Тәуелсіз Қазақстанның өтпелі кезеңіндегі қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі
84. Тәуелсіз Қазақстанның өтпелі кезеңіндегі қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі.
Тәуелсіз Қазақстанның өтпелі кезеңіндегі қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі туралы баяндаңыз.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өнеркәсәп салалары ауыр индустрия , жеңіл өнеркәсіп біртіндеп тоқтай бастады . Материялдық ресурстардың жоқтығынан кәсіпорындар қаржының жетіспеушілігінен дағдарысөа ұшырады. Халықтың тұтынатын тауары күрт азайып,мұнай мен көмір өндіру қысқырды.металлургия өнеркәсібінде шойын,болат құю азайды. Құрылыс және ауыл шаруашылығы техникасын шығару кеміді.Өндірістің құлдырауының себебі, одақ бойынша бұрынғы қалыптасқан шаруашылық қатынастың үзілуіне және дайын тауар өндіретін,машина жасау салаларының жоқтығында.Бұл қиыншылықтар мен кемішіліктерді жою үшін 1999жылдан бастап қаз. Үкіметі елдің өнеркәсібін жақсартуда шаралар жүргізді. Жеңәл онеркәсіпті дамыту бағдарламасы жасалып, хими өнеркәсібі мен машина жасау саласын дамыту бағдарламасы жасалды.Өтпелі кезеңде 90жылдары ауыл шаруашылығында дағдарыс болды.себебі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары өнімдердің арасындағы үлкен алшақтық еді.Және колхоз бен кеншарларда тез арада жекешелендіру науқанының зардабы тиді.Егіншілік өнімдірі азайып, егін егетін жер көлемі қысқарды, осыған байланысты мал басы да азайып кетті. Осыған байланысты халықтың арасында жумыссыздық қаупі туындады. Халықтығ тұрмыстық жағдайының нашарлауына алып келді. Әлеуметтік салада тұрмыс деңгейінің нашарлауы,әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы,күнделікті тіршіліктің бұрмалануы, ұлтаралық қатынастардық шиеленісуі, маскүнемдік пен нашақорлық, ұрлық,парақорлық жағдайлары экономикаға кері әсерін тигізді.
85.Қазақстан Республикасында жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең - 1991-1992 жылдар, екінші кезең - 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең - 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды.
Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болу керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай тұрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмаған-ды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапкерсіздік қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, экономиканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның ой-қырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дұрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.