Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары


«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы



бет90/107
Дата11.12.2021
өлшемі328,42 Kb.
#99094
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   107
Байланысты:
Тарих жауаптары

72.. «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың үстіміздегі жылы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы ұзақ мерзімді мақсаттар мен міндеттер белгілеген кешенді бағдарлама саналады. Бұл кездейсоқтық емес. Тек қалыптасқан, мықты мемлекет қана жоспарлаумен, ұзақ мерзімді дамудың және экономикалық өсу саясатымен айналыса алады. Осыған байланысты Елбасы білім беру саласын дамыту бойынша шараларды анықтады, сапалы білім беруді жинақтауды және кәсіптік машықтарды көбейтуді алға тартып, ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру бойынша міндет қойды. Бұл орайда белсенді, білімді және дені сау азаматтар болып қалыптасқан қазақстандықтардың әлеуетін ашу тұрғысында нақты жұмыстар жүргізу айрықша маңызды болмақ.


Осы мақсаттарға жету үшін білім берудің барлық сатыларын­да пәрменді де тегеурінді қыз­меттер атқаруымыз қажет. Елбасы айтқандай, 2020 жылға дейін 3-6 жастағы балаларды да білімге бейімдеу – мерейлі міндет болып саналады. Бұл орайда білікті жұмыстар атқарылды. Мәселен, Ақмола облысында «Балапан» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 89 пайызын мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Яғни, 2010 жылдан бастап мектеп жасына дейінгі балаларға арналған 14617 жаңа орын ашылды. «Балапан» бағдарламасының 2020 жылға дейінгі қадамдық жоспарына сәйкес, тағы да 17994 орындық 229 балалар бақшасы мен шағын орталықтарды іске қосу көзделуде.
Жолдауда қадап айтылған мәселенің бірі – білім ошақ­тарын­дағы жоғары білікті мамандар санын арттыру. Бүгін­гі таңда мектепке дейінгі меке­мелердегі жоғары білімді ұс­таз-тәрбиешілердің үлесі 10 па­йыз­ды құраса, 2020 жылға дейін оны 40 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Ал, орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне көтеру мақсаты қойылды. Қазір бұл бағыттағы қанатқақты жобалар зерделеніп, мектеп басшылары мен мұғалімдері арнайы дайындықтан өтуде.
Елбасы Жолдауында мектеп түлектері қазақ, орыс және ағыл­шын тілдерін білуі қажеттігі уақыттың өскелең талаптарымен байланыстырылды. Осы орайда, ағымдағы оқу жылынан бас­тап облыстағы барлық жалпы білім беру мектептерінде ағылшын тілі пәнін оқыту енгізілгенін айтқым келеді. Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап сабақ орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда қазақ тілі пәнінің сағаттары ұлғайтылды. Сондай-ақ, аралас тілді 13 мектепте білім беруді қазақ тіліне көшіру жоспарланып отыр. Ал, орыс тілінде оқытатын 23 мектепте қазақ сыныптарын ашу көзделген.
Оқушылардың өздігінен ойлау қабілетін дамытып, ақпаратты терең талдау тәсілдеріне жетелеу жолында маңызды жұмыстар атқарылуда. Бұл бағыттағы тәжірибелік жұмыстар облыстың 7 аймағында жүргізілуде, оған 22 мектептің 592 мұғалімі жұмылдырылған. Елбасы болжамдарын есепке ала отырып, аталған жұмыстар одан әрі дамытыла түсетіні айқын.
Түбегейлі жаңару Жол­дауында: «Таяудағы үш жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру керек» делінген. Былтырғы оқу жылында облыс аумағында 4 мектеп үш ауысымда жұмыс істеді. Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы облыс тұрғындары үшін қуанышты оқиғалармен бас­тау алды. Әсіресе, агломерациялық аймақтағы Целиноград ауданының Қоянды ауылында 900 орындық, Қараөткел ауылында 1200 орын­дық заманалық мектептердің пайдалануға берілуі жоғарыда атап көрсетілген проблеманы шешуге мүмкіндік жасады. Былтыр республикалық бюджеттен 844 миллион теңге қаржы бөлініп, осы аудандағы Тайтөбе ауылында 300 орындық мектептің құрылысы бас­талды. Биыл мектепте қоңырау үні сыңғырлайды деп күтілуде. Сонымен бірге, ағымдағы жылы Көкшетау қаласындағы №6 орта мектептің оқу кабинеттері мен сынып бөлмелерін тиімді пайдалану есебінен балалар екі ауысымдық оқытуға көшірілді. Осылайша, таяу жылдары облысымыздың мектептерінде нақты бәсекелестікті қалып­тастыратын ыңғайлы жағдайлар орнығатынына әбден сенуге болады.
Білім саласы қызметкерлерінің алдында таяудағы екі-үш жылда дуалдық, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру міндеті тұр. Облыстағы 43 техни­калық және кәсіптік білім беру мекемелері 117 біліктілік бойынша 72 кәсіп пен мамандыққа бау­лиды. Онда 24 мыңға жуық жас білім алуда.
Әлемдік тәжірибе көрсеткенін­дей, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде мамандар даярлау сапасы тікелей жұмыс берушілердің қатысуымен және кәсіпорындарда тәжірибе алмасумен тығыз байланысты. Бүгінде білім саласының әлеуметтік серіктестігі ретінде 251 кәсіпорын жұмыс істейді. Алдыңғы қатарлы кәсіпорындармен 75 меморандумға қол қойылса, оқушылардың кәсіптік тәжірибесін ұйымдастыру үшін 951 үш жақты келісім қолданысқа енгізілген. Облыстық білім басқармасының шешімімен, кешенді білім берудің оқу бағдарламаларын қамтамасыз ету мақсатында Степногор қаласындағы №2 индустриялық-техникалық колледжі дуалдық жүйемен оқытудың тәжірибелік алаңы болып бекітілді. Оның серіктестігі осы қаладағы Еуро­қауым­дастық шеңберінде жұмыс істейтін подщипник зауыты болып табылады.
Жалпы, осындай жоспарлы жұмысымыз 10 колледжді дуалдық жүйені пайдалануға көшіруге мүмкіндік беріп отыр. Алдағы уақытта олардың саны 28-ге жететін болады.
«Мәңгілік Ел» байрағын көтер­ген Елбасымыз тарихи Қазақстан-2050 Стратегиясының ең алдымен жастарға арналғанын атап көрсетіп, мынадай тол­ғанысты өсиетін алға тартты: «Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқай­сы­ңыз атсалысыңыздар. Нем­құрай­дылық таныт­паңыздар!». Бұл сөздер ұстаздар жүрегін де жалынға толтырып, іргелі істерге жігер­лендіретіні сөзсіз. Өйткені, біз Мәңгілік болашағымыздың жар­қындығына сенеміз.

Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.

Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.

Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.

Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!

Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.

Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.

Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.

Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

«Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым!

Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын!

Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын!

Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет