Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары


Қазақстан Президенті Нұрсултан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы - қазақстандықтар үшін қуатты іс-әрекет көзі



бет91/107
Дата11.12.2021
өлшемі328,42 Kb.
#99094
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   107
Байланысты:
Тарих жауаптары

73.Қазақстан Президенті Нұрсултан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы - қазақстандықтар үшін қуатты іс-әрекет көзі.

Қазақстан Президентінің ресми сайты Мемлекет басшысының "Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол" атты мақаласын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мақалада Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың 1 қаңтарынан "5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам" - Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңінің басталғанын еске салады. "Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз - ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады", - деп жазды Президент.
Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 25-ші жылдығына жаңа қазақстандық арманмен аяқ басқанымызды, оның басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан "2050" Стратегиясымен бара-бар екенін және өзіміздің жаңа арманымызға қарай жақындауды Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын жасаудан бастағанымызды жазды.
Назарбаевтың ойынша, реформалар Қазақстан экономикасы жаһандық экономикалық қиындықтардың күшті ықпалын сезініп отырған қазіргі кезеңде ерекше маңызды. Біз оларды экономикалық өсімнің сенімді қарқынын қалпына келтіру мен бүкіл халыққа берік әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің дағдарысқа қарсы кең ауқымды шараларының басты құрамдасы ретінде қарастырамыз.
Біздің бірінші реформамыз "Мемлекеттік қызмет туралы" жаңа Заң негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Екінші реформаның мәні тәуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталуы тиістігінде.
Назарбаевтың айтуынша, ауқымды жұмыс үшінші реформаторлық бағытқа - индустрияландыру мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша жаңғыртулар кешенімен байланысты.
Сонымен қатар, бизнесті қорғау мен кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсетудің орталық тетігі болуы тиіс бизнес-омбудсмен институты нығайып келеді.
Президенттің мақаласында, Ұлт жоспарының экономикалық блогына кіретін шаралар біздің экономикамыздың өңдеуші секторына кем дегенде 10 трансұлттық корпорацияны тартуды қарастыратыны айтылған. Ұлт жоспарының үшінші бағытының темірқазық мәселесі тәуелсіз сот жүйесі, ағылшын тілін қолдану және инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу құқығымен жеке заң құзыреті қағидаты бойынша АСТАНА халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру болып табылады.
Ұлт жоспарында экономиканың бірқатар перспективалы секторларын дамыту бойынша шаралар қарастырылған. Бірінші кезекте ол электр энергиясы секторына және энергиялық тиімділіктің өсуіне қатысты. Бізге 2020 жылға қарай ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығын 25 пайызға және ғасырдың ортасына қарай 50 пайызға төмендетуге қол жеткізу керек.
Назарбаев сонымен қатар, әлеуметтік жаңғыртуды ынталандырушылар, реформалар табысы, қоғамға есеп беретін ашық мемлекет, мемлекет функцияларын бәсекелесті ортаға және жергілікті өзін-өзі басқаруға беру және Ұлт жоспары жөнінде жазды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет