Бірақ   құрамында   бір   мұсылман   өкілдері   болған   емес.

Большевиктердің жергілікті халыққа деген сенімсіз бұл әрекеті 1917 жылдың

22 қарашасында Қоқандта Бүкілтүркістандық Төтенше IV съездің ашылуына

алып   келді.   Съездің   шешімімен   оның   төрағасы   болып   алғашқы   кезде

Мұхаммеджан   Тынышпаев   сайланса,   кейін   Мұстафа   Шоқай   сайланды.

Түркістан   аумақтық   жағынан   Ресей   Федерациясының   құрамындағы

Автономиялық   Республика   болып   жарияланды.   Түркістан   Уақытша   Кеңесі

құрамында   32   адам   болды.   Мұны   Түркістан   автономиясы   немесе   орыстар

айтқандай   «Қоқанд   автономиясы»   деп   атады.   1917   жылдың   қарашасында

Түркістан   автономиясын   жақтаған   мұсылмандардың   үлкен   халық   шеруі

болды.   Алайда   большевиктер   үкіметі   Ташкент   қаласындағы   Қызыл   Армия

24



бөлімінің   әскерлеріне   сүйене   отырып,   түркі   халықтарының   бірігуінен

қорыққан олар 1918 жылдың қаңтар айында Түркістан автономиясын құлатып,

аяусыз басып жаншыды. 

Осылайша,   1917   жылдың   қазан   айынан   1918   жылдың   наурыз   айына

дейінгі аралықта Кеңес өкіметі Қазақстанның басым көпшілігінде орнатылды. 

2.   Ресейде   басталған   Азамат   соғысы   Қазақстанды   да   шарпып   үш

жылдан аса уақытқа созылды. Осы соғыста 8 млн. жуық адам опат болды. 

1918   жылдың   мамырында   Қиыр   шығыста   чехословак   корпусы   бүлік

шығарды.   Олар   Сібірдің,   Оралды,   Орта   Волганың,   Солтүстік-Шығыс

Қазақстанның   бірнеше   қалаларын   басып   алды.   Мамыр   айында   Петропавл,

маусымда   Көкшетау,   Ақмола,   Омбы,   Павлодар,   Семей,   Қостанай   басып

алынды.   Олар   кеңес   қызметкерлерін   өлтіріп,   елді   мекендерде   озбырлық,

айуандық   әрекеттер   жасайды.   К.   Сүтішев,   И.   Дубинин,   Ғ.   Ыдырысов,   П.

Шугаев   сияқты   Кеңес   қызметкерлерін   азаптап  өлтіріп,   Өскемен   Совдепінің

төрағасы Я.Ушаковты кеменің оттығына жағып өлтіреді. 

1918 жылдың маусымында Дутов Орынборды басып алды. Осыдан кейін

1918 жылдың жазында Шығыс майдандағы қиыншылықтарға байланысты 2

маусымда   Қызыл   әскер   бөлімдері   Орынбор   қаласынан   кейін   әскерлерге

Ташкент,  Қазалы,   Қызылорда,   Шымкент,  Әулиеата   т.б.   қалаларда   құрылған

халық   жасақтары   көмекке   келіп,   соның   негізінде   Жетісу,  Орынбор,   Орал,

Батыс Қазақстанда әскери бөлімдер құрылды. 

Алайда   кеңес   үкіметінің   жергілікті   мұсылман   халықтардан   құралған

бөлімдеріне сенімдері болмады. Соғысқа адам алу алғашқы уақытта еріктілік

негізінде   жүргізілді.   Артынан   міндетті   болып   есептелінеді.   1918   жылдың

қараша   айында   жауынгерлерді   ұлттық   белгі   бойынша   құру   туралы   жарлық

шықты. 1918 жылдың соңы мен 1919 жылдың басында Торғай және Ырғызда

Ә.   Жанкелдин   мен   А.   Иманов   бастаған   екі   атты   әскер   эскадроны,

пулеметшілер   тобы   жасақталды.   1918   жылдың   күзінде   Бөкей   Ордасында

тұңғыш қазақ атты әскер полкі құрылды. 

1919   жылдың   басында   Ә.   Жанкелдин   бастаған   экспедиция   майданға

Мәскеуден  көптеген  қару-жарақ пен  оқ-дәрі  жеткізеді.  Ақтөбе майданының

әскери   күші   1919   жылдың   22-ші   қаңтарында   Орынборды,   26-шы   қаңтарда

Орал қаласын азат етті. М. Фрунзе басқарған әскер Қазақстанның солтүстік

өңірінде,   В.   Чапаев   бастаған   әскер   оңтүстік-батыс   аудандарда   сәтті   соғыс

қимылдарын   жүргізіп,   Колчак   пен   Деникин   әскерлерінің   қосылуына   жол

бермеді. 1919 жылы Ә. Жанкелдин мен А. Иманов Торғайда Кеңес өкіметін

қалыпқа келтірді. 

Атаман   Дутовтың,   Аннековтың   іс-әрекеттері   халықты   партизандық

соғысқа   итерді.   Олардың   саны   10   мыңға   дейін   жетті.   Қостанай   өңірінде

Боровский ауданында 25 мың партизандар болды. Атбасар уезінде Мариновка

селосы партизандық қозғалыстың орталығы болды. Оны Ирченко басқарды.

Ақмола, Семей жерлерінде партизандық күрес өрістеп, Жетісу майданының

солтүстік-шығыс   бөлігінде   1919   жылдың   қазан   айының   ортасына   дейін   ақ

гвардияшыларға күрес жүргізіп, негізгі орталығы Черкасское ауылы болды. 

25



Шығыс майданның Солтүстік және Оңтүстік топтары болды. Оңтүстік

топты М.В. Фрунзе басқарды. Олардың әскерлері 1919 жылдың мамыр айында

Уфаны,  ал  жазында  Челябіні   азат  етті.  Осының  нәтижесінде   1919  жылдың

қыркүйегінде   Ақтөбе   майданы   жойылды.   Колчак   армиясының   жеңілуі,

солтүстік-шығыс   Қазақстанның   азат   етілуі   Орал   майданының   жойылуына

әкелді.   Осыған   сәйкес   Түркістан   майданының   әскери   бөлімдері   Солтүстік

Жетісуға жеткізіліп, Кеңес үкіметіне қарсылықты тез арада басты. 

Бұл орайда «Алтайдың қызыл тау қырандары» ерекше көмек көрсетті.

Нәтижесінде 1920 жылдың басында Жетісу майданы жойылды.  

Азамат   соғысы   жылдарында  ел   экономикасын   соғыс   жағдайына

ыңғайлап   қайта   құру   және   майданды   толық   қамтамасыз   ету   мақсатында

төтенше шара: «Әскери коммунизм саясаты» енгізілді. Оның негізгі белгілері:

азық-түлік   салғырты,   жеке   саудаға   тыйым   салу,   азық-түлікті   теңгерме

ұстанымы   бойынша   бөлу,   ірі   және   орта   және   ұсақ   өнеркәсіпті   мемлекет

меншігіне көшіру, еңбек міндеткерлігі, басқаруды орталықтандыру, бірыңғай

мемлекеттік бюджет құру.



 

Азық-түлік салғыртының мәні: ауылшаруашылығы

өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі

міндеттелді. Оны іске асыру жолындағы асыра сілтеушілік, солақайлық саясат

кең   орын   алғаны   да   белгілі.   Соғыстың   аяқталуы   барысында   жүргізіліп

отырған   бұл   саясат   Кеңес   өкіметіне   деген   сенімді   азайтып,   халықтың

наразылығын тудырды. Аяғы көтерілістерге ұласты. Сондықтан ол 1921 жылы

«жаңа экономикалық саясатпен» (ЖЭС) алмастырылды. 

3.   Азамат   соғысы   жүріп   жатқан   кезде   Алаш   қайраткерлері   көксеген

Қазақ   мемлекеттігін   құру   туралы   мәселе   қойыла   басталды.   1919   жылдың

шілде   айының   10-да   Қырғыз   өлкесін   басқару   жөніндегі   революциялық

комитет   құру   туралы   декретке   қол   қойылды.   Онда   Қазақ   революциялық

комитеті өлкенің ең жоғарғы әскери-азаматтық басқармасы ретінде құрылады

делінген.   Оның   территориясына   мынадай   аймақтар   енді:   Астрахань

губерниясының   қазақтар   тұратын   аймағы,   Орал,   Торғай,   Ақмола,   Семей

облыстары   қарады.   Басшысы   болып   С.   Пестковский   тағайындалды.   Оның

құрамында: Ә. Жангелдин, А. Байтұрсынов, М. Тұнғаншин, С. Меңдешев, Б.

Қаратаев,   М.   Сералин,   С.   Сейфуллин   тағы   басқалар   болған.   Сібір   үкіметі

Семей,   Ақмола   облыстарының   Қазақстанға   қосылуына   қарсы   болды.   1919

жылдың 19 қыркүйегінде Орынбор Қазақстанның астанасы болып белгіленді.

А. Байтұрсынов, М. Сералин Қостанай облысының қазақ халқының ата-мекені

екендігін дәлелдеп жөнді, айқын пікірлер айтумен бұл жерлердің Қазақстанда

қалуына барынша еңбек етті. Саяси тартыстар нәтижесінде Семей, Ақмола

губернияларын Қазақстан құрамына қалуға А. Байтұрсынов, Ә. Ермеков, С.

Сәдуақасов т.б. ат салысты. 

Нәтижесінде 1920 жылдың 26 тамызында құрамында Ақмола, Торғай,

Семей,   Орал   облыстары,   Маңғыстау   уезі,   Адай   болысы   қараған   Қазақ

Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. 1920 жылдың қазан айының 4-

12 аралығында Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі

болып   өтті.   Онда   жоғарғы   үкімет   органдары   сайланды:   Орталық   атқару

26



комитетінің төрағасы болып С. Меңдешев, ал Халық Комиссарлар Кеңесінің

төрағасы болып В.А. Радус-Зенькович сайланды. 

1924   жылы   Орта   Азияны   ұлттық-мемлекеттік   межелеу   нәтижесінде

Сырдария   облысының   Ақмешіт,   Қазалы,   Түркістан,   Шымкент   уездері,

Ташкент,   Мырзашөл   уездерінің   бір   бөлігі,   Әулиеата   уезінің   көп   бөлігі,

Самарқан облысының Жизақ уезінің бір бөлігі, Жетісу облысының Алматы,

Жаркент,   Лепсі,   Қапал   уездері,   Пішпек,   уезінің   бір   бөлігі   Қазақстанға

қосылды. Қазақстан құрамынан негізгі халқы орыстар болып келетін Орынбор

губерниясы   бөлінді.   Республика   территориясы  2,7  млн-ға   өсті.   Халқының

саны   5   млн. 230   мың   адамды   құрады.   Қазақтар   61   пайыздан   асты.   1925

жылдың 15-19 сәуірдегі Ақмешітте болған Кеңестердің 5 съезінде «қырғыз»

орнына «қазақ», орысша «казак», «Казакстан» деп өзгертілсе, 1936 жылдан

бастап «казах», «Казахстан» деген атау қабылданды.

1918-1920   жылдардағы   азамат  соғысы   Қазақ   өлкесінің   экономикалық 

ахуалын   құлдыратты.   Халық   шаруашылығының   жалпы   өнім   өндіруіндегі

өнеркәсіптің   үлесі   1920   жылы   бар   болғаны   6,3   процент   болды.   Ауыл

шаруашылығы   дағдарысқа   ұшырады.   Орал   губерниясында   егістік   жерлер   2

есеге, ал Жетісу аймағында 3 есеге кеміді.  Соғыс жылдарында мал саны 10,8

млн басқа азайды, оның 2 млн-ы жылқы, 6,5 млн-ы ұсақ мал болды. Сонымен

қатар 1921 жылы Қазақстанның жеті губерниясының бесеуі құрғақшылыққа

душар болды. Осы жылдары 2 млн 300 мыңнан аса адам ашықты, 1 млн-ға

жуығы аштық пен аурудан өлді деген мәліметтер бар. 

Партияның   Х   съезі   (8   наурыз,   1921   ж.)   жаңа   экономикалық   саясатқа

көшу туралы шешім қабылдады. Ол бойынша мемлекеттің қолында ірі өндіріс

орындары, банктер қалдырылып, мемлекеттік жерлер, кішігірім мемлекеттік

кәсіпорындар   белгілі   мерзімге   жеке  тұлғаларға   жалға   берілді.   Мемлекеттің

бақылауымен   жеке   саудаға   рұқсат   берілді.   Жаңа   экономикалық   саясаттың

аясында   қабылданған   міндеттердің   ішіндегі   ең   маңыздысы   –   азық-түлік

салғыртын   азық-түлік   салығымен   алмастыру   туралы   шешім   болды.   Жеке

қожалық   өндірілген   өнімнің   белгілі   мөлшерін   ғана   мемлекетке   тапсырып,

қалған өнімді сатуға немесе өзінің басқа қажеттерін өтеуге мүмкіндік алды. 

Осыған   байланысты   енді   шаруа   қожалықтары   егістік   көлемін   ұлғайтуға,

сөйтіп өнімді көп өндіруге, яғни еңбек өнімділігін арттыруға  ынталы болды.

Көшпелі   жеке   қазақ   шаруашылықтарына   3-5   жылдық   мерзімдерге

жеңілдіктерге   негізделген   несиелер,   ауылшаруашылық   машиналары   мен

құралдарын сатып алуға негізделген несиелер де берілді. 1924 жылдан бастап

азық-түлік   салығы   орнына   ақшалай   енгізді.   Осының   бәрі   ұсақ   товар

өндірушінің   материалдық   құштарлығын   арттырды,   оның   өз

шаруашылығындағы   қорларына   иелік   ету   еркіндігін   күшейтті.   Нарықтық

қатынастардың   күшеюі   сауданың   дамуына   ықпал   етті.   1926   жылы 

Қазақстанда   128   жәрмеңке   жұмыс   істеді.   Бұл   кездегі   ірі   жәрмеңкелер

қатарына – Ойыл, Қоянды, Қарқара, Темір, Көкшетау, Атбасар жәрмеңкелерін

жатқызуға болады. Осы кездегі жәрмеңке саудасының жалпы айналымы 20–23

27



млн. сомды құрады. Сондай-ақ, осы өркендей бастаған жәрмеңкелік сауда да

ауыл шаруашылығының дамуына ықпалын тигізді. 

«Жаңа   экономикалық   саясат»   өз   жемісін   берді.   1925   жылы   егістік

жердің  көлемі 3 млн гектар болса, 1928 жылы 4 млн гектарға өсті, яғни бұл

1913 жылдың (4,4 млн га) деңгейіне жеткендігін көрсетеді. 1925 жылы 92 млн

пұт астық жиналса, 1927 ж. астықтың жалпы түсімі 1,4 млн пұтты құрады.

1925 жылы мал саны 1922 жылы салыстырғанда екі есе өссе, 1925-1928 жж.

аралығында   29   млн   басты   құрап,   жыл   сайын   5   пайызға   артып   отырды.

Ұжымдастыру қарсаңында мал басы саны 40 млн ірі қараны құрады. 

Алайда  экономиканы   мемлекеттің  тарапынан  жоспарлы  түрде  дамыту

мен   әкімшілік   басқару   әдістері   нарықтық   қатынаспен   қарама-қайшы   еді.

Таптық идеологияны ту еткен Кеңес  үкіметі экономиканы жоспарлы түрде 

дамыту идеясына сүйеніп, 1925 жылдың аяғында өнеркәсіп өндірісін халық

шаруашылығының   жетекші   саласы   етіп   белгіледі   және   оның   жоғары

қарқынмен   дамуын   ауылшаруашылығы   есесінен   қамтамасыз   етті.   Соның

нәтижесінде 1920

 

жылдың


 

соңында


 

нарықтық


 

қатынас


тоқырап, ЖЭС тоқтатылды.

Бақылау сұрақтары:

1) Қазақстанда кеңес өкіметін орнатудағы ерекшеліктерді атап көрсетіңіз?

2) Азамат соғысы жылдардың қасіреті жергілікті халықтың әл ауқатына қалай

әсер етті?

3) Қазақстандағы   жүргізілген   жаңа   экономикалық   саясаттың   қорытындылары

қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет