Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік


С.Асфендияровтың тарихи еңбектері және оның маңызы



бет7/71
Дата07.06.2022
өлшемі228,74 Kb.
#146148
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   71
Байланысты:
2 5357346311572035582-1

13. С.Асфендияровтың тарихи еңбектері және оның маңызы


Қазақ ғылымының қалыптасуы мен дамытуына елеулі үлесін қосқан, ғұлама ғалым — Санжар Асфендияровтың 130 жасқа толуына арналады. Қазақстанның тарих ғылымының қалыптасу үдерісін қарастырғанда, Шоқан Уәлиханов, Әлкей Марғұлан, Ермұқан Бекмаханов сынды ғалымдармен қатар, Санжар Асфендияровтың елеулі еңбегін айта аламыз. Әсіресе Санжар Асфендияровтың Кеңестік Қазақстан кезеңіндегі алғашқы марксист-тарихшы ретіндегі орны зерделеуден өтуі тиіс.
Санжар Асфендияров 1889 жылы Ташкентте өмірге келді. Оның саяси қызметке араласуы Кеңес үкіметінің орнауымен тұспа-тұс болғандықтан, Санжар Асфендияров кеңестік жүйеде әртүрлі саяси қызметтер атқарды [1, 61 бет.]. Сондықтан да қайраткердің ғылыми мұрасы сол кезеңнің идеологиясы шеңберінде жазылған. Алайда бұл мақалада тұлғаның ғылыми тұжырымдары мен көзқарастарына қазіргі кезең тұрғысынан баға беру емес. Бұл шағын ғылыми жұмыстың мақсаты: Санжар Асфендиаровтың Қазақстанның тарих ғылымындағы еңбектеріне тарихи шолу жасау.
С. Асфендиаровтың тарихи еңбектерінде негізінен кеңестік идеологияның нышандары айқын көрініс береді. Сондықтан ғылыми зерттеулерінде субъективті факторлар мен партиялық принциптер қазақ тарихының объективті жазылуына кедергі болды.
30-жылдарда тарих ғылымының алдында Сталин қазан революциясының заңды, объективті әлемдік құбылыс екенін дәлелдеу мақсатын қойды. Қазақ тарихын маркстік-лениндік тұрғымен жазу міндеті С. Асфендиаровқа жүктелді. Неліктен осындай мақсат қойылды? . Өйткені маркстік-материалистік тарихи концепция «қоғамдық экономикалық формациялар тізбегі» ретінде «жалпы адамзаттық біртұтас тарих» теориясын енгізіп, бүкіл әлемде социалистік (коммунистік) қоғамның әлеуметтік революция арқылы жеңіске жететіндігін жариялады. Қазақстан да осы жолдан өтуі тиіс болды
С. Асфендиаров ғалымдардың назарын тарих ғылымының өзекті мәселелерін, мәдениет ескерткіштерін, өлкені мекен еткен халықтардың бай әдеби мұрасын зерттеп тануға аударуға ұмтылды. С. Асфендиаров сынды ғалым-қайраткерлердің аянбай еңбек етуінің арқасында Қазақстандық база уақыт өте келе нағыз ғылыми-ұйымдастырушылық орталыққа айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет