Қазақстанның Қазіргі заман тарихы



Pdf көрінісі
бет18/38
Дата14.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#126391
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
Байланысты:
Тарих керек файл
10
       

Дәрістің мақсаты: 

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жүргізген

экономикалық   реформалары   мен   әлемдік   экономикалық   дағдарысты   игеру

жолындағы шараларының басты бағыттарына талдау жасау. 



Дәрістің   мазмұны:  

Қазақстанның



 

тәуелсіздік   жылдарындағы   ел

экономикасын   жандандыру,   нарықтық   экономика   тетіктерін   қалыптастыру,

дүниежүзілік   дағдарыстарды   еңсеру   жолындағы   экономикалық   саясаты

қарастырылады.

1. 1980   жылдардың   соңы   –   1990   жылдардың   басындағы   орын   алған   терең

әлеуметтік-экономикалық   дағдарыс   КСРО-ның   өмір   сүруін   тоқтатуына,

шаруашылық   байланыстардың   бұзылып,   елде   жұмыссыздық   пен

инфляцияның   күрт   өсуіне   әкелді.     Дағдарыс   Қазақстан   экономикасын

түбірімен   қайта   құру,   нарықтық   экономиканы   қалыптастыру   және   жаңа

экономикалық   жүйеге   тиесілі   институттарды   дамыту   сияқты   шешуші   іс-

шараларды жүзеге асыруды талап етті.

Ел экономикасын ырықтандырудың алғашқы кезеңі (1991-1993 жж.) мен

өтпелі   кезеңіндегі   (1994-1997   жж.)   әлеуметтік-экономикалық   дағдарысты

басқару тетіктерін іздестіру бағытында төмендегідей маңызды экономикалық

реформалардың тұтас кешені жүзеге асырылды:

бағаны ырықтандыру;



мемлекеттік меншікті жекешелендіру;

ұлттық валютаны енгізу;



қаржы жүйесін құру, салық және бюджет жүйесін қалыптастыру;

нарықтық инфрақұрылымды дамыту; 



шетел инвестицияларын тарту, т.б.

Бұр реформаларды жүзеге асыру экономиканың тұрақтандыру кезеңіне

(1998-2001жж.)   өтуге,   нарықтық   экономикаға   қажетті   алғышарттарды

қалыптастыруға жол ашып, макроэкономикалық тұрақтандыруға негіз болды. 

1992 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен

Қазақстан бағаны ырықтандырды. Баға  алғашқы кезеңде –186,4 есеге өссе,

1992   жылы   сәуірде   554,5   есеге   өсті.   Нәтижесінде   ақшаның   құны   түсті.

Халықтың   тапқан   айлық   жалақысы   тамағынан   аспады.   Қаңтар   айынан

тамызға   дейін   өндірістік   тауарлардың   бағасы   бірнеше   есе   өсті.   Қалаларда

57



қайыр   сұраған   адамдар   көбейді.   Әлеуметтік-экономикалық   дағдарыс   өршіп,

инфляция үрдістері күшейді.

Реформа қарсаңында мемлекеттік меншіктің негізгі қордағы үлесі 80%-

ды   құрады.   Дағдарыс   жылдары   олардың   басым   бөлігі   қаңтарылып   тұрды

немесе   жұмысын   тоқтату   шегінде   болды.   Бұл   елдегі   инфляцияны   өршітті.

Әлемдік   практика   көрсеткендей   кәсіпорындар   мен   компаниялар   қызметінің

нәтижесі   мен   тиімділігі   олардың   меншік   формасына   байланысты   еді.

Республика басшылығы нарықтық экономиканың басты принциптерінің бірі

ретінде елде мемлекет меншігін тарату мен жекешелендірудің кең ауқымды

бағдарламасын іске асыру туралы шешім қабылдады.  

Жекешелендіру  Қазақстанда  бірнеше   кезеңмен   өтті.   Осы   жылдары

жекешелендіру   туралы   бірнеше   заң   жобалары   қабылданып,   оларға

толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. 

Бірінші   кезеңде

  (1991   —   1992)   «Кіші   жекешелендіру»   бағдарламасы

бойынша   мемлекеттік  

сауда


  және  

қызмет


  көрсету   кәсіпорындары   (31   мың

нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді.

Бұл кезеңде жекешелендіру бастамашылық сипатта болды, яғни кәсіпорындар

аукционға, конкурстарға қойылды немесе еңбек ұжымының меншігіне тегін

берілді. Бұл кезеңде барлығы 4 770 субъект жекешелендірілді. Сонымен қатар

осы   кезеңде   тұрғын   үй   нарығы   қалыптасты.   Тұрғын   үй   қоры   тегін

жекешелендірілді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет