Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары


«Әскери коммунизм» саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттері



бет23/107
Дата11.12.2021
өлшемі328,42 Kb.
#99094
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   107
Байланысты:
Тарих жауаптары

19. «Әскери коммунизм» саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттері.

«Әскери коммунизм» саясаты РКФСР-дағы нысанда, дәл сондай ауқымда жүргізілмегенмен, оның жекелеген элементтері Қазақстанда да іске асырылды. Қазақстанның революция орталығынан алыс жатқандығы, өлкенің едәуір аумағында жүріп жатқан әскери қимылдардан шаруашылықтың құлдырауы, жекелеген уездер мен облыстардағы шаруашылық-экономикалық дамудың өзіне тән ерекшелігі және басқа факторлар өлкеде азық-түлік салғыртын енгізуге мүмкіндік бермеді. Бұл саясатты толықтай жүзеге асыру негізгі астықты өңірлерді «ақтардан» азат еткеннен кейін, яғни 1920 жылдың басында ғана мүмкін болды.[2].

Бұл екі арада Азамат соғысы елде кеңінен қанат жая түсті. Қазақстанмен шектесетін аумақтарда бірқатар аймақтық кеңеске қарсы үкіметтер пайда болды.

Антанта елдері қолдаған чехословак корпусының көмегімен Самарада әсер-ақгвардияшылар үкіметі - Құрылтай жиналысы комитеті (Комуч), Омбыда адмирал Колчак баскарған Уақытша Сібір үкіметі құрылды. 1918 жылы 18 қаңтарда Орынбордан куылған атаман Дутов Кенестерге қарсы қайта шабуылға шықты, 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліп тастады.

Қазақстанның көптетен өңірлерінде Азамат соғысының етек жайып, Кеңес өкіметін құлату жағдайларында Алашорда (Алаш автономиясының үкіметі) Кеңестерге қарсы бірігіп күресу үшін Орынборда атаман Дутовпен одақ құрды. Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен және Самарадағы Құрылтай жиналысы комитетімен (Комуч) тығыз байланыс орнатты, Кеңестерге қарсы бірлесе күрес жүргізу мақсатымен Орал, Сібір және Жетісу қазақтарымен байланысын нығайта түсті.

Азамат соғысының барысы саяси шешімдерді қарулы күштердің қимылымен бекітіп отырмаса, олар сөз жүзінде қала беретіндігін көрсетті. II Бүкілқазақ съезінің шешіміне сәйкес Алаш басшылығы жалпы саяси мәселелер — Құрылтай жиналысы мен ұлттық автономия мәселесін жүзеге асырумен қатар, аймақтық үкіметтермен байланыс орнату үшін тездетіп ұлттық қарулы күштерді құруы тиіс болды.

1918 жылы маусымда Алашорда үкіметі жергілікті жерлерде нақты билікке қол жеткізу үшін біркатар декреттер қабылдады, соған сәйкес Алаш автономиясының аумағында Кеңес өкіметі шығарған барлық құжаттар мен заң актілері жарамсыз деп танылды.[3]. Алашорданың жанынан «большевиктермен күресу үшін жігіттерді әскерге шақыру» міндетін орындайтын «әскери министрліктің қызметін» атқаратын үш адамнан тұратын әскери кеңес құрылды.[4].

1918 жылғы 24 маусымдағы заң актісімен «Алаш аумағында 1917 жылы 17 маусымда Уақытша үкіметтің қаулысымен енгізіліп, оны Кеңес өкіметі жойып жіберген земстволық мекемелер қайта қалпына келтірілді».[5]. Сонымен бірге Алаш автономиясы барлық әдіс-амалдармен жаңа құрылған Ресей үкіметтерінен II Бүкілқазақ съезі шешімінің негізінде қазақ автономиясын мойындауларына бар күшін салды. Әр түрлі үкіметтермен (Құрылтай жиналысының комитеті, Сібір облыстық думасы, Уақытша Сібір үкіметі және т.б.), Ресейдің бірқатар саяси партияларының көсемдерімен келіссөздер жүргізе отырып, Ә. Бөкейханов бастаған Алашорда басшылары қандай жағдай болса да қазақ халқына ұлттық мемлекеттілік құру мүмкіндігін күн тәртібіне қойды.

Қазақ Ұлттық автономиясын құру туралы II Бүкілқазақ съезінің шешімін жүзеге асыруға кіріскен Ә. Н. Бөкейханов бірден кезек күттірмейтін бірқатар маңызды мәселелерді қарастырды. Қазақстанның батысында, солтүстігінде, шығысында саяси жағдай әр түрлі еді. Алаш қайраткерлерінің басқа саяси күштерге қатынасы да түрліше қалыптасты. Бөкейханов пен онын айналасындағылар бұл жағдайларды толықтай есепке алды. Семейде Кеңес өкіметі құласымен осында келген Ә.Н. Бөкейханов жаңа жағдайда қимыл жасау тактикасы туралы нұсқау берді. Облыстар мен уездердегі өз әріптестеріне тапсырыс берген нұсқауларының мәтіні Алаш көсемінің мәселеге әр қырынан келгендігін көрсетеді. Мәселен, Орынбордағы Торғай облыстық Алаш комитетінің басшысы Сейітқазым Қадырбаевқа жіберілген жеделхатта былай делінеді: «24 маусымда Алашорда өз жұмысына кірісті. II Бүкілқазақ съезінің шешімдерін жүзеге асыратын болады. Башқұрт және Сібір автономияларына туысқан автономиялар ретінде қараймыз. Большевиктерді тарату ісінде олармен одақтаспыз. Басқа облыстарда да тізе қоса отырып жұмыс істейміз. Торғайда Алашорданың облыстық бөлімін, уездерде уездік бөлімдерін ашуға кірісіңіздер. Олардың мүшелері земстволық мекемелерден құралсын. Уездік бөлімдер 3—5 адамнан тұрады, олардың біреуі қазақ милициясына қатысты істерді жүргізеді. Екіншісі ақша қаражатын жинаумен айналысады. Земство белгілі бір уақытка дейін сақталады. Земство ісіне Алашорда араласпайды.

Алашорда саясат және мәдениет саласындағы қазаққа қатысты істерді жүргізеді. Қазақ халқы үшін Алашордадан басқа өкімет жоқ. Әр болыстан халық милициясын құру үшін дереу 30 жігіттен жинаңыздар. Қару-жарақ, киім-кешекпен қамтамасыз ету, офицерлерді оқыту мәселелері бойынша Дутовпен сөйлесіңіздер. Ақмола мен Семей облыстарында жігіттер жиналып жатыр. Семейлік жігіттер Алтай губерниясындағы ұрыстан жеңіспен оралды... Дутовпен және Ахмед-Закимен (Валидимен) байланысыңыздар, Түркістанды большевиктерден азат ету үшін қолдан келген барлық мүмкіндікті пайдаланыңыздар. Бұл мәселеде Алашорда Дутовпен және Ахмед-Закимен бірдесе әрекет етеді.

Әлімхан (Ермеков. — авт.), Ахмет(Байтұрсынов. — авт.) және Мырзағазы (Есболов. — авт.) Омбыдағы Сібір үкіметімен келіссөз жүргізуде. Большевиктер құйыршықтарына ешқандай аяушылық болмасын! Алашорда төрағасы Әлихан (Бөкейханов)».[6].

Алаштың Орал облыстық комитетінің басшылығына Ә. Бөкейханов қосымша мынадай ұсыныс жасады:«... он жетінші, он сегізінші жылдардың салығын жинауға дереу кірісіңіздер, атты милицияға адам тартыңыздар, бірінші кезекте еріктілерді алыңыздар... милиция құрамын жасақтау жеделхатты алған күннен бастап үш апта ішінде аяқталуға тиіс».[7]. Омбы, Зайсан, Өскемен, Көкпекті, Қарқаралы, Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Атбасар, Баянауылдағы Алаш комитеттеріне келетін болсақ, олар мұнымен қоса қазақ халқынын өкілі міндетін мойнына алып, «Сібірлік уақытша үкіметтің жергілікті өкілдерімен» тығыз байланыста жұмыс істеуі керек.[8].



Алайда ұлттық автономия идеясы большевиктер тарапынан кеңестік тұғырнама мен таптық принцип тұрғысында ғана қолдау тапты. Басқа саяси күштердің бәрі бұл идеяның шешімін Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының еркімен байланыстырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет