7.Қазақтардың РесейдіңІ – ІІМемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы.
Ресей Мемлекеттік Думасының құрылуы қазақ зиялыларының да саяси өсуіне ерекше ықпал етті. 1905 жылдың тамызында ІІ Николай патша заң шығарушы өкілетті орган ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифестке қол қойғанымен, манифест бойынша, қазақ халқының сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болатын. Ресей парламентінің шақырылатындығынан көзі қарақты қазақ өкілдері де құлағдар болып әрі депутаттыққа қазақтардың сайлануға құқы жоқ дегені олардың наразылығы мен ашу-ызасын тудырды.Осы сәтте Әлихан Бөкейханов бастаған зиялылар саяси өмірге белсене кіріседі. Орта Азия мен Қазақстан аймағын қамтып өткен қуатты толқу патша үкіметінің халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті.
Ұлттық мәселеге қатысты жайттарды өткір талап ете білудің нәтижесінде І Мемлекеттік Думаға қазақтардан өкілдер сайланған. І Мемлекеттік Думаға депутат болып Әлихан Бөкейхановтан басқа қазақ халқының тағы да бес өкілі сайланған. депутат болып Әлихан Бөкейхановтан басқа қазақ халқының тағы да бес өкілі сайланған. Олар: 1. Сәлімгерей Сейтханұлы Жантөрин – Уфа губерниясынан сайланған; 2. Алпысбай Қалменұлы Қалменов – Хан ордасының қазақтарынан сайланған; 3. Дәуіт Санжынұлы Ноян – Тұндұтов – Астрахан мен Ставрополь көшпелі тайпаларының атынан сайланған; 4. Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов – Торғай облысын мекендеген қазақтардың өкілі;5. Шаймерден Қосшығұлов – Ақмола облысы қазақтарының өкілі.
1907 жылғы ІІ Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан 14 депутат, олардың 6-ы қазақ ұлтының өкілдері болды. Олар: Шәймерден Қосшығұлұлы – Ақмола облысынан; Ахмет Бірімжанов – Торғай облысынан; Темірғали Нүрекенов – Семей облысынан; Тілеулі Алдабергенұлы – Сырдария облысынан; Мұхамеджан Тынышбаев – Жетісу облысынан; Бақытжан Қаратаев – Орал облысынан; Бақтыгерей Құлманов – Астрахан губерниясынан.
8. А.Ә.Бөкейханның қазақ тарихы туралы көзқарастары Ə.Н. Бөкейхановтың қазақстан тарихын зерттеуге қосқан үлесі
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жан-жақты білімді қазақ интеллигенциясының жарқын, беделді өкілдерінің бірі — Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов. Ол қазақ халқының тұрмыс- тіршілігін, мəдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын, жалпы алғанда əлеуметтік- экономикалық жағдайын жан-жақты зерттеген энциклопедист-ғалым, зерттеуші. Əлихан Нұрмұхамедұлының еңбектерінен қазақ халқының экономикасына, тарихына, мəдениетіне, шаруашылығына қатысты түрлі деректерді, сандық мəліметтерді, кестелерді жəне тағы басқа көптеген материалдарды кездестіруге болады.
Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен бірге оның жазып қалдырған бай ғылыми мұрасын зерттеу Отан тарихындағы өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Себебі Ə.Н.Бөкейханов Қазақстан тарихын, мəдениетін, тұрмысын, шаруашылығын, табиғи байлықтарын іргелі түрде зерттеп, негіз салған ғалымдардың бірі болып табылады. Бұған оның ғылыми мұралары дəлел бола алады. Өкінішке орай, қазіргі кезде Əлихан Нұрмұхамедұлы сынды ғұлама ғалымның еңбектерін талдап, тарихи дерек ретіндегі маңызын ашып көрсететін жəне оның қазақ халқының тарихы үшін мəнін көрсететін зерттеулер жоқтың қасы. Қазіргі кездегі жарияланып жүрген зерттеулердің көпшілігі Ə.Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты зерттеулер. Осыған байланысты осы мақаланы жазудағы мақсат Ə.Бөкейхановтың қазақ тарихына қатысты еңбектеріне тоқтала отырып, оның маңызын жəне ғалымның тарихшы ретінде қазақ тарихын зерттеуге қосқан үлесін көрсету болып табылады. Ғалымның іргелі еңбектерінің көпшілігі орыс тілінде жарық көруіне байланысты еңбектерінен үзінділерді аудармасыз түпнұсқалық орыс тілінде беруді жөн көрдік.
Əлихан Бөкейханов əр түрлі экспедициялар, ғылыми топтар ішінде жүріп, түрлі бақылауды, сұрауды, есептеуді саралау негізінде көптеген қайнарлар материалдарына сүйеніп алынған тарихи, экономикалық, статистикалық, шаруашылық деректерін қорыту барысында орыс тілінде жазылып, патша өкіметінің басылымдарында шыққан еңбектерінде қазақтың атамекені, меншікті жерлері, олардың бірте-бірте отарланып, түрлі айла-тəсілдермен мұжықтарға, көпестерге, шенеуніктерге тартып əперілуін дəлелдермен көрсетіп берген болатын