Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


Қазақстан – майдан арсеналы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі жетістіктері



бет29/67
Дата28.07.2022
өлшемі256,96 Kb.
#147840
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   67
Байланысты:
аза станны азіргі заман тарихын кезе деу

Қазақстан – майдан арсеналы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі жетістіктері.

1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. Тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. Тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. Күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. Күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш. Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. Тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады. 1986 жылға дейін, яғни соғыс кезі мен одан кейінгі уақытты қоса алғанда 1792 адам Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Көп деп айтуға да келмейді. Десе де еленбей қалған ерліктер ел жадынан ұмытылмақ емес. Еленбей қалғандары соңғы жылдары өз бағасын алып, айтылып, жазылып жүр. Соғыстан кейінгі онжылдықта жарық көрген зерттеулерден Ғ Əбішев, О. Малыбаев, А. Нүсіпбековтің еңбектерін атап өту қажет. Бұл еңбектерде Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің дамуы, қазақстандықтардың майдан мен тылдағы жеңіске қосқан үлестеріне лайықты баға беріліп, «Қазақстан – майдан арсеналы» деген қорытынды жасалды. Тарихшы ғалымдар бұл еңбектерінде мерзімді баспасөз материалдарымен қатар мұрағат құжаттарын кең қолдана отырып, еліміздің майданға қосқан үлесін саралап берді





  1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру.

Ұлы Отан соғысының зардабы халықтың ағарту ісіне, совет мектебінің өміріне әсер етпей қойған жоқ. Соғыс жылдары мектепте мұғалімдердің және оқу құралдарының жетімсіздігіне қарамастан, балаларды жаппай оқуға тарту жұмыстары тоқтатылған жоқ, жеке пәндерді оқытуда балаларды патриоттық идеяда тәрбиелеу мәселесіне көп көңіл бөлінді, дене тәрбиесі дамытылды, жастарға ауыл шаруашылығына араласу мәселелеріне жете көңіл бөлінді. 1944-1945жж оқушылар мектепке 7 жастан алына бастады. Мектепті тастап, еңбекке араласқан жастар үшін кешкі мектептер ашылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында мектеп өміріне аздаған өзгерістер енгізілді. Бастауыш кластарда тарих, география, жаратылыс пәндері жеке оқытылмай, оқу сабағына қосылды. Мeктeп жұмысында біршама кемшіліктер де орын алды. Оқытуда формализмге жол берілген жағдайлар да болды. Әсіресе орыс тілін оқытуда елеулі кемшіліктер кездесті, оқыту өмірден алшаң, мектеп бітірген жастардың практикалық даярлығы шамалы болды. Оқытуда социалистік жарыстың орын алуы балаларға көтерме баға қоюға әкеп соқты. Сондықтан оқу жұмысында социалистік жарысқа тыйым салынды. 1944 жылдың январында балалардың сабақ үлгіріміне 5 балдың баға қою жүйесі енгізілді. Бұл жаңалық мұғалімдерден баға қоюға жауапты қарауды талап етті. 1943 жылы енгізілген ер балалар мен қыз балаларды бөлек мектептерде оқыту 1954 жылы қате шешім ретінде өзгертілді.Бастауыш және 7 жылдық мектепті бітірушілер мектеп бітіру емтихандарын, ал мектепті бітірушілер кәмелеттік аттестат алу емтихандарын тапсыруға міндеттелді.


Ұлы Отан Соғысындағы жеңіске Қазақстанның мәдени қызметкерлері үлкен үлес қосты. Ғылым және өнер адамдарының шығармашылық еңбегі майдандағы кеңістік әскерлердің ерлігімен, жұмысшылар мен колхозшылардың тылдағы даңқты істерімен қатар Ұлы Отан соғысының ерлік тарихына өзіндік жарқын із қалдырды. Бұл кезеңдегі әдебиеттің негізгі тақырыбы патриотизм және Отанды қорғау. Ж.Жабаевтың Ленинградтық өренім, Ә.Тәжібаевтың Ленинград өлеңдері, З.Шашкин, Қ,Аманжолов, Ә. Сәрсенбаевтың шығармалары көпке бегілі болды. Қазақстан өнер шеберлерінің бригадалары майданға аттанды 11 бригада майданда болып 870 концерт қойды. Госпитальдарда, шақыру пункттерінде, әскери бөлімшелерде, шекаралық заставаларда концерттер берілді. Жалпы 36,5 мың концерт қойып, оларды 9 миллионнан астам көрермендер тамашалады. «Екі жауынгер», «Майдан», «Ол Отанын қорғайды», «Күт мені» және т.б миллиондаған адамдарды патриотизмге тәрбиелеуге үлкен ықпал жасаған, кинолар түсірілді.Қазақ халқының музыкалық мәдениетінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан композиторлары 300-ден астам музыкалық шығармалар: опералар, симфониялар, әскери-патриоттық әндер жазды. Соғыс жылдарында опера өнері дами түсті. «Гвардия, алға!», «Абай» опералары қойылды. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңестік ғылым орасан зор рөл атқарды.Соғыстың бірінші күндерінен бастап əскери техника саласында жұмыс істейтін ғалымдар техниканың жаңа түрлерін шығарып, ескі түрлерін жетілдіре бастады, мысалы, авиаконструкторлар С.Ильюшин, А.Микоян, С.Лавочкин өздерінің истребительдері мен штурмовиктерін жетілдіріп, жаңа деңгейге жеткізді, ал конструкторлар В.Климов, А.Микулин, А.Швецов авиамоторларды жетілдіру жағынан көп жұмыс атқарды, соның нəтижесінде əскери ұшақтардың жылдамдылығы жəне соғыс қабілеті өсіп, олар шайқастарда жақсы нəтижеге жете бастады. Конструкторлар мен инженерлер соғыс қарсаңында шығарылған Т-34 жəне КВ танкілерін жетілдіре түсті, сонымен қатар теңіздік миналарды жəне кемелерді магнитсіздендіретін құралдарды шығару қолға алды.Осы кезеңде көптеген ғалымдар мартен пештерінің жұмысын жақсарту, металдың жаңа түрлерін шығару, жарылғыш заттарды шығаратын конвейерлерді жетілдіру жəне т.б. жұмыстармен шұғылданды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет