Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары


Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан. Соғыс жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы



бет22/107
Дата11.12.2021
өлшемі328,42 Kb.
#99094
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   107
Байланысты:
Тарих жауаптары

18.Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан. Соғыс жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.

Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.

Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — казак атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.

Кеңеске қарсы күштер Орынбордан басқа Жетісу мен Оралда да топтасты. Бұл аймақта антикеңестік күштердің әлеуметтік базасын Жетісу мен Оралдағы қазақ әскерлері, көпестер мен саудагерлер құрады. Кеңес өкіметіне жергілікті алашордашылар да қарсы шықты.


  1. жылы 1(14) қарашада Жетісу қазақ әскерлерінің «Әскери кеңесі» Жетісудағы жоғары билік — «Әскери үкіметті» құрды. Ақ гвардияшыл офицерлер мен юнкерлер Верный қаласына жан-жақтан келіп бас қосып жатты, осы жерде алаш полкі құрыла бастады. Ақ қазақтар диктатурасы Кеңес өкіметін жақтаушыларға қарсы зорлық-зомбылық шараларын жүргізді. Шаруалар депутаттары облыстық Кеңесі газетінің редакторы Березовский, жұмысшы Овчаров айуандықпен өлтірілді, көптеген жұмысшылар мен солдаттар — жергілікті Кеңестердің мүшелері тұтқынға алынды. Азамат соғысының ендігі бір ошағы 1917 жылы қарашада Оралда қалыптасты. Осында құрылған Орал қазақ әскерлерінің облыстық «Әскери үкіметі» ақ гвардия офицерлеріне, қазақтардың атаман-кулак элементтеріне сүйенді, оларға жергілікті әсерлер, меньшевиктер және алашордашылар белсенді түрде қолдау көрсетті.

  1. жылы жазға қарай кеңеске қарсы күштердің белсенді бола түсуіне байланысты өлкедегі саяси жағдай шиеленісіп кетті. Азамат соғысының етек алуына бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқынға түскен Австрия-Венгрия армиясының солдаттарынан құрылған Чехословак корпусы бүлігінің үлкен маңызы болды. Жақсы қаруланған 50 мың адамдық корпус 1918 жылы мамырдың аяғында Еділ бойы мен Сібірде —Транс сібір магистралінің ұзына бойында Кеңестерге қарсы шықты. Корпустың бір бөлігі ішкі контрреволюциялық күштермен бірлесе отырып, Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды. Чехословак корпусының бас көтеруі большевиктерге қарсы барлық күштерді қозғалысқа келтірді. 1918 жылы 11 маусымда Кеңес өкіметі Семей  қаласында құлатылды.

Ақ гвардияшылар коммунистерді, белсенді кеңес қызметкерлері мен оларды жақтаушыларды қатаң жазалады. Мәселен, К. Сүтішев, И. Дубынин, П. Калюжная, Г. Ыдырысов, К. Шұғаев, И. Салов және т.б. көптеген адамдар қаза тапты. Өскемен Кеңесінің басшысы Яков Ушановты кеменің оттығына тірідей жағып жіберді.

Жазында Орал, Ақмола, Семей және Торғай облысынын басым бөлігін ақ гвардияшылар толықтай дерлік басып алды. Семей облысы жағынан Жетісудың солтүстігіне қарай бұзып-жарып өтіп, 21 шілдеде Сергиопольді қолдарына қаратты. Оларды станицалардағы бүлікші қазақтар қолдады.

22 шілдеде Жетісу облысы атқару комитетінің қаулысымен Жетісу майданы әскерлерінің штабы құрылды. Алайда облыстың біріккен қарулы күштері ақ гвардияшыларға соққы бере алмады. Қызыл гвардия отряды командир И. Мамонтовтын қайтыс болуына байланысты Абакумов станицасына қарай шегінуге мәжбүр болды. Қоныс аударушы шаруалардың үлкен тобы Черкасск селосында қорғаныс шарасын ұйымдастырды. Бұл «Черкасск қорғанысы» деп аталды.

1918 жылы жазда Кеңес өкіметі Қазақстанда Жетісудың басым бөлігінде, Сырдария облысында, Торғай облысынын оңтүстік өңірлерінде және Бөкей Ордасының бірқатар аумағында ғана сақталып қалды.

Азамат соғысы жағдайында барлық материалдық ресурстарды, бірінші кезекте азық-түлікті майдан қажетіне жұмылдыру халықтың әр түрлі топтары арасында азық-түлікті тұтынудың жаңа әдісін енгізу қажеттігі туындады. Бұл күрделі міндетті шешу үшін Кеңес үкіметі Азамат соғысы басталысымен «әскери коммунизм» саясаты деп аталатын экономика саласында төтенше шаралардын тұтас жүйесін енгізді. «Әскери коммунизм» саясаты өндіріс пен бөлуді орталықтандырудың мемлекет қолына елдің қорғаныс мүдделеріне сай азық-түлік пен шикізат, өнеркәсіп өнімдерін т.б. ресурстарды шоғырландыру мен тиімді пайдалануды көздеді. Ірі кәсіпорындармен қатар орта, тіпті ұсақ кәсіпорындар да национализациялануы, астық монополиясы мен азық-түлік салғырты және жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілуі тиіс болды.

«Әскери коммунизм» саясатының негізгі мәні азық-түлікті жоспарлы түрде болу болып табылды. Кеңес өкіметі В.И. Лениннің айтуы бойынша «шаруалардың өңдірген өнімінің өздерінін күнкөрістеріне жететін шағын бөлігінен басқасының бәрін армия мен өнеркәсіптің мұқтажы үшін мәжбүрлеу жолымен» [1]. алуға тиіс болды. Азық-түлік салғырты шаруалардан «артық өнімді» тартып алу үшін қарулы азық-түлік отрядтары мен армияға артықша құқық берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет