Салдары:
- 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, 2401 адам уақытша қамау орындарына жеткізілді, қалғандары қала сыртына апарылып тасталды;
- 99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылып, 2 адам өлім жазасына кесілді;
- 246 студент оқудан шығарылды;
- ЖОО-ның 12 ректоры қызметінен алынды;
- 1720 адам жарақат алды;
Хамзина Әлимаш– Ләззат Асанова туралы реферат;
Сеит Жангел – Қайрат Рысқұлбеков туралы реферат дайындап
3-4 мин.баяндайды.
Қайрат Рысқұлбеков – 1966ж.Жамбыл облысы,Мойынқұм ауданы,Бірлік ауылында дүниеге келген.1986 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтының
1 курс студенті.
Қорытынды
Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековке 1996 жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Алматы қаласында орталық алаңға Желтоқсан көтерілісінің құрметіне Тәуелсізді таңы деп аталатын ескерткіш орнатылды.
1986ж. Желтоқсан оқиғаларына тарихи-ғылыми баға беру үшін құрылған комиссия оларға ғасырлар бойы азаттық,тәуелсіздік үшін жүргізілген қозғалыстардың жалғасы, Кеңес еліндегі демократия жолындағы қозғалыстардың басы, жаршысы деп баға берді.
Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі.Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды.
1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Алматы қаласындағы жастар бейбіт шеруге шықты.
- Д.Қонаев Қазақстанды 1960ж.қаңтардан – 1986ж.желтоқсан айына дейін басқарды.
- М.Горбачев КОКП ОК-ның бас хатшысы болған жыл – 1985жыл.
- 1990жылы «1986ж.желтоқсан оқиғасына қатысқандар Желтоқсан партиясын құрды.
- Н.Назарбаев «1986жылғы 17-18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» 1991ж.12 желтоқсанда Жарлық шығарды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Болат Шарахымбай. Желтоқсан – 1986 көтерілісіне әділдік керек. Қазақстан-ZAMAN.
2. Қозыбаев М. «Дақпырт және Шындық» Алматы, 1996 жыл
3. Шаханов М. «Желтоқсан эпопеясы» Алматы, 2006 жыл
4.Википедия
5.malimetter.kz
6. Stud.kz
Достарыңызбен бөлісу: |