Қазақстанның Қазіргі заман тарихы


дәріс. Кеңестік Қазақстан «қайта құру» кезеңінде



Pdf көрінісі
бет14/38
Дата14.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#126391
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
Байланысты:
Тарих керек файл
10
8 дәріс. Кеңестік Қазақстан «қайта құру» кезеңінде 

1. Ел басшылығындағы өзгерістер және реформаның қажеттігі.

2. Қайта құру реформасын жүзеге асыру және оның сәтсіздіктері.

3.   Еліміздегі   саяси   жаңару   және     КСРО-ның   ыдырауының

алғышарттары.

Дәрістің   мақсаты:  

ХХ   ғасырдың   80   жылдарындағы   экономикалық

құлдырау,саяси-экономикалық   реформаның   қажеттігі,   1985   жылғы   «қайта

құру»   реформасы   және   оның   салдары   КСРО-ның   ыдырауына   негіз

болғандығына талдау жасау.

Дәрістің   мазмұны:   «

Қайта   құру»   кезеңіндегі   республика

басшылығындағы  өзгерістер,   реформаны  жүзеге асырудағы  қателіктер  мен

сәтсіздіктер және КСРО-ның ыдыруы мәселелері қарастырылады.



   

1

.

  XX  ғасырдың   80-жылдарының   орта   шенінде   кеңестік   қоғамда

түбегейлі өзгеріс қажеттігі айқын сезіле бастады.  1985 жылғы наурызда Н.У.

Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.

Горбачев   сайланды.   Қызметінің   алғашқы   күнінен   бастап   елдегі   дағдарыс

жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр

мәселесін қойды.  1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік,

экономикалық     дамуды     жеделдету   мәселесіне   сәйкес   экономикалық

құрылымды   қайта   құру   бағыты   жарияланды.   М.С.   Горбачев   саясатының

ұрандары: жариялылық, жеделдету, қайта құру.   Бұл қайта құру бағыты 1986

жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару

бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми

айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта

құру   бағыты   алғашқы   кезден   бастап   сәтсіздікке   ұшырай   бастады.   Бұған

Москвада В.В. Гришин, Ленинградта Г.В. Романов, Қазақстанда Д.А. Қонаев,

Әзірбайджанда   Г.  Әлиев   сияқты   басшылар   кінәлі   деп  шешілді.   Қайта   құру

бағыты   мемлекетті   сол   кезде   алғышарты   қалыптасқан   аса   ірі   дағдарыстан

құтқара алмады. 

Кеңестер   Одағының   жаңа   басшылығының

 

жариялаған   әлеуметтік-



экономикалық   қайта   құруға   бағытталған   бағыт,   кейін   уақыт   көрсеткендей,

оның алдындағы өкімет басшылары сияқты өзін демократиялық реформатор

етіп   көрсетуге   бағытталған   талпыныс   еді.   Оның   алғашқы   төрт   жылында

(1985-1989   жж.)   жеделдету   концепциясын   жүзеге   асыруға   бағытталған

бірқатар нәтижесіз бастамалар басталды. Жеделдетудің басты қадамы ретінде

45



өндірістік   құрылымды,   құрал-жабдықтарды   техникалық   жүйелерді   жаңарту

идеясы   ұсынылды.   Бұл   идеяны   ұсынушылар   кұрал-жабдық   және   машина

жасаудың   азаматтық   салаларының   құрал-саймандарының   90%   әлемдік

стандарт деңгейіне жеткізуге мүмкіндік әперіп, еңбек өнімділігін күрт өсіріп,

жеделдетуге алып барады деп сенді.   Аграрлық салада да ғылыми-техникалық

революцияның жетістіктерін ендіру ауыл шаруашылық өндірісін жеделдетеді

деп есептеді.

Бірақ,   іс   жүзінде,   жеке   меншіктің   нарықтық   қатынастың   толыққанды

ендірілмеуі   жеделдету   тұжырымдамасын   қиялға   айналдырып   жіберді.

Жеделдету тұжырымдамасы өзінің жарамсыздығын ауыл шаруашылығында да

көрсетті.   Бұл   салада   оның   жүзеге   асырылмауының   басты   себебі   меншікке

байланысты   болды.   Мемлекеттік   колхоздық-совхоздық   жүйе   ғылыми-

техникалық   революцияның,   жаңа   технология   мен   егіншіліктің   ғылыми

жүйесінің  жетістіктерін  қабылдауға  дәрменсіз  болды.   Арендалық  әдістерді

енгізу   еңбеккерлердің   каржы   мен   еңбек   нәтижелерін   иемдену,   табылған

табысты   бөлу   принципін   өзгертпеді.   Өндіріс   кұрал-жабдықтары   мен   еңбек

нәтижесінен   шеттетілген   колхоздар   мен   совхоз   еңбеккерлерінің   еңбек

өнімділігін арттыруға кұлқы болмады.

Маскүнемдікпен   және   тәртіпсіздікпен   күрес   кайта   кұрудың   алғашқы

жылында   еңбек   өнімділігін   шамалы   ғана   арттырута   қол   жеткізді.   Оның

есесіне   маскүнемдікпен   күрес   мемлекеттік   бюджетті   азайтып,   тұтыну

саласындағы жағдайды шиеленістіріп жіберді.

«Қайта құру» тұжырымдамасы ұлт мәселесін де одан әрі шиеленістіре

түсті.   Қазақстанда   Одақтың   барлық   жерлеріндегі   сияқты   басқару   ісінде

жағымпаздық,  парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты  көптеген  келеңсіз

құбылыстар   кеңінен   орын   алды.   Бұл   жылдары   ұлт   саясатында,   әлеуметтік-

экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді.

Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз

бен   істің   арасында   алшақтық,   қайшылық   кең   өріс   алды.   Кадр   мәселелерін

шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен солардың

таңдауымен   жүретін   болды.   Оларды   іріктеуде   тек   туыстық,   жерлестік,

бастыққа   берілгендік   жағдайлар   маңызды   рөл   атқарды.     Бұл   Коммунистік

партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде

көрініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері

ескіше   қызмет   етті.   Осыдан   келіп,   аса   маңызды   мәселелерді   шешуде

принципсіздік,   тұрақсыздық,   қоғамдағы   жағымсыз   жағдайларды   жасыруға,

аздаған   жақсы   істерді   ерекше   мадақтап,   жоғары   көтеруге,   болып   жатқан

істердің барлығын тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты.

XX  ғ.   80   жылдары   Қазақстанда   ұлттық   табыс   кісі   басына   шаққанда

Одақтық деңгейден 12% кейін қалды. Сондай-ақ республикада үй кұрылысы,

мектеп, балалар бақшасы және басқа да мәдени-әлеуметтік құрылыстар салуда

да ілгерілеу болған жоқ. Мысалы, 80-жылдары Одақ бойынша 10 мың адамға

жыл   сайын   75   пәтер   салынса,   Қазақстанда   тек   -   69,   Одақта   әрбір   10   мың

адамға   404   дәрігерден   келсе,   мұнда   тек   352   дәрігерден   келді.   1987   жылы

46



мектеп жасына дейінгі баланы балалар мекемелерімен қамту 53% ғана болды.

Міне, осымен байланысты 1986 жылғы ақпан айында болып өткен Қазақстан

Компартиясы   ХҮІ   съезінде   жасаған   баяндамасында,   ол   кезде   республика

Министрлер   Кеңесінің   төрағасы   болып   істеген   Н.Ә.Назарбаев   және   съезде

шығып   сөйлеген   басқа   да   делегаттар   мұндай   келеңсіз   жағдайларды   өткір

сынға   алды.   Олар   көптеген   күрделі   және   маңызды   мәселелерді   партия

комитеттерінің   уақытылы   шешпейтінін,   олардың   қызметі   ауқымынан   тыс

қалатынын, проблемалық мәселелерді шешуде ескіше қараудың кеңінен орын

алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді.

2.     «Қайта     құруға»     сай     жүзеге     асырыла   бастаған     косметикалық

реформалар республика басшылығын ауыстыруды  қажет етті.  Қазақстанның

жоғарғы билік органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу жалғаса түсті.

Оларды  қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи

жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады.   Мұндай жағдай 1986 жылғы

16   желтоқсан   күні   Қазақстан   Компартиясы   Орталық   Комитетінің   бірінші

хатшысы Д.А. Қонаевты орнынан   алған кезде айрықша көзге түсті. Пленум

мәжілісі   небары   18   минутқа   созылды.   Осы   уақыт   ішінде   Қазақстан

Компартиясының 1-ші хатшысы Д.А. Қонаев қызметінен     алынып,     оның

орнына   Мәскеу   жіберген   Г.В.   Колбин сайланды. Мұның өзі қайта құру

мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған   республика   халқының,   соның

ішінде   қазақ   жастарының наразылығын туғызды.  

Қазақ   жастарының   1986   жылғы   желтоқсандағы   бас   көтеруінің   түрі

ұлттық болғанымен мазмұны ұлтшылдық емес еді. Бұл ереуіл саяси сипаттағы

бейбіт демонстрация еді. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-

бюрократиялық   құрылымы   тарапынан   ол   экстремистік   пиғылдағы   ұлтшыл

жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Өмір сүріп тұрған жүйе оны «Қазақ

ұлтшылдығы» деп айыптауға дейін барды.

Осылайша «қайта құрудың» алғашқы кезеңінің нәтижелері экономиканы

және   қоғамдық-саяси   өмірді   жоғарыдан   жүзеге   асырылған   жеңіл-желпі

шаралармен реформалау мүмкін еместігін айдан-айқын көрсетті. 1988 жылдан

бастап   Коммунистік   партия   тарапына   сындар

 

айтылып,   жаңа   қоғамдық



ұйымдар   құрыла   бастады.   1987   жылы   тамызда   тұңғыш   тәуелсіз   ұйым   -

әлеуметтік-экологиялық «инициатива» бірлестігі құрылып, ол өзінің алдына

соғысқа   қарсы   тұру,   экологияны,   бейбітшілікті   қорғау,   қоғамды

демократияландыру мақсатын қойды. Жұмысшы қозғалысы да елеулі саяси

күшке айналды. Оның қатарында Қарағанды көмір бассейнінің шахтерлары

ерекше рөл атқарды. 1989 жылы Жаңаөзендегі оқиға әлеуметтік-экономикалық

саладағы көкейтесті мәселелерді көтерді.

Бір   ерекше   айтып   кететін   жағдай,   қайта   құру   жағдайында   бұқаралық

хабарлама   органдары   елдегі,   соның   ішінде   Қазақстанда   болып   жатқан

жағдайларды,   өзгерістерді   ешқандай   бүкпесіз   ашық   жариялап   отырды.

Әсіресе,   республикада   орын   алған   әлеуметтік   және   ұлттық   қайшылықтар

жөнінде   жан-жақты   айтылды.   Соның   арқасында   халықтың   азаматтық   және

ұлттық сана-сезімі едәуір өсті. Қоғамда орын алған жұмыссыздық, балалар

47



өлімі,   халықтың   мәдени-тұрмыстық,   үй-жай   жөнінде   әлеуметтік   зерттеулер

жүргізіліп,   оның   қорытындылары   ашық   жарияланып   отырды.   Мұның   өзі

бұқара халықтың саяси-әлеуметтік белсенділігін күшейтуге көмектесті.          

Қайта құру барысында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму,

ана   тілі,   мемлекеттік   егемендік   алу   жөнінде   талаптарын   қоя   бастады,   бұл

мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты.

Біздің  қоғамымызда  демократиялық  қатынастардың  одан әрі  тереңдеп

өрістеуі   кеңестердің   қызметінен   айқын   көріне   бастады.   «Барлық   өкімет

Кеңестерге берілсін!» деген ұран жанданды.  1987 жылғы шілде айында алғаш

рет Қазақстанда жергілікті кеңестерге халық депутаттарын сайлау округтер

бойынша   көп   мандатты   негізде   іске   асырылды.   Жаңа   сайлау   жүйесін

сайлаушылардың   басым   көпшілігі   мақұлдады.   Өйткені,   көптеген   еңбек

ұжымдары   депутаттыққа   кандидат   етіп   өздерінің   қалаулыларын   ұсынуға

қолдары жетті, ал кандидаттар бұқара халықпен кездесу барысында өздерінің

бағдарламаларын   анықтауға,   онымен   еңбекшілерді   жан-жақты   таныстыруға

мүмкіндік алды.

 

1988 жылғы шілде-тамыз айларында өткен Бүкілодақтық XIX



партия конференциясында Кеңес қоғамының саяси жүйесіне реформа жүргізу

кажеттігі атап көрсетілді.   

1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен

30-40-жылдары   және   50-жылдардың   бас   кезінде   сотталған   және   жазаға

ұшыраған   халқымыздың   даңқты   өкілдерінің   есімі   халқына   қайтарылды.

Әсіресе   Шәкәрім   Құдайбердіұлы,   Ахмет   Байтұрсынов,   Мағжан   Жұмабаев,

Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатовтың шығармашылық мұраларының

ақталуы жұртшылық арасында зор қолдауға ие болды. Сөйтіп, қазақ халқының

аталған бес арысы 1988 жылы ресми ақталды.

«Қайта құрудың» екінші кезеңі 1989 ж. көктемдегі сайлауға байланысты

басталды.   Сайлау   науқаны   кезінде   нарықтық   экономикаға   және   меншікке

көшу үшін, ұлттық республикалар мен аймақтардың құқығын кеңейту үшін

белсенді   күрес   басталды.   Демократиялық   процестердің   даму   барысында

көрнекті   рөл   атқарған   1989   ж.   наурыз   айында   өткен   КСРО   халық

депутаттарының   I   съезі   болды.   Осы   съезде   Г.В.   Колбин   одақтық   халық

бақылау  комитетінің   төрағасы   болып   тағайындалып,   Мәскеуге   кетті.   Оның

орнына осы жылғы шілдеде Н.Ә. Назарбаев сайланды.

Саяси   өмірде   болған   өзгерістер   ұлттық   сананың   оянуын   туғызды.

Мұның айқын көріністерінің бірі ядролық қаруға қарсы халықтық қозғалыс

болды. 1989 ж. ақпандағы республика жұртшылығының жиынында тұңғыш

«Невада-Семей»   қозғалысының   бастамасы   салынды.   Оны   белгілі   қоғам

қайраткері,   ақын   О.Сүлейменов   басқарды.   Бұл   қозғалыс   бүкіл   Қазақстан

халқы   тарапынан   қолдау  тауып,   осы   жылдың   6   тамызында   Семей   облысы

Қарауыл   ауылында   өткен   жиында   КСРО   мен   АҚШ-тың   халықтары   мен

Президенттеріне   ядролық   сынауға   бірлесіп   мораторий   жариялау   қажеттігі

жөнінде үндеу қабылдады. 

Елдегі   жүріп   жатқан   саяси   реформаның   екінші   кезеңі   -

республикаларды,     өлкелерді,   облыстарды,     қалаларды,     аудандар     мен

48



округтерді

 

басқарудың жаңа жүйесін құру еді. Ондағы негізгі мақсат - бұқара



халық өкілдері   органдарының   рөлін   тек   орталықта   ғана   емес,   сондай-

ақ жергілікті жерлерде де көтеру болатын. Оны тәжірибе жүзінде іске асыру

үшін     партия     комитеттерінің   бірінші     хатшылары     халық депутаттары

Кеңесінің   төрағаларына   ұсынылды.   Бірақ   мұндай   өзгеріс   барлық   жерлерде

бірдей   міндетті   еместігі   айтылды.   Міне,   осының   нәтижесінде   1990   жылғы

жергілікті   кеңестер   сайлауының   қорытындысы   бойынша   Қазақстанда   9

қалалық және аудандық Кеңестерге кандидаттар бөлек-бөлек сайланды. 

3.   1990   жылғы   наурызда   Қазақ   КСР   Жоғарғы   Кеңесіне   сайлау

ұйымшылдықпен етті. Онда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-

ші хатшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің   төрағасы   болып

сайланды.   Осыдан   көп   кешікпей-ақ   орталықтағы   сияқты   біздің

республикамызда  да президенттік  қызмет енгізілді.  Сөйтіп, 1990 жылғы 24

сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә. Назарбаевты республикаиың тұңғыш

Президенті   етіп  сайлады.  Н.Ә.  Назарбаевтың     Президент  болып    сайлануы

республикада     саяси-экономикалық       мәселелерді       шешуде       жаңа

идеялардың     өрістеуіне ықпалып тигізді. Оның бастамасымен Қазақстанда

елді   басқару   ісіне   көптеген       жаңалықтар,       халық       шаруашылығын

басқарудың   барлық   сатыларында   сапалы   жаңа   өзгерістер   енгізілді.

Республика   Жоғарғы   кеңесі   1986   ж.   17-18   желтоқсанда   Алматыда   болған

оқиғаға   байланысты   жағдайларға   түпкілікті   баға   беру   жөнінде   арнайы

комиссия құрды.

Қоғамды   демократияландыруда   халық   депутаттары   Кеңесінің   заң

шығару   қызметі   маңызды   рөл   атқарды.   Заңдар   Қазақстанның   саяси   және

экономикалық   егемендігін   іс   жүзінде   нығайтуға,   демократия   жолына   бүкіл

саналы күштерді топтастыруға бағытталды. Республика парламентінің қазақ

тіліне мемлекеттік тіл дәрежесін берген «Қазақ КСР-нің тіл туралы заңын»

1989 ж. қыркүйекте қабылдауы маңызы зор оқиға болды. 

Елде жүзеге асырылып жатқан демократиялық өзгерістер бұқара халық

арасында   әртүрлі   көзқарастардың,   түрлі   қоғамдық   пікірлердің   ашық

айтылуына және  бірқатар  саяси  партиялар  құрылып,  олардың  еркін жұмыс

істеуіне   жағдай   жасалды.   Мысалы,   1990   жылы   Қазақстан   социал-

демократиялық партиясы құрылды. Бұл партияның алдына қойған       басты

мақсаты       -       республикалык         парламент       сайлауына   қатынасып,   оның

құрамына   өздерінің   өкілдерін   депутат   етіп   өткізу   еді.   Сондай-ақ,   партия

қоғамдағы   жеке  меншікті   мойындады   және   өзінің   қызметінде   кәсіпкерлікті

қолдап отыруды көздеді.

1990 жылы Қазақстанда «Азат» азаматтық қозғалысы қалыптасты. Оның

басты мақсаты - Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін, заң алдында барлық

азаматтардың тең құқықтылығын, әлеуметтік әділеттілікті қорғау болды. Одан

басқа   республикада   «Алаш»,   «Желтоқсан».   т.б.   саяси   қозғалыстар   пайда

болды. Мұның өзі Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптаса бастағанын

көрсетті.

49



1986   ж.   желтоқсан   оқиғасынан   кейін   Балтық   жағалауы

республикаларында, Украина мен Белоруссияда халық майдандары басқарған

қоғамдық қозғалыстар бас көтеріп ұжымдастыру кезіндегі депортация туралы,

1939   жылғы   орыс-герман   келісім   шартының   шындығын   жариялауды   талап

етті. 1988 ж. Таулы Карабах үшін Азербайжан мен Армения арасында қарулы

қақтығыс басталды. Ферганада өзбектер мен месхеттік түріктер арасындағы

қақтығыс   болды.     1989   жылғы   апрелде   Тбилисиде   жаппай   шеру   болып,

Грузияның тәуелсіздігі талап етілсе, Қазақстанда 17-18 маусымда Жаңаөзен

оқиғасы   болып   өтті.   Осындай   жағдайда   Кеңес   басшылығы   өзінің   не

ұлтаралық,   не   экономикалық   мәселені   шеше   алмайтын   дәрменсіздігін

көрсетті.

1988-1990 жылдары одақтас республикаларда ұлттық қозғалыстар күш

алып,   КСРО   құрамынан   шығуды   мақсат   еткен   партиялар   құрылып,   кейбір

аймақта   билікке   келді.   1990   жылы   Эстония,   Литва,   Латвия   тәуелсіздігін

жариялап,   КСРО   құрамынан   шығып   кетті.   Одан   кейін   Грузия   және   т.б

республикалар   тәуелсіздігін   жариялай   бастады.   КСРО-ны   сақтап   қалудың

амалын   ойластырған   М.С.   Горбачев   «Жаңа   одақтық   келісім   шарттың»

жобасын ұсынып, оны КСРО  халық  депутаттарының  IV съезді қолдап,  сол

жылы   желтоқсанда     төрт   республика   -   Ресей,   Украина,   Белоруссия   және

Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын құру туралы бастама көтерді. 1991ж.

17   наурызда   Эстония,   Литва,   Латвия,   Молдова,   Армения,   Грузиядан   басқа

республикалар   халқы   қатынасқан   КСРО-ны   сақтау   және   жаңарту   туралы

референдумда   басым   көпшілігі   жақтап   дауыс   берген   болатын.   Жаңа   одақ

шартын   құру  келісіміне   қол  қою   1991   ж.   20   тамызға   белгіленген   болатын,

бірақ Москвадағы «тамыз бүлігі» кедергі болды. Кейін 1991 ж. 14 қарашада

жаңа   форматтағы   «тәуелсіз   мемлекеттер   одағын»   құру   туралы   шешім

қабылданып,   9   желтоқсанға   белгіленген   болатын.   Бірақ   1   желтоқсанда

референдум   нәтижесінде   Украинаның   24   тамыздағы     тәуелсіздігі   бекітіліп,

оны   Ресей   мойындады.   Ақырында   1991   ж.   8   желтоқсанда   КСРО

құрылтайшысы үш мемлекет басшысы қол қойған, КСРО-ны тарату туралы

Беловежье   келісімі   жасалды.   Бұл   актіге   21   желтоқсанда   Алматыда   тағы   8

республика қосылып, 11 республика ТМД – ның құрылғанын жариялады.

Қорыта   келгенде,   XX   ғасырдын   70   -   80   жылдары   қоғамдық-саяси

өмірдегі және әлеуметгік-экономикалық дамудағы теріс кұбылыстар одан әрі

өсіп, қоғамдағы қайшылықтар мейлінше шиеленісе түсті. Сол кездегі күшпен

ұстап тұрған кеңестік тоталитарлық жүйенің құлдырауы жағдайында басқаша

болуы мүмкін де емес еді. 1985 жылдан басталған қоғамдық-экономикалық

өмірді қайта құру, горбачевтік социализмді «жаңарту» әрекеттері ешқандай оң

нәтиже   бермеді,   КСРО-ны   төніп   келе   жатқан   терең   дағдарыстан   құтқара

алмады және құтқара да алмайтын еді. Керісінше кеңестік әміршіл-әкімшіл

жүйе   тоқырауға   ұшырап,   коғамның   барлық   салаларын   қамтыған   дағдарыс

одан әрі тереңдей түсті. 

Бақылау сұрақтары:

50



1) Қайта құру реформасының қажеттігін дәлелдеңіз.

2) Қайта құру реформасының негізгі принциптерін атап көрсетіңіз.

3) Қайта құру реформасының саяси өмірге тигізген ықпалын атаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет