Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу



бет6/67
Дата28.07.2022
өлшемі256,96 Kb.
#147840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
аза станны азіргі заман тарихын кезе деу

Міржақыв Дулатов; Лақап аты; Мир Якуб. 1885 жылы 25 қараша Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінде 5 жыл оқып үздік бітіріп шығады. Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. 1902 жылдан бастап ауылда мұғалімдік қызметте. Міржақып өз бетінше ізденіп, орыс тілін жетік меңгереді.
Міржақып Дулатұлы - 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазғандардың бірі. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетінде "Жастарға" деген өлеңін жариялайды. Ал бүркеншік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақаласынан кейін "Серке" газеті біржола жабылады. 1909 жылы Қазан қаласында Міржақыптың тұңғыш өлеңдер жинағы "Оян, қазақ!" деген атпен басылып шықты. 1912 жылы баспасөз қызметін жалғастырады. А. Байтұрсынұлымен бірге– "Қазақ" газетінің негізін қалайды. 1913 жылы Орынборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер жинағы басылды. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры. 1922–1926 жылдары Орынбордағы Қазақтың халыққа білім беру институтында (КИНО) оқытушы болып істейді. Екі бөлімнен тұратын "Есеп құралын" әзірлеп, Ташкент қаласында бастырып шығарады. "Балқия" атты төрт перделі пьеса жазады. 1928 жылы 28 желтоқсанда Міржақыпты қамауға алды. 1935 жылы қазанның бесі Міржақып Дулатұлы лагерьдің орталық лазаретінде дүние салды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы: Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылдың 11 шілдесінде (ескіше күнтізбе бойынша) Шыңғыстауда, Байқошқар өзенінің бойындағы Кеңбұлақ деген жерде дүниеге келген. 1931.жылы қайтыс болған. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында қарасты жер.Әкесі Құдайберді - Абайдың ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға берді. Ақын араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгереді. «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидакалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Ұстазы Абайдың тапсырмасы бойынша, шежіремен айналысады, жиырма бесінде «Қазақтың түп атасы» деген еңбек туғызады, өлеңін де жаза береді, «ғылымнан едім жалаңаш». Адамдық борышың, Еріншек


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет