Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан, себептері және салдары. «Әскер коммунизм» саясаты.
Жұмысшы-шаруалар Кеңестерінің орталық пен жер-жердегі өкіметті басып алуы қарулы қарсылығын тудырды. Азамат соғысы өкімет үшін күрестің жалғасы болды. Қазақстандағы азамат соғысының алғашқы ошақтарының бірі 1917ж. қарашада Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда қалыптасты,мұнда Орынбор казактары әскерінің атаманы Дутов Совет өкіметін құлатып, Кеңестердің Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқынға алды. Кеңес өкіметімен күресудің қарулы орталығы Жетісуда да болды. Верныйда Кеңестерге қарсы күресу мақсатымен ақ гвардия офицерлері мен юнкерлер жиналады. Революцияға қарсы ощақ Оралда құрылды. Облыстық әскери үкімет ұзамай жергілікті Кеңесті таратып, өкіметті басып алды. Осындай әскери үкіметтер Қазақстандағы революцияға қарсы ақгвардияшылар қозғалысының басты күші болады. Олар ақгвардияшыл офицерлерге, бай-кулактарға, жергілікті партиялармен саяси қозғалыстар тарапынан қолдау тапты. Кеңес өкіметін құлату үшін ел ішіндегі ақгвардияшылармен бірігіп алған империалистік мемлекеттің белсенділік көрсетуіне орай, 1918ж. жазда азамат соғысы кең көлемде жойылып кетеді. Олардың ең басты күші – Чехословак корпусы болды. Осы корпустың бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен бірлесіп Қазақстанның бірқатар қалаларын басып алады, 1918ж. маусымда Семейде Кеңес өкіметі құлатылады. Жетісуда шаруалар селоларының бір тобы Черкасск селосын орталық жасап, қорғанысқа көшеді. Антанта елдері үкіметтерінің қолдауымен Самарада – эсер-ақгвардияшы үкіметі-Комуч құрылтай жиналысының комитеті, Омбыда адмирал Колчак басқарған Сібірдің ақгвардияшыл уақытша Үкіметі орнады. 1918ж. қаңтарда қуылған атаман Дутов, 1918ж. шілдеде тағы да бүлік шығарып, Орынборды басып алады да, кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліп тастады. Азамат соғысы жағдайында Қызыл әскерді құру ісі де жүзеге асырылды. Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің 1918ж. мамырдағы жарлығымен әскерге еркімен бару ісі жалпыға міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918ж. жазында Қызыл әскердің құрамды бөлігі ретінде Қазақстан территориясындағы ұлттық бөлімдерін жасауға Сырдария, Жетісу, Торғай облыстарының уездері негіз болды. 22-25-ші Чапаев дивизияларының ерлігі, Орал менОрынборды қаһармандықпен қорғау – тарихи даңққа бөленді. Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында Павлодар, Өскемен, Бұқтырма, Зайсан уездерінде, әсіресе Зырян, Қатон-Қарағай, Шыңғыстау, Шемонайха болыстарында партизан қозғалысы елдің едәуір бөлігін қамтыды. 1919ж. жазында Шығыс майданындағы Колчак армиясының негізгі күшінің күйретілуі Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстанмен Жетісуды азат етуге қажетті жағдай жасады. 1919ж. алғаш Қазақстанның негізгі территориясы ақгвардияшылардан босатылды. 1920ж. наурызда Азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы майданы-Солтүстік Жетісу майданы жойылды.
Азамат соғысының салдарлары:1) Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты 2) Мал саны күрт азайды 3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады. 4) Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар тарапынан) үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды.
Әскери коммунизм саясаты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.
Әскери коммунизм саясаты:Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды. «Әскери – коммунизм саясатының» негізгі белгілері:1) Азық – түлік салғырты енгізілді. 2) Жеке саудаға тыйым салынды. 3) Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді. 4) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді. 5) Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді. 6) Басқару ісі орталықтандырылды. 7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі (услуга) тегін болды. 1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі әлеуметтік принцип негізінде жүргізілген азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді. Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Россияда алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден өткізді. Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті. 1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал – Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл – Көкшетау темір жол желісі салынды.
Маңызы: елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.Сөйтіп, осының бәрі Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған облыстар мен аудандарда партизан қозғалысын өрістетуге көмектесті.
Достарыңызбен бөлісу: |