107. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық модель» даму жолының құндылықтары мен ерекшеліктері туралы ойлалары. Ерекше көңіл аударатын деректанулық талдау талаптарының бірі, ол “Ғасырлар тоғысының” тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде пайда болуының тарихи жағдайы. Жоғарыда автордың өзі айтқандай, еңбек Қазақстанның жаңа Конституция бойынша өмір сүре бастаған алғашқы айларында дайындалған. Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі Қазақстан Республикасының толығымен Президенттік билік фрмасына көшуі еді. Ал Президент 1990 жылдың сәуірінен осы міндетті атқарып келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі. Демек, еңбек бұрыннан билік басында болған, бірақ ендігі жерде, Ата заңымызға сәйкес, тұтас бір республика тағдыры үшін бар жауапкершілікті толығымен өз мойнына алған адамның ел басқару ісіндегі жаңа кезеңінің басында жазылған. Бұл фактордың кітаптың мазмұнына, яғни деректік ерекшелігіне әсер етпей қоймайтындығы түсінікті. Автордың: “Өз басымыз – кейбір үзілді-кесілді кесіп-пішіп сөйлеуге құмар “бір күндік қана” саясатшылардай емес, әр алуан билік ортасында көптен араласып келе жатқан адамбыз. Сол себепті де кісілерге баға бергенде мәмлегерлік әдеп ауқымынан аттай алмасақ, неге олай болатынын оқырман айтпай-ақ түсінеді ғой деп ойлаймыз”-деп жазуы соның дәлелі [126, 3 б.].
1998 жылы Н. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” деген атпен Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Өзінің ұзақ жылдарға арналған стратегиялық ұсыныспен Қазақстан халқының алдына шығу себебін Н. Назарбаев: “Мен сіздермен келер ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, алыс перспективаға ендеп бойлайтын болашақ жайлы өзімнің ой-толғаныстарыммен бөліскім келеді. Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті”-деп түсіндірді [127, 5 б.]. Ал, оның қалай пайда болғандығы туралы: “Осы жолдау менің Қазақстан халқына ішкі және сыртқы саясатымыздың негізгі бағыттары туралы жыл сайын Жолдау арнап сөз сөйлеу жөніндегі Конституциялық міндеттерімнің шеңберінде әзірленген болтын”-деп жазды [127, 11 б.]. Демек, біріншіден, еңбек Елбысының ел болашағының қандай болатындығы туралы өз ойын, уақыт талабынан шыға отырып, халықпен бөлісу арқылы айқындап алу қажеттігінен туындаса, екіншіден, Президенттің атқаруға тиісті Коститутциялық міндетін орындау барысында пайда болған. Сондықтан еңбек біржағынан, ел басқарып отырған тұлғаның ел болашағының алыс перспективсы туралы ой-толғаныстарының жемісі болса, екінші жағынан Президенттің өз құқықтарына сай ұсынған мемлекеттің дамуының 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының бағытын айқындаған бағдарлама, яғни ресми құжат болып табылады.