Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары


Қазақстан Республикасының жастар саясаты және тарихпен тәрбиелеу шараларының мәні



бет101/107
Дата11.12.2021
өлшемі328,42 Kb.
#99094
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   107
Байланысты:
Тарих жауаптары

84..Қазақстан Республикасының жастар саясаты және тарихпен тәрбиелеу шараларының мәні.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы Жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясының өзекті идеялары мен қағидаларына, БҰҰ Бас Ассамблеясының "Жастар дамуының 2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасының 50/81 қарарына, Сәби құқықтары туралы Конвенцияға, Қазақстан Республикасының Конституциясына және ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған "Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты Жолдауына сүйенеді.

Жастардың тән, жан саулығы - елдің стратегиялық қоры және оның қазіргі дамуының шешуші факторы. Жасөспірімдер мен жастардың бойында ізгілікті, рухани құндылықтарды қалыптастыру әлемдік, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттауға иек артып, жас шамасына қарай қарастырылуы тиіс. Жастарға тән құндылықтар сипаты жас азаматтың тағдыры мен тұрмыс жағдайының әркелкілігін, құндылықтар жайлы түсініктерінің сан алуандығын көрсетеді. Жастардың эстетикалық, ізгілікті талғамының қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе, электронды ақпарат құралдарының айтарлықтай ықпал ететінін ескеру қажет. Зорлық-зомбылықты, қатігездікті уағыздау жастардың мінез-құлқына жан-жақты қысым етіп, өмірді қабылдауы барысында сондай әдет-дағдыларды қалыптастырады. Дүлей күшке табынушылықты, шылымды, спиртті ішімдіктерді жарнамалауға шектеу қою - мемлекет алдындағы жас ұрпақты рухани сауықтырудың бірден-бір кезек күттірмейтін шаралары.

Ақпарат құралдарының, озық ойлы зиялы қауымның күш-жігері, тәрбиенің бағыттылығы қоғамда отансүйгіштік, іскерлік, үлкенді сыйлау, өзін қастерлей білу, жеке басы мен жақындары үшін жауапкершілікті сезіну сияқты қасиеттерді жоғары қоятын оңтайлы орта қалыптастыруға септігін тигізу қажет.

Жастардың төл мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға - Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс.

Мемлекеттің күш-жігері мәдени инфрақұрылымды материалдық қамтамасыз етуге, білімінің мектептерден, студенттік оқу мекемелерінен тыс жастардың бос уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік жасайтын театр, кітапхана, спорт құрылғыларын қолдауға, оқу - әдіс-тәсілдемелік құралдарын, көркем әдебиеттер шығару, оқу орындарын компьютерлендіру, дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік, аймақтық бағдарламаларын жасау, ізгілікті, рухани құндылықтарды, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталады. Жастарға рухани, патриоттық тәрбие беру ісінде мемлекеттік тілді оқып-үйренуге, қазақ тілін оқытып-үйретудің жаңа, тиімді тәсілдерін жасап, енгізуге ерекше мән берілетін болады.

Жастарды отаншылдық, рухани, адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу ісінде оларды діни экстремизм мен фанатизмнің залалды ықпалынан қорғау аса маңызды бағыт алуы шарт. Осы мақсатта жастар арасына діни-экстремистік көзқарастардың еніп кетуінен сақтау тетіктері жасалуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет