110. Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, азаматтық қоғам институттарының дамуы. Үкіметтік емес ұйымдар - қазіргі уақытта елімізде барлық әлеуметтік маңызды салалардың жұмысын жүзеге асыратын 5000-ға тарта үкіметтік емес ұйым қызмет етеді. 2002 жылы Үкімет қаулысымен үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың Тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың мақсаты мен басымдықтарын және оларды жүзеге асырудың тетіктері мен деңгейін айқындады. 2003 жылы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның мақсаты - Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуына жағдай туғызу және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен өзара іс-қимыл негізінде олардың қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі рөлін арттыру болып табылады. Тиісті өңірлік бағдарламалар бекітілген. Бүгінгі таңда облыстар және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің жанында билік пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын орнықтыратын кеңестер, ал орталық атқару органдарында салалық үкіметтік емес ұйымдар қатысуларымен консультативтік-кеңестік органдар құрылып, қызмет етуде. 2003 жылғы 14-15 қазанда Мемлекет басшысының қатысуымен тұңғыш рет Азаматтық форум - үкіметтік емес ұйымдар республикалық съезді өтті. Форумның ұйымдастырылуы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарның қоғамдық өзекті проблемаларды шешуде әріптестік негізіндегі өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдірудің бірлескен қадамдарын әзірлеуге мүмкіндік туғызды. 2005 жылғы 1 сәуірде Қазақстан РеспубликасыПрезидентіН. Назарбаевтың отандық үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуі өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдар конфедерациясының ЫЫ Азаматтық форум өткізу туралы бастамасын қолдады. 2005 жылы сәуірде республикалық бюджет есебінен әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуде үкіметтік емес ұйымдардың қатысуының құқықтық негізін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы" Заңы қабылданды, ЫЫ Азаматтық форумга дайындық шеңберінде Үкімет ЫЫ Азаматтық форумга дайындық жүргізу және өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетін қүрды. Сонымен қатар, қүрамына ірі үкіметтік емес ұйымдар мен облыстық қауымдастықтар басшылары енген Форумга дайындық жүргізу жөніндегі қоғамдық ұйымдастыру комитеті құрылды.