Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымының өзгеруі



бет53/67
Дата28.07.2022
өлшемі256,96 Kb.
#147840
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67
Байланысты:
аза станны азіргі заман тарихын кезе деу

Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымының өзгеруі.

Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан аумағы кеңестік империяның басқа аймақтарынан жер аударылған шаруалардың, саяси тұтқындардың мекеніне айналды. 1937 жылдың күзінен тоталитарлық саясаттың құрбанына айналған тұтас халықтар өз жұртынан қазақ жеріне күштеп көшірілді. Атап айтқанда, 1937 жылы Қазақстанға 102 мың корей қоныс аударуға мәжбүр болды. 1938 – 44 жылдары қазақ жеріне Кавказдан, Қара теңіздің солтүстік жағалауынан қырым татарлары, поляктар, болгарлар, курдтар, 1947 – 52 жылдары мыңдаған латыштар, эстондар, қазақ жеріне зорлықпен көшіріліп, түпкілікті қоныстандырылды. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, 1992 жылы 26 маусымда қабылданған “Көшіп келу туралы”, 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған “Халықтың көші-қоны туралы” заңдары қабылданып, қоғамдық қатынастарды реттеп, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгіледі.

Көші-қон толқындары Қазақстан халқының ұлттық құрамына күшті әсер етті. Қазақтардың елдегі үлесі 1999ж. 53,4 %-ға жетті, бұрын басым болған орыстардың үлесі 30,0%-ға төмендей түсті.


1989-2007 жж. арасында Республика халқы құрамында қазақтардың үлесі 18,5%-ға өссе, орыстардың үлесі – 11,8%, украиндардың – 2,6%, немістердің – 4,4%-ға төмендеді.

Демографиялық ахуалға келсек, Тәуел­сіздіктен кейінгі 30 жыл­ға жуық уақытта республика хал­қы­ның саны небәрі 12 %-ға өскен. Нақты деректерге сүйенсек, 1991 жылдан бастап 2018 жыл­ға дейін Ресейден басқа ТМД мем­лекеттерінің халық са­ны 21,0%-дан 68,0%-ға дейін өсті.


Ал Қытайда 21,8% немесе 350 млн-ға өскен. Бұл өсім Қазақстан халқының саны­нан 20 есе жоғары.
Дегенмен, демографиялық саладағы соңғы көрсеткіштерді жағымды деп толықтай айтуға болады. 2013 жылдың 1 наурызына 16 млн. 953 мың адамға жетті. Осы жылдың алғашқы екі айында 66,4 мың сәби дүниеге келді. Біздің елге келгендер – 3209 адам, елден кеткендер – 2650 адамды құрады. 2013 жылы тұңғыш рет Қазақстанның тарихында халық саны 17 миллиондық межеге жетеді.
2018 жылы 11 қыркүйек сағат 06:35-те Қазақстан халқының саны 18 321 606 адамға жетті. Жыл соңына дейін 18 608 079 адам болып көбейді.
Бір жылда 411 929 бала туылып, өлім-жітім саны – 162 536 болған.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет