Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік


ЖЭС-тің сипаты және қиыншылықтары. ЖЭС-қа көшудің әлеуметтік- экономикалық және саяси болжамдары



бет18/71
Дата07.06.2022
өлшемі228,74 Kb.
#146148
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   71
Байланысты:
2 5357346311572035582-1

34. ЖЭС-тің сипаты және қиыншылықтары. ЖЭС-қа көшудің әлеуметтік- экономикалық және саяси болжамдары


Азамат соғысы аяқталып, Кеңес өкіметі бұрынғы Ресей империясының барлық аумағында орнады. Алайда елдегі жағдай бұрынғыдан бетер апатты сипат алды. Одан әрі жалғастырылған әскери коммунизм саясаты халықтың арасында наразылық тудырды. Партияның өз ішінде жікке бөліну көрініс бере бастады. Әскери коммунизм саясаты экономиканың толық күйреу кезеңінде жургізіліп, ең соңында өндірістің кері кетуіне әкеп соқты. 1920 жылдың бас кезінде кең көлемді жоспарлау мен басқару женіндегі мәселелерді шешу үшін кұрылған Орталық жоспарлау комитеті мен Бүкілодақтық Халық шаруашылығы кеңесі сиякты құрылымдар өз міндеттерін аткаруға кабілетсіз болып шықты. Национализацияланған кәсіпорындар мемлекеттік бақылауға көнгісі келмей, өздерінің азың-аулақ енімдерін қара базар арқылы өткізуге тырысты. Мемлекет шаруаларға айырбас үшін ете жұтаң өнеркөсіп тауарларын ғана ұсына алды. Тауарлардың өте тапшылығы, олардың қымбаттығы шаруаны өз өнімдерін сатуға шығаруға ынталандырмады, артық өнімдер дереу тартып алынды. Нәтижесінде сатуға арналған өнімдердің көлемі елеулі түрде кыскарды.
Ірі жер иеліктерінің ұсақталуы, теңгермешілік, коммуникациялардың бұзылуы, қала мен деревня арасындағы экономикалық байланыстардың үзілуі, азық-түлік салғырты шаруалардың томаға-тұйыкталып, натуралдық шаруашылыққа қайта оралуына әкеп соқты. Оның үстіне азық-түлік салғырты саясатын-ауыл шаруашылық өндірісінің артық өнімдерін армия мен қалалардағы жұмысшылардың мұқтаждықтары үшін тартып алуды одан әрі жалғастыру шаруалар үшін көтере алмас ауыр салмақ еді. Бұл большевиктер өкіметіне қарсы шаруалар бүлігіне әкеп соққан деревнядағы наразылықтың басты себебі болды. Большевиктерге қарсы шаруалардың көтерілістері барлық жерлерде бұрқ ете түсті.
Азамат соғысы аяқталғаннан кейінгі Кеңес елінің жағдайын В.И.Ленин куйзеліс, жоқшылық, қайыршылану деп сипаттады. Империалистік және Азамат соғысы, әскери коммунизм шаралары бүкіл елдің экономикасын, соның ішінде Қазакстанның шаруашылығын да ауыр күйзеліске ұшыратты. Мәселен, 1920 жылдың аяғында Қазақстанда 4,7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары- 50,3, орыстар- 31,1, украиндары- 14,4 пайыз. Халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Егіншілікке жерді біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі, мал шаруашылығында көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық басым болатын. Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп, астықтың жалпы көлемі мен түсімі үш есеге жуық азайды. Егер егістік көлемі 1914 ж. 3,6 млн. десятина болса, 1922 ж. 1,6 млн. десятинаға қысқарды. Мал шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2,1 млн-ға, жылқы- 2 млн-ға, қой- ешкі 6,5 млн-дай, түйе- 0,3 млн-ға азайды. Жалпы алағанда осы жылдары барлық мал түрі 10,8 млн. басқа кеміді.
Қазақстанның өнекәсібі де құлдырап кетті. Азамат соғысы жылдарында ірі кәсіпорындар түгелдей дерлік қирап бүлінді, істен шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет