Қазақстанның Қазіргі заман тарихы


халықаралық дәреженің жаңа сапалық деңгейіне көтеріле білді.  3



Pdf көрінісі
бет35/38
Дата14.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#126391
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Тарих керек файл

 

халықаралық

дәреженің жаңа сапалық деңгейіне көтеріле білді. 

3.

 

Қазақстан  сонау 1963 жылдың өзінде бейбітшілік сүйгіш Республика

ретінде ядролық қаруды таратпау жөніндегі және су астында ядролық қаруды

сынауға   тыйым   салу   туралы   шарттарға   келісетінін   жариялаған   болатын.

Сондай-ақ, 1976 ж. табиғи ортаны, әскери немесе өзге ықпал ету құралдарын

дұшпандық   мақсатта   пайдалануға   тыйым   салу   туралы   конвенцияға   ден

қоятындығын білдірген еді. Ал тәуелсіздік алған 1991 жылы, желтоқсанның

21-інде   Алматыда   қабылданған   декларацияда   ядролық   қаруға   қатысты

бірлескен шаралар жүргізуге келісім беріп, 1992 ж.Азиядағы іс-қимыл және

сенім шаралары жөніндегі Кеңесті шақыруға бастамашы болды. Сөйтіп біздің

еліміз,   XXI   ғасырға   табан   тіреген   шақта,   соғыстың   түп-тамырын   біртіндеп

жойып, орнықты әлемнің географиясын қалыптастыруды жақтап келді. 2016

жылдың 31 наурызында жарияланған  



«XXI ғасырдағы әлем» деп аталатын

Н.Ә.   Назарбаевтың   Манифесінің   негізгі   мазмұны   қасіретті   атау   -   соғыс

атаулыны адам санасынан аластауға бағытталған.

Н.Ә.   Назарбаевтың   әлемнің   тыныштығына   бағыштаған   осы   құжаты

бүгінгі таңда адам баласына әртүрлі атауымен белгілі бола бастады: біреулер

«Бейбітшілік. XXI ғасыр» манифесі

 десе, енді біреулер 



«XXI ғасырдағы әлем»

дейді.   Ал   өзінің   нақты   аталуы   -  



Манифест.   «Әлем.   XXI   ғасыр».  

Қалай


болғанда да  бүгінде  бұл құжатқа қызығушылық басым.  Өйткені Президент

Н.Ә. Назарбаев бүкіл әлем халқы басшыларын «XXI ҒАСЫР:  СОҒЫССЫЗ

ӘЛЕМ» деген тақырыпта кең ауқымды бағдарлама жасауға шақырады да, онда

үш басты қағидатты нақты мазмұндау керектігіне көңіл бөледі:

1) Қазіргі   таңда   соғыс   бола   қалған   жағдайда,   нәтижесінде   жеңуші   жақ   деген

болмайды, онда бәрі жеңіледі.

2) Жаппай   қырып-жоятын   қарудан   ешкім   қашып   құтыла   алмайды   және   оған

жауап беретін адамдар да қалмайды. Сондықтан, қазіргі әлемдік лидерлер мен

олардың кейінгі ізбасарлары болашақ соғыс қатерін терең түсінулері керек.

3)

Мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеуді бейбіт үндеулер

мен сындарлы келіссөздерге негіздеу керек те

, әлемдік алгаритмнің іс-қимыл

шаралары мынандай бес мәнді бағыттар бойынша түзілуі керек.

89



1. Ядролық және басқа да адамзатты қырып-жоятын қарудан толықтай

азат әлемге қарай батыл түрде ұмтылу.

2.   XXI   ғасырда   соғыссыз   әлемнің   тұрақты   географиялық   ортасын

қалыптастыруға күш салу керек.

3.   Әскери   блоктарға   БҰҰ   астында   мамлекеттердің   бейбітшілік,

тұрақтылық, сенім мен қауіпсіздік жолындағы жаһандық коалициясын қарсы

қою қажет.

4. Қазіргі таңда үлкен қатерге   айналып бара жатқан терроршылардың

қолына аса қауіпті қарудың өтіп кетпеуіне тосқауыл қоя білу керек.

5. «Соғыссыз әлем - бұл бірінші кезекте,  халықаралық  қаржы, сауда-

саттық   және   даму   саласындағы   жаһандық   бәсекелестіктің     әділетті

парадигмасы».

2017 жылы 12 сәуірде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

атты мақаласы жарияланды. Қоғам, мемлекет алдына алдағы кезең-кезеңімен

жүзеге   асыратын   алты   мәселені   қойды:   «Латын   әліпбиіне   көшу»,   «Жаңа

гуманитарлық   білім»   жобасы,   «Туған   жер»   бағдарламасы,   «Қазақстанның

киелі   жерлерінің   географиясы»,   «Жаһандағы     замануи   қазақстандық

мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары. Басты мақсат рухани

отаршылдықтан   арылып,   ұлттық   құндылықтарды   сақтай   отырып,   дамудың

жаңа сапалық деңгейіне көтерілу. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» демекші

Тәуелсіз Қазақстан үшін ол белестен сәтті өтеріне күмәніміз жоқ. 

Бақылау сұрақтары:

1) «Мәңгілік Елдің» идеялық мазмұнын қалай түсінеміз?

2) Қазақстанның   сыртқы   қатынастар   саласындағы   басымдықтарынан   қандай

нәтижелер күтуге болады?

3) Н.Ә. Назарбаевтың Манифесінің К. Маркс пен Ф. Энгельстің «Коммунистік

партия   Манифесінен»   қандай   айырмашылығы   бар   және   оған   басқа   елдің

саясаткерлері қандай баға беруде?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет